Махамбет өлген мұңды күн
Ауыр да, сүргін өмір тәлкегінде,
Жүрген еді азаттықты аламын деп.
Белгісіз дүмпуменен жабылып кеп,
Сыр шертеді, мұңын айтып ел елегінде.
Қуғынға сүрініп, шалдықса да,
Қиялға батып, мұңайса да,
Көтеріліске, құласа да, берілмейтін,
Батыры еліміздің, қиналса да!
Сарбазы елімнің, батыры жерімнің асқақтаған,
Баймағанбет сұлтанға дес бермей, кеуде қаққан.
Жасырына отырған, Қараой беткейінде
Желкеден үзді кеп, өлтірді-ау ойда-текте.
Ұрды-ау, тас төбеден қылышпенен,
Сұлтанның жіберген жендеттері.
Қалды-ау, құр денесі қаңсырап елең,
Ағаштың түбінде Махамбет киімдері.
Жылап-еңіреп бала-шаға тұңшығады,
Қала берді әйелдері құшаққа алып,
Тағдыр жазған өмірінен үн шығады,
Тым ауыр тиді емес пе, уайым салып.
Ел ауызына тарады қанды өлім,
Жанымыз түршігеді, көз жасын ағызған көлім.
Ұшады құстар, қанатын жая сезбестен,
Шыр ете қақпанға түскенін білместен.
Біз бір халықпыз, қазақ елі,
Алдық тәуелсіз ел туын берік,
Махамбеттей қайсарлық берсін дерлік,
Ұрпақтары көтерген көк туын, ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІ!