Балабақшадағы бүлдіршіндерді саусақ жаттығуларына баулу.
Балабақшадағы бүлдіршіндерді саусақ жаттығуларына баулу.
Кияшбаева Айгуль Амантаевна
Туберкулез ауруына қарсы санаторлық түрдегі «Нұр» балабақшасы
Балабақшадағы оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып,үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күн-делікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезендегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсінік-терін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің міндеті:
-балалардың сөздік қорларын дамыту; -жаңа сөздерді меңгерту; -үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын-баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, тандап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі,өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері олар өсіп-есейгенде де жалғаса береді.Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға,тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыталады. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық-саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды, ағаштарды, т.б. көптеген бейнелерді бейнелей алады.Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды. Сөйлеу тілі мушелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жеткіізу, тузету тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен,тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыр: тиегін өзі салып,өзі ағыту,бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.
Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан.Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.Педагогтар мен балалар психологының мақсаты ата-аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе, мойымауды үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпау керек. Әр балабақшадағы жасалатын қарапайым саусақ жаттығулары.
Мысық пен тышқан. Тышқан қашты мысықтан Еденде саусақтармен қашады Қатты-қатты жүгірді. Жылдам жүгіреді Орын тапты қуыстан, Екі қолының саусақтарын айқастыра жұдырықтайды Заресін мысық ұшырды. Қарады мысық тесіктен, Коздерімен жан-жаққа қарайды Тышқанға бері шық-шық-деді. Қабағын түйеді Еденді ұрды «Тук-тук» деп, Айқасқан жұдырығымен еденді ұрады Тырналады,кетпеді. Еденді тырналайды Былай-былай тартады. Айқасқан жұдырығын екі жаққа тартады. Бұза алмады қамалды. Амалы құрып мысықтың, Үйіне қарай қайтады. Қуанып тышқан есікті, Айқасқан жұдырығына қарап түртеді Жәй ғана кеп түртеді. «Алақай,есік ашылды» -деп, Қолдарын айқара ашады Ініне қашып үлгерді. Еденде қайта жүреді.
Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемділігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.Кәзіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен түсіндіруге болады. Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушылық байқалады екен.Ойлап көріңізші, тіпті қазіргі балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау баулауды үйрету ата-анаға да, тәрбиешіге де қиындық туғызатын болса керек. Осыдан бірнеше жыл бұрын ата-аналарға, олармен қоса олардың балаларына көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу,тоқу,тігу, т.б. Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина. Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманға барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осындай келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуына ақау болса,онда бұл ұсақ моториканың мәселесі. Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бүл қолын басқаруы қалыпты деген сөземес. Егер 4-5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу-орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің баланыз кінәлі емес. Өкінішке орай көп ата-ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды.
Бұл балаға ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйрену керек. Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалысы дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең болса түспек. Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын-жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаныз дұрыс. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді.Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың: «Ел болам десең, бесігінді түзе» деген сөзі бар. Ол еліңнің ертеңі-жас ұрпақты жақсылап өсір, тәрбиеле дегенді білдірсе, ал, елдің келешегі-ұстаз қолында.