Сынып сағаты «Тәуелсіздік – асқақ армандар мен қайсар рухтың жемісі»

Сыныбы 7 «А», «Ә», «Б»
Сынып сағатының тақырыбы «Тәуелсіздік – асқақ армандар мен қайсар рухтың жемісі»
Өтетін күні 15.12.2022 жыл
Мақсаты Егемендік құндылықтарын, елдегі бірлікпен бейбітшілікті нығайту, желтоқсан құрбандарын еске алу.
Сабақ түрі Дөңгелек үстел
Құндылыққа баулу Өз ойларын еркін жеткізе отырып, өзіндік ой қорытады
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер Сабаққа қатысты презентация, интернет ресурсы.

Сабақтың кезеңі Мұғалім іс- әрекеті Оқушы іс- әрекеті Ресурстар
Ұйымдастыру

дөңгелек үстелдің барысы:
– Армысыздар қадірменді оқушы қауым! Бүгінгі дөңгелек үстелімізді ашық деп жариялаймын. Қазақстан Республикасы бүгінде демократиялы, зайырлы , егеменді мемлекет болып отыр. Қазақстан Республикамыздың Президенті Қазақстанның ел болып танылуында, әлемге әйгілі болуына зор ат салысып, көп еңбек терін төккен адам. Бірақ осы бүгінгі терезесі тең, аспаны ашық құбыласы түгел заманға біз Тәуелсіз Қазақстан жастары қалай қол жеткіздік?
(Оқушылар жауабы тыңдалады) 16-желтоқсан күні 1991 жылы Тәуелсіздік туралы Заң қабылданған күннен бастап бұл күн тарихта елеулі оқиғалардың бірі болып саналады. Осы күннен бастап жас егеменді елдің тарихы басталды. Қазақстан Республика болып жарияланып, жаңа тарих беттерін ашты. Егеменді Қазақстан Республикасының тарихында Елордамыздың тарихы ерекше. 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола Қазақстанның ресми астанасы болып жарияланады. 1998 жылдың 6 мамырында Ақмола Астана деген атқа ие болады. 1998 ж. 10 маусымынан бастап жаңа астананың тұсаукесер тойы болып өтті. Сол күннен бастап Есілдің сол жағалауында жаңа қала бой көтерді. Мұнда құрылыс жүргізетін инвесторларға салықтық жеңілдіктер берілді. презентация
Сабақтың ортасы Қазақстанда әр жыл мәдени атаулармен аталуда.
1997 жылы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы. 1930-1932 жылдардағы ұлы қасіреттің 65 жылдығы және сталиндік қуғын-сүргінге түскен ұлттық зиялылар қасіретінің 60 жылдығы атап өтілді. 1997 жылы 13 желтоқсанда Ақмолада саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешен ашылды.
1998 жыл-халық білігі мен ұлттық тарих жылы. Бұл жылы 23 ірі Ғылыми форумдар өткізіледі.
1999 жыл – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып табылады. М. Хайдар Дулатидің 500 жылдығына арналған мерейтой өткізіліп, “Тарих-и-Рашиди” еңбегі қазақ тілінде шығарылды. Сонымен қатар бұл жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары жалғасты. Нәтижесінде 19.144 адам толықтай ақталды. Оқушылар осы пікір бойынша өз ойларын ауызша айтып талқылайды.

2000 жыл- мәдениетті қолдау жылы.
2001 жылы 18 маусымда Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанаға әкелінді. 2001 жылы 5 маусымда Қазақстанда Ресей Федерациясы мәдениетінің күндері басталды. 2003 жылы Астанада дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлердің съезі болып өтті.
Осындай мәдени іс-шаралардың өткізілуімен қоса, әлеуметтік қайшылықтардың артуына, экономикалық жағдайдың нашарлануына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне байланысты халықтың рухани жағдайы өте күрделі болды.
презентация
Сабақтың соңы Кері байланыс «3-2-1»
1. Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат
2. Қиындық тудырған 2 аспект
3. Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ
Оқушылар өткізілген сабақтан қандай ой түйгендерін, өмірдегі басты қажеттіліктің не екенін айтады. Президентіміздің жыл сайынғы қазақ халқына жолдауы Республиканы дамытуға бәсекеге қабылетті жастар тәрбиелеу мәселелерін өзекті етіп көрсетеді. Мәңгілік ел- елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі» дей келе бүгінгі жиынымыз аяқталды Ой бөлісу.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *