«Супермаркетке саяхат»
Жас ерекшелігі: ересектер
Өткізген: Карибаева К.С.
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық», «Таным»
Бағдарлама тарауы: «Қазақ тілі», «Сурет», «ҚМҚК»
Мақсаты: Балалардың бар лексикасық материалын бекітіп, толықтыру; 1 – 10 дейін санау дағдыларын бекіту; балалардың байланыстырып сөйлеуін, есте сақтау, ойлау, көру дағдыларын дамыту; берген тапсырманы орындай алуы және шығармашылық қабілеттерін дамыту; ұжымда істеу қызығушылықтарын ояту; қазақ тілін білуге қызығушылықтарын таныту.
Құрал – жабдық:
- Дүкендердің аттары: «Жемістер», «Көкөністер», «Азық – түлік», «Ойыншықтар»
- Шәйнек, кесе, қасық, бауырсақ, шелпек, кәмпит, шәй.
- 2 себет, фломастерлер, кесенің трафареті.
- Кашелек ақшасымен.
Балалармен амандасады.
-Біз қонақтармен де амандасайық.
Сәлемдесу шеңберіне тұрады.
(Балалар мұғаліммен және қонақтармен амандасады.
Балалар шеңберге тұрады)
Барлық елдің бөбегі,
Бір – бірімен туысқан
Бәрімізге төгеді,
Өз шуағын күміс таң
Сәлем алтын күн
Сәлем жер ана
Сәлем көк аспан
Сәлем достарым
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінің қай айы?
-Аптаның қай күні?
Бүгін жұма екен ғой, қазақтардың қасиетті күні, мен әдеттей жұма күні дүкенге барамын.
Мына 2себетті аламын және мына ақша толған кошелекті аламын да, керекті нәрсенің бәрін дүкенен барып сатып аламын. Ой сендер оның тізімін әлі көрген жоқсыңдар. Оның тізімі міне кәне кім оқиды?
Антон оқып берсін деп сұрайық (Антон алатын заттардың тізімін оқиды)
Мен сендерге менімен бірге супермаркетке барып маған керек заттарды сатып алуға ұсынамын.
-Сендер маған көмектесесіңдер ме?
-Ал супермаркетке сатушылар керек. Мен санамақ арқылы 4 сатушыны таңдаймын. (Балалардың жауаптары)
Санамақ.
Бота , түйе,
Құлын , бие,
Торай , шошқа,
Қозы , қошқар,
Бұзау , бұлан,
Көжек, қоян,
Бақа, шаян,
Торғай, шымшық….
Сен қал!
Сен шық!
Сатушылар өз орындарына тұрады.
«Көкөністер» бөлімінен бастайық.
-Сәлеметсіңдер ме!
Сатушы: – Не сатып алғыларын келеді?
Сатушы: (береді)
– Сіздерден 10 теңге
Сау болыңыздар, тағы келіп тұрыңыздар!
Келесі бізде «Жемістер» бөлмесі соған кірейік.
-Жемістер бөлімінен не сатып аламыз?
-Сәлеметсіңдер ме!
Сатушы: – Не сатып алғыларын келеді? (Алма,алмұрт, жүзім, өрік)
(Балалар сатып алатын жемістерді атап себетке салады)
Сатушы: (береді)
– Сіздерден 8 теңге. Ал бір бала ақшаны санап береді. Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз.
Сау болыңыздар, тағы келіп тұрыңыздар! (Сатушымен қоштасады)
Мұғалім: – бізде ақша бітіп қалды не істейміз?
Балалар қарандаршы, бұл супермаркетте Акция жүріп жатыр екен.
-Қатысуларын келеме? (-Иә!)
-Қатысып көрейік мүмкін ақша ұтып аламыз, бізге әлі азық – түліктер мен ойыншықтар алу керек.
Мұғалім Акцияның шартымен таныстырады.
-Кесені қазақтын оюларымен әшекелейміз. Ал кесені қазақ оюларымен жақсы әшекеленсе 1 кесеге – 1 теңге береді.
(Балалар отырып кесеге қазақтын оюларын салады)
Мұғалім балаларға алғысын білдіреді.
-Енді бізге азық – түлік пен ойыншықтар алуға ақша жетеді.
Келесі «Азық – түлік» бөлмесі соған кірейік.
-Қандай азық – түлік сатып аламыз?
-Сәлеметсіңдер ме!
Сатушы: – Не сатып алғыларын келеді? (Бізге 2 қызанақ, бір пияз, бір қияр, 2 сәбіз беріңізші?)
-Көкөністерге неше теңге төлейміз?
Сатушы: (береді) Бір бала көкөністерді себетке салады.
– Сіздерден 9 теңге. Келесі бір бала ақша төлейді.
Сатушы: -Сендер ештене ұмытқан жоқсыңдар ма
-Бізге 2 нан, 1сүт, 1шәй, 1 айран және қант беріңізші.
(Бір бала тағамдарды қазақ тілінде атап себетке салады. Келесі бір бала ақша төлейді.)
– Сіздерден 8 теңге.
Сатушымен қоштасады. -Сау болыңыздар!
Балалар енді «Ойыншық» бөлімі қалды. Одан не сатып аламыз?
-Сәлеметсіңдер ме!
-Сәлеметсіз бе! Сатушы.
Сатушы: – Не сатып алғыларын келеді?
Сатушы: (береді) Балалар сатып алатын ойыншықтардың тізімін айтады.
-Сәлеметсіз бе.
Балалар:-Бізге 2 сылдырмақ біреуі сары,ал тағы біреуі жасыл, 2-доп 1-үлкен, 1-кішкентай және қоян, піл, тиін, қасқыр, түлкі беріңізші.
Бір бала ойыншықтарды атап себетке салады. Келесі бір бала ақша төлейді.
Сатушымен қоштасады
-Сендер шәршәп қалдындар ғой, кәне кафеге кірейік.
-Балалар кафе қазақ тіліне аударғанда қалай аталады ?
– Жарайсындар, балалар!
Официант: – Сәлеметсіздер ме, балалар! Біздің «көбелек» кафесіне қош келдіңіздер.
-Неге тапсырыс бересіздер!
Балалар шәй, қантымен және сүтпен, бауырсақ, кәмпит, шелпек, ши бауырсақ.
-Балалар бүгін сендер қайда бардыңдар? -Супермаркетке.
-Онда сендер не істедіңдер? (Балалардың жауаптары)
-Қандай акцияға сендер қатыстыңдар?
Ондай акция не үшін өткізіледі?
Балалардың жауаптары.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Лексика тақырыптарға байланысты «Азық – түлік», «Көкөністер», «Жемістер», «Ойыншықтар»
Болу керек: сөздердің мағынасын түсініп және қазақ тілінде атау.
Істей білу керек: қазақ тіліндегі төл дыбыстардың (ә,ө,і, қ, ү) дұрыс айтылуы; қазақ тілінде таныс сөздерді айтылуына қарай ажырату; өзбетімен орыс тіліндегі сөздерді қазақ тіліне аудару; сыпайы сөздерді өз сөйлеген кезде қазақ тілінде қолдану.