Әдемілік құрбан етуді талап етеді ме?

  • Аяулым Жәнібекова-Халел Досмұхамедов университеті 303-журналистика.Студент

Әдемілік құрбан етудіталап етеді ме?

 

    Қай заманда болмасын әйел адамдар үшін әдемі болу, сымбатты болып жүру – бірінші кезекте тұрған. «Сұлулық құрбандықты талап етеді» демекші, осы жолда талай құрбандықтарға баруға дайын болған, тіпті сол құрбандықтарының кесірінен зардап та шеккен.  Және сондай құрбандықтарының ішінде адам шошырлық, жаға ұстатарлықтары да қаншама..Жасанды сұлулықтың «құрбаны» болатындар көп. Пластикалық ота «дәуірі» Қазір пластикалық операция жасату жолында өзін де, ақшасын да аямайтын қыздар аз емес. Дене пішімін, түр әлпетін өздері қалағандай өзгерту үшін пышаққа жүгінген сұлулар сұлулық жолында өздерінің өмірін қиюға бар.Қазіргі кезде айналамызда әдемі әйелдер қауымы өте көп.Тіпті,бәрі бірбіріне ұқсас келетіндей.Оның бәрі,жасанды сұлулықтың салдары.Кірпік,қас,ерін,көз қазіргі заманда осының бәрін қолдан жасап алуға болады.Қыздардың басым көпшілігі,жасанды жолмен әдемі болып жүруді қолдайды.Біріншіден:өзөзіне сенімді жүреді.Eкіншіден:жігіттер қауымы да,табиғи сұлу қыздан көрі,жасанды сұлулыққа көп көңіл бөлетіндіктен. Әрине,менің бұл сөзімді кейбір қызкеліншектер қолдап,қолдамауы екі талай, алайда басым көпшілігі осы себептен өзгеріп жатады.Бірақ,бұл жасанды сұлулықты жасаудың өзі аз ақша тұрмайды.Біріріне еліктеу,жасанды жолмен әдемі көрінуге тырысады.

  Мамандардан сұрастыра келе, хирургиялық операцияның ең арзаны ерінге жасалатынын білдік. Оның бағасы 35 000 теңгеден жоғары көрінеді. Ал, құлақ пен көз айналасына жасалатын ота 80 000-150 000 мың теңге арасында екен. Егер дене пішініңізді өзгертуге бел бусаңыз сізге 500 000 теңгеден жоғары қаражат қажет.Ботоксты өз уақытында, керекті мөлшерде ғана қолдану керек. Ал, ерте жасатудың пайдасынан зияны көп. Мәселен, ботоксты бір жасатқан адам жарты жыл немесе үш ай сайын оны қайталап тұрмаса, әжімі тереңдейді және оның орны солып, бет-жүзі ажарсызданып кетеді. Оның да әсері 4-5 жылдан соң кете бастайды. Сосын инфекциялық екпеден әбден созылған бетті арнайы алтын жіппен тартуға тура келеді. Бұл да уақытша әрекет. Ал, отадан соң беттегі мимика жоғалып, адамның тіпті күлуі, қаттырақ дем алуы қиындай түседі. Міне, ботокстың соңы осыған алып барады. Қазіргі таңда оны ескеріп жатқан ешкім жоқ. Тіпті, 20 жастан асар-аспастан ботокс жасатамыз деп сұлулық салондарының есігін қағып жүрген бойжеткендер жетерлік. Десе де, барлық жағдайды біле тұра сұлулықты қолдан жасағысы келетіндердің қатары көбеймесе, азаяр емес.Сондықтан,өз денсаулығыңызды ойлап кәсіби,істәжірибесі мол маманға баруыңыз керек. Ал кереметтей келбеті жоқ арулар көштен қалмай қалай да сұлу болуға тырысады.Әрине, бірақта әр адамның өзіне тән сұлулығы бар.

 Бірінші кезекте қас жасату.Осы сөзге тоқтала кетсем.Мен,өзім де қасыма татуаж жасатып көргенмін,ол үлкен тәуекелділікті,шыдамдылықты талап етеді.Бірақ,мейлінше табиғи сұлулыққа  жететіні жоқ екен,ол уақытша дүниені жасатқанша… Үлкен әжелердің де, орта жастағы апайлар мен әйелдер қауымының да ең оңай тәсілі осы болған. Қас адам көркін ашатын бет-әлпетінің ең маңызды саналатын бір бөлігі екені рас.

    Кірпік жалғату. Бүгінде кірпігі қысқа қыздардың да бұл тығырықтан шығар жолы қарастырылған.Бірақ ұзын кірпік кем дегендей бір ай ғана көзіңізге сән беріп тұрады.

   Әйелдің барлығы сұлу, тек қана сол сұлулығын аша алмайтындар, сұлу болу білмейтіндер бар. Сұлулық дегенде ең алдымен көпшілігіміздің көз алдымызға келетіні табиғилық, қарапайымдылықтан гөрі, бет-жүзін бояған, әдемі, қымбат киінген адам елестейді. Әрине, бұл біраз дұрыс емес пікір. Өйткені, сұлу болу үшін қымбат косметика мен сәнді киімдердің өзі көмектесе алмайтын кезеңдер де болады.

  Тобықтай түйін Сұлу болған жақсы-ау, бірақ, кейде көшеден кей қыздарымыздың ажарын көріп, оның жас шамасын да анықтай алмай қалатынымыз бар. Сондықтан, ерте жастан косметикаға жақын болғаннан гөрі күтімге назар аударып, ботокстың да, басқаның да «көмегіне» жүгінбегеніміз жақсы емес пе? Айтпағымыз, сұлу болу үшін ақыл-естен айырылудың қажеті жоқ. Әйелдің бәрі әдемі!

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *