Асхат Аймағамбетовтің Үкімет отырысында айтқан сөзінен:

Асхат Аймағамбетовтің Үкімет отырысында айтқан сөзінен:

✅Президенттің сайлауалды бағдарламасында балалардың әл-ауқаты мен білім мәселелері ерекше орын алады.

✅Бұған дейінгі негізгі мақсат 3-6 жастағы балаларды қамту болса, енді Президент тапсырмасына сәйкес 2 жастан бастап қамту міндеті қойылып отыр.

✅Ол үшін балабақшаларда жаңа орындарды ашу жоспарда бар. Келесі жылдың өзінде биылмен салыстырғанда орын 2,5 есеге көп ашылады.
Жан басынақаржыландыру тетігі өзгертіледі.

✅Балабақша қызметінің сапасын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылданады.
Орындарды бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету және қайталауды болдырмау үшін балабақшаларға есепке алу, тапсырыс беру және жолдама беру үшін бірыңғай цифрлық деректер базасы құрылады.

Бұл балабақшалардағы орындарды, кезек пен берілген жолдамаларды күнделікті бақылауға, бюджет қаражатын үнемдеуге және орындарды бөлудегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді.

✅Ел Президентінің тапсырмасы бойынша бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік осал отбасылардың балалары балабақшаларда тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл жерде әңгіме қаржылай қиындыққа ұшыраған және ата-анасы балабақшадағы тамақ ақысын төлей алмайтын отбасылардың балалары туралы болып отыр.

✅1-4-сыныптардың 1,4 млн оқушысы тегін бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
Бағдарламада балалардың денсаулығына ерекше назар аударылған. 50 сауықтыру лагері ашылады.

✅Балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі нысан салу жоспарланып отыр. Бұл мектептен тыс ұйымдардың балалардың тұратын жерінен қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз етеді

✅Қазір оқушылар сарайларын, музыка және өнер мектептерін жеке секторға беруді қоспағанда, заңнамалық деңгейде шектеулер белгілеп жатырмыз.

Орта білім беру жүйесінде қажетті оқу материалдарын цифрлы форматқа көшіру арқылы пәндерді оқытудың инновациялық жолдары енгізіледі.

✅«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 842 мың жаңа оқушы орнын құру жоспарда бар.
Қосымша 660 мың орын жалпы сипаттағы трансферт (ЖСТ) шеңберінде, бюджеттік инвестициялық жобалар есебінен, құрылған білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, сондай-ақ МЖӘ қаражаты есебінен құрылады. Бұл шара мектептерге 2030 жылға қарай бірауысымдық оқыту форматына көшуге мүмкіндік береді.

✅Мектептер робототехника, химия, биология және физика бойынша 7 мың пән кабинетімен қамтамасыз етіледі.

✅Жыл сайын шағын қалалардағы, аудан орталықтары мен ауылдардағы мыңға жуық мектеп жаңартылады.

Жаңа кәсіби қабылдаушы отбасы институты енгізіледі. Бұл балаларды балалар үйінде емес, үйде тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

✅Барлық колледж, мектеп пен балабақша қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етіледі. Күзет органдарына қойылатын талаптар күшейтіледі.

Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Мемлекет басшысының берген барлық тапсырмасын сапалы іске асыру үшін бар күшін салады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

1 комментарий

  1. Айжан Баубекова:

    Сәлеметсіз ба частный балабақша ға айлық қашан қосады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *