Ол кезде Қазмедия енді ашылып жатқан еді…

 

Бүгінгі сұхбатымызды енді журналистика саласына бет бұрып келе жатқан студенттеріміз бен оқушыларымызға арнаймыз.Олай болса ,бүгінгі шығарылымның қонағы «Таңшолпан» бағдарламасының тележүргізушісі ,телерадиожүргізуші Назерке Нұртаспен сұхбаттасқан едік.

Неліктен журналистика ?

Мен, Қазақ Ұлттық өнер академиясында «авторлық телерадио таралым» деген факультетте 5 жыл оқып ,сол жерде тәмамдадым.Ол оқу орынының ерекшелігі деп айтар едім,бізде режисураны да , актерлік шеберлікті де  оқытады.Яғни біз тек жазу емес,өзіміз жазатын нәрсені  түсіре алатын,монтажын жасай алатын,оның кадр сыртындағы дауысын өзіміз дыбыстай алатын,жан-жақты толыққанды маман болып шығамыз.Сондықтан мен сол оқу орынын таңдадым.Тағы да айта кететінім журналистиканы таңдағаным,менің анам өзі журналист.Кезінде «Алтыбақан» сынды неше түрлі бағдарламаларды жүргізген менің анам болатын.Сондықтан да менің бойымда журналистикаға деген махаббат болды.

-Жалпы өзіңіздің қызметтік жолыңызды журналистиканың қай саласынан бастадыңыз ?

Менің телевизияға деген  саяхатым екінші курстан басталды.Екінші курсымда мен,бізде тәжірибеден өтеді ғой,әр жылдың соңында .Сол кезде мен Ұлттық арнаны,оның ішінде «Таңшолпан»  бағдарламасын таңдадым.Сөйтіп жаз бойы практикада болдым,аяқталған соң мені сол кездегі басшысы тележүргізуші Дайрабаева Гүлмира болатын ,сол кезде мен ол кісіге айттым «мен кеткім келмейді ,мен арнада жұмыс жасағым келеді ,кішкентай бір рубрика болсын жүргізгім келеді,сондықтан мені алыңыздаршы ,- деп өтінген болатынмын» Солай мені басшылық қолдап,2012 жылы өзімнің рубрикаммен қалған болатынмын.Одан кейін 2012 жылдың желтоқсанында елордадағы Казмедиа орталығы ашылды.Сол орталыққа жаңа тележүргізушіні іздеді,сөйтіп басшылықтың шешімімен 10 минуттық тікелей эфирден мен 3 сағаттық  Таңшолпанның жүргізушісі болдым.Солай еңбекпен келді,редактор да ,сценарийді де өзім жазатын болдым ,яғни сатылай сатылай .Бізде қазір тележүргізушілер,жас мамандар келгенде бірден эфирге шыққысы келеді,олай негізі дұрыс емес деп ойлаймын ,егер адам сатылай жеткенде сол межеге оны бағалайды ,тәжірибе жинақтайды ,сондықтан мен қуанамын барлығы осылай басталғанына.Сөйтіп үшінші курсымнан бері Ұлттық арнада жұмыс атқарып келемін.

Қазақта мынадай жақсы сөз бар, «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» ал сіздің осы саладағы ұстазыңыз кім ?

Ұстаз деген университетте жүргенде басталады деп ойлаймын.Режисура факультетінде жүргенде Мерғалым Есіркепіп деген ұстазым болды.Өте білікті маман болды.Қазір мысалы  тікелей эфирде отырып өзімді мен тек тележүргізуші сезінбеймін ,мен кадр қалай болып тұрғанын ,жарық қалай  түсіп тұрғанын ,барлығын қадағалап отырамын.Мысалы оның барлығы біздің ұстаздарымыздың арқасы деп ойлаймын.Бізге өйткені тек қана сен жүргізушісің деп үйретпей ,жан-жақты болуды үйретті.Одан кейін Астанада  «Шабыт» университетінде оқығам,сол жерде Сыламбек Тәуекел деген кісі бар .Сол кісіні мен өмірде ең үлкен ұстазым деп есептеймін.Ал телеарнаға келгенде ,мені ең алғаш эфирге шығарып ,қабылдаған Дайрабаева Гүлмира .Осы кісілер менің өмірдегі басты ұстаздарым шығар

Айта кетейік ия ,биыл «Таңшолпан» бағдарламасына 30 жыл,жалпы осы бағдарламаның басқалардан қандай ерекшелігі бар ?

Оны  біздің көрермендер жақсы біледі деп ойлаймын,Таңшолпан өзі тікелей эфирде 3 сағат болады.Ондай бағдарлама жоқ Қазақстанда.Басқа бағдарламалар бізде екі сағаттан .Үш сағат күнделікті 30 жыл бойы ,үздіксіз келе жатқан бағдарлама тек Таңшолпан.Мен бұл 30 жылдың 10 жылында бармын.Енді студент болып,өзің сияқты студент болып жүрген кезімде Таңшолпан 20 жылын тойлап жатқан ,ол кезде Берік Көшербекұлы енді білікті,жұлдыз болатын ,біз студент болып жатқанбыз.Енді қарап отырсам биыл міне 10 жыл өте шығыпты .Таңшолпан өте үлкен мектеп ,сенің де келгенің өте дұрыс болды.Себебі Таңшолпан жас мамандарды керемет тәжірибеден өткізеді ,тәрбиелейді ,керемет маман ретінде, журналист ретінде қалыптастырады. Біздің Таңшолпанда жұмыс істеген кез келген редактор ,ол жүргізуші ,ол жаңалықты да жүргізіп кетеді ,әр жаңалықтың редакторы да болып кетеді. Яғни білікті маман болып шығады.

-Сіздің ойыңызша қазіргі уақытта журналистерге не жетіспейді ?

Оның ішінде мен де бармын.Мысалы мен өзіме не жетіспейтінін айтсам,бірнеше тілде сұхбат бере алатын ,бірнеше тілде сұхбат ала алатын маман болғым келеді. Қазіргі журналистика жан жақты болса деймін,тек қана эфир жүргізумен шектелмей ,өзі де монтаждап ,өзі тексін жазып ,адаммен сұхбаттаса алатын ,бірнеше тілді білетін білікті журналист болса  деймін.Одан кейін қазір медиаменеджер болу керек,медиа саласындағы барлық жан.Сол медиаменеджерлер жетіспей жатады ,сондай мамандықтар дамыса деймін .

-Сұхбаттасқаныңызға рақмет,қаламыңыз ұштала берсін!

 

 

                                                                                                                               Аягөз Сайлауқызы

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *