Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік және рухани құндылықтар
Джаулбаева.Ә.А. М.Тынышпаев атындағы ҚазАКК Акмола колледжі
Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік және рухани құндылықтар.
Мақсаты:
-Абайдың қара сөздері арқылы өткен тарихымызға, ұрпақтас сабақтастығына өз үлесін қосу.
Міндеттері:
– Өз халқының мұралары туралы білімдерді қалыптастыру.
– Әр нәрсені білуге деген қызығушылықты қалыптастыру.
– Алынған мәліметтерге талдау жасау қабілетін қалыптастыру.
«Халқтың рухани шығармашылығын Абай сияқты көтеріп биіктеткен қазақ ақыны әлі болған емес». Ә. Бөкейханов.
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіне ұлы төңкеріс жасаған, жаңа қазақ әдебиетінің іргетасын қалаушы – Абай Құнанбайұлының қара сөздері.
Абай мұрасының қомақты саласын 1890 жылдарда жазған қара сөздері құрайды. Олардың жалпы саны – 45. Қарасөздерінде білген-көрген, көңілге түйгенін жазып, өз кезіндегі қоғам өміріндегі, адам тіршілігінде маңызды мәселелерді дөп басты.(слайд 2)
Абайдың көркемдік, әлуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. Абайдың қара сөздері – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлесі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұң, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.
Абайдың қара сөздері мен өлендерінің ұқсатықтары (слайд 3)
Абайдың қара сөздерінің адам өміріндегі байланысы (слайд 4)
Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың қара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Философиялық трактаттар стилінде жазылған қара сөздер – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық терендігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Пайдалынған әдебиеттер:
1.Абай энциклопедиясы.-А.:Атамұра, 1995 жыл.
2.Абай елі.-А.:Өнер, 1994 жыл.
3.Ә.Қодар. Абайдың философиялық терминологиясы. Қазақстанның мәдени контекстері: тарих және қәзіргі заман.-А.,1998 жыл.
4.Ш.Әбілбаева Абай Құнанбаевтің өмірі мен шығармашылығы // Қазақ және әлем әдебиеті, 2006 жыл, №3.-18-19Б.