Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан
Қазақстан – алтын ұям,отбасым,
Отаным деп әрбір адам мақтансын.
Қазақстан- айтар әнім,асыл арман, биік шаңырағым,
Жүрегімде өшпес саған деген ыстық махаббатым.
Менің Қазақстаным- менің отаным,отбасым,туған жерім. Қаншалықты керемет жерде жүрсемде ,жүрегім туған жер деп соғатын, туған жерді аңсап, оны бәрінен биік қоятын патриоттық сезім мен сүйспеншілігім,әрдайым жүрегімнің түпкірінде болады.
Кешегі тарихын білмейтін адамның ертеңгі болашағы жоқ дегендей,тарихымызды білу Отан алдындағы борышымыз.
Күні кеше сияқты еді, бүгін міне тәуелсізде тыныш Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз.Жанын пида етіп,ата-бабаларымыз беріп кеткен бейбіт өмірмен кең жерімізді бүгінгі таңда дамыту үстіндеміз.Жалпы кешегі күннен бүгінге дейін Қазақстан ел танымастай өзгерді.Және бұл жолда Қазақстан көп жұмыс атқарды,биік шыңдарды бағындырды,үлкен жетістіктерге жетті.
Тарихымызға көз жүгіртіп қарасақ,30 жыл бұрын ұзақ уақыт бойы отаршылық тұтқында болып,ашаршылық зардабын шеккен ел,бүгін жеке дара елге айналып отыр және осы Тәуелсіз Қазақстан дүниеге келуінің ұлы шежіресі бірнеше кезеңнен тұрады.Ең біріншісі осы тәуелсіздіктен кейін Республика Президенті лауазымын тағайындауы,кейіннен Қазақстан тәуелсіздігі туралы декларация,Республика валютасы қорын құруы,Қазақстан тәуелсіздігі туралы заңның қабылдануы және көптің басына қасірет тудырған Семей ядролық полигонының жабылуы.
Бүгінгі таңда біз тек бала болғанымызбен ,еліміздің болашағына тигізер пайдамыз өте көп.Яғни алып жатқан біліміміз,асыл арманымыз,алға қойған мақсат пен жоспарларымызды келешекте еліміздің болашағына жұмсай аламыз.
Міне, бүгін еліміз тәуелсіз мемлекет ретінде жаңа өмір салтына қызмет ете бастады. Ғасырлар бойғы халықтың арман, мақсаты орындалды, ата – баба алдындағы парызы өтелді. Дүниежүзілік ірі ұйымдарға мүшелікке қабылданып, ерекше қарқынмен дамып келеміз.
Түсіне білген адамға қазіргі Елбасымыздың орны ерекше. Біріншіден, ол – біздің тұңғыш Президентіміз. Елді ауыр кезеңнен алып шықты. Екіншіден, мемлекет ретінде тұғыры бекіп, дүниежүзі мемлекеттерінің арасында зор беделге ие болды. Ол кісі бүгінгі күнді ғана ойлап қоймай, болашақта гүлденген Қазақстанды өркениетті елдер қатарына қосуға көп еңбек сіңіруде.
Астананың ауысуы – тарихта алтын әріппен жазылатын үлкен тарихи оқиға. Астана қаласы біз үшін Қазақстанның жаңа айнасы. Астанамыз – болашаққа баспалдақ болуымен бірге жаңа табыстарымыздың бастауы. Мұны болашақ ұрпақ бағалай білді. Қазақстан – жаңа, рухани өркениеттің бесігі. Қазақ халқы көп қасиет шеккен халық. Біршама қиналса да, бәріне шыдап, шыңдалып өтті. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы өзінің елдігін ынтымақ пен бірліктің арқасында сақтай білді. Атам қазақ қиындықтың артынан жақсылық келеді деп бекер айтпаған. Елбасымыздың арқасында дүниежүзіне үлгі боларлықтай мемлекет дәрежесіне жетті.
Жалпы бүгінге дейінгі 30 жыл-Қазақ елінің аяқтан тұрып,дамудың даңғыл жолына түсе білген кезі.Және бұл аралықта біз өзіндік әдет-ғұрыптарымызбен салт-дәстүрімізді,мемлекеттік гимн мен туымызды бекіттік.Елімізде биік-биік қалалар бой түзеп,жандана түсті.Бұл еліміздің атағын шығарып, басқа елдердің тамсана қарауына қарауына әкеп соқты.Бұл біз үшін бір мақтаныш.Бірақ бұл тек бастамасы.Алдағы өсіп келе жатқан жастар қаншама,олардың еліне қосар үлесі мен жоспар мен арман-тілектері қаншама. Болашақта жастардың арқасында аздаған уақыт ішінде әлемнің алпауыт мемлекеттерінің қатарына енеміз деп сенемін.Және қорытындылай келе айтарым, 30 жыл деген тарих үшін аса көп уақыт емес. Осы жылдар ішінде еліміз басынан үш дағдарысты өткерген екен. Аталған қиын-қыстау кезеңдер еліміздің шыдамдылығы мен төзімділігін қайрап, бүгіндері біздің Еуразиялық экономикикалық кеңістікті құру секілді бірқатар басым батыл қадамдармен алға жетелеуде.Және алдағы уақытта “Отан үшін отқа түс күймейсің” деген Бауыржан Момышұлы секілді елін сүйген,бойына ерлік пен жігер толы, Отанның қорғаны мен бейбіт өмірін қамтамасыз ете алатын азаматтар көп болса деп тілеймін.