Қаржылық зорлық-зомбылық

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ                                                                                                  2-курс студенті: Хайрадин Жанерке  

                                                                                                          Жетекшісі: Рушанова Н.Б

 

Қаржылық немесе экономикалық зорлық – зомбылық

 

«Әйелдерге қатысты зорлық — зомбылық жаһандық денсаулық мәселесі болып табылады. Бұл эпидемиялық сипатта және жедел араласуды қажет етеді»,— дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. Бұл ұйымның бағалауы бойынша, “серіктеспен жақын қарым-қатынаста болған әйелдердің шамамен 30 пайызы физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды”. БҰҰ-ның жыл сайынғы есептерінің бірінде әлемде күн сайын шамамен 137 әйел жақын серіктестерінің немесе отбасы мүшелерінің қолынан қаза табатыны айтылған.Статистика тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінің ауқымын көрсетуі мүмкін, бірақ мұндай зорлық-зомбылықтың әрбір құрбаны қандай физикалық және эмоционалдық ауырсынуды сезінетінін мүлдем көрсетпейді. Десе де, көрсетілетін зорлық – зомбылық тек физикалық тұрғыда ғана емес, қаржылық немесе экономикалық тұрғыда да болады.

Қаржылық немесе экономикалық зорлық-зомбылық – бұл бір адамның екіншісіне толық қаржылық күшінің болуы және оны өз пайдасына пайдаланатын бақылау түрі. Мысалы, жәбірленушінің табысын немесе шығындарын бақылайды, оны өз еркіне бағындырып, тәуелді етеді. Мұндай левередж серіктеске отбасылық бюджетті манипуляция мен бопсалау құралына айналдыруға мүмкіндік береді. Экономикалық зорлық жәбірленушінің өзін қаржылық қамтамасыз етуді қиындатады. Бұл оны қатыгез серіктеске тәуелді жағдайға келтіреді.

Ақша левереджі әртүрлі манипуляциялар үшін пайдаланылуы мүмкін. Жақындықты бопсалаудан («Жыныстық қатынасқа түсеміз – сонда көйлекке ақша беремін») бастап, өмірлік маңызды шешімдер қабылдауда ультиматумдармен аяқталады («Сен жұмыстан шығп , үйде отырасын немесе екеуміз айырылысамыз»).

Мұндай жағдайда жәбірлеушінің мақсаты «мен көбірек табамын» деп көрсету ғана емес, сонымен бірге өз құрбанын қорлау. Серіктесі жасайтын барлық нәрсені жоққа шығару;  табыстар, жетістіктер мен қарым-қатынасқа алып келетін пайданың бәрі бұл жағдайда манипулятор үшін маңызды емес.

Қаржылық зорлық-зомбылық әртүрлі формада болады және оны ең көп табыс табатын адам жасауы міндетті емес. Жәбірленуші тек жұмыссыз ерлі-зайыптылар ғана болады деп ойлау қате түсінік. Табысы жоқ серіктес те отбасындағы кірістер мен шығыстарды толығымен басқаратын да кездер бар.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу ұйымдарының деректері қаржылық зорлық-зомбылық қарым-қатынасты бақылаудың бір түріне айналып бара жатқанын көрсетеді.  National Coalition Against domestic Violence американдық коммерциялық емес ұйымының статистикасы бойынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының 94%-дан 99%-ға дейін қаржылық террордың қандай да бір түрін бастан өткерген. Ал олардың 60% серіктестің қысымынан жұмыссыз қалды. Британдық отбасылық зорлық-зомбылық ұйымы Refuge және Co-operative банкінің бірлескен зерттеуі қарым-қатынастағы қаржылық зорлық-зомбылық көбінесе бірден емес, ерлі-зайыптылар бірге өмір сүре бастағанда басталатынын көрсетті. Зерттеуде сондай-ақ әйелдер ерлерге қарағанда қаржылық зорлық-зомбылықтан үш есе жиі зардап шегетіне көрсетілген.

Қаржылық қиянат тек некеде немесе жақын қарым-қатынаста ғана болмайтынын ескеру маңызды. Оның құрбандары жасына немесе денсаулық жағдайына байланысты өз қаржысын басқара алмайтын қарттар мен балалар да болуы мүмкін.

Қаржылық зорлық-зомбылық қазіргі қазақ қоғамында да орын алып отырған мәселе. Соның ішінде келін мен ене арасындағы қаржылық шектеулер. Келіннің табысын ененің иемденуі жиі кездеседі. Осыдан «келін мен ене» мәселелері де туындайды.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *