«Менің сүйікті үй жануарларым»

Ұйымдастырылған ашық іс-әрекет

Тіл дамыту

Тақырыбы : «Менің сүйікті үй жануарларым»

Мақсаты : Балалардың уй жануарлары туралы білімдерін толықтыра отырып, олардың пайдасы туралы түсіндіру .Ойындар, жұмбақтар, тақпақтар арқылы ой өрісін, есте сақтау қабілеттерін жетілдіріп,сөздік қорын тіл байлықтарын жетілдіру.Үй жануарларына деген қызығушылықтарын оятып, қамқорлық, жанашырлық сезімдерін тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Марғау-мысықтың баласы

Көрнекіліктер: үй жануарларының суреттері, үлестірмелі текшелер, үнтаспа

Іс-әрекет барысы:

Тәрбиеші : Балалар бүгін біздер үшін ерекше күн.Өйткені бізге көптеген қонақтар келді. Адамгершілік, кішіпейілділік амандасудан басталады. Қанеки балалар ширату жаттығуына  тұрып қонақтармен амандасайық.

Ширату жаттығуы:

Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Еш уайымды білмейміз!

-Балалар ненің дауысын естіп тұрсыңдар? (үнтаспадан малдың маңыраған дауысы естіледі)

-Жануарлардың!

-Иә, ұрыс айтасыңдар , бұл үй жануарларының дауысы. Балалар бүгін біз үй жануарлары туралы әңгімелесеміз.

Тәрбиеші: «Малдың төлін сүйуі» өлең шумағын оқып беру

Қой сүйеді баласын қоңырым деп,                                                                               ештеңені білмейтін момыным деп.                                                                                        Сиыр сүйеді баласын торпағым деп,                                                                             қараңғыда баспаған қорқағым деп.                                                                                    Түйе сүйеді баласын боташым деп,                                                                        Жаудыраған көзіңнен тоташым деп.                                                                                    Ешкі сүйеді баласын тағым деп,                                                                                       Тастан тасқа секірген шұнағым деп.                                                                                  Жылқы сүйеді баласын құлыным деп,                                                                              тұлпар болып жүгірер жұрыным деп.

Төлін тап ойыны (топтастыру)

Мақсаты: Балаларды үй жануарларының төлін дұрыс табуға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Ойынның шарты: топтастырылған үш топқа үш түрлі үй жануары қойылған, балалар сол қойылған үй жануарларының төлдері көрсетілген карточкаларды алып, қай үй жануарының төлін алды, сол топқа отырады.

 

-Балалар мен сендерге үй жануарлары туралы жұмбақ жасырайын, ойланып жауап беріңдер. Балалар мұқият тыңдап отырамыз.

Тәрбиеші:

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

Ол не? ( түйе)

Мө- мө деген әні бар

Үй маңынан табылар.

Ол не? (сиыр)

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

Ол не? ( қой)

Басында екі таяғы бар

Төрт аяғы бар,

иегінде сақалы бар.

Ол не? (ешкі)

Қайшылаған құлағы

Дүрсілдеген тұяғы

Елеңдеп өзі тұрады.

Ол не? (жылқы )

Жұмбақтың шешуі не туралы екен балалар?                                                                       -Үй жануарлары туралы.

-Балалар қараңдаршы мында үй жануарлары бар . (макеттен жасалынған үй жануарлары көрмесін қарау)

-Балалар үй жануарлары қайда тіршілік етеді?

-Үйде, ауылда.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,үй жануарлары үйде бағылады. Оларға адамдар қамқорлық көрсетіп, жем, су беріп күтеді. Қора жасап қыс мезгілінде жылы жерде болуына жағдай жасайды.Үй жануарлары өріске де жайылады оны бақташы бағады.

-Балалар осы үй жануарларының қандай пайдасы бар?

– Жүнінен киімдер тоқылады. Сүтінен құрт ірімшік айран қатық сүзбе тағамдарын жасайды. Сүтін ішеміз)

Балалар жеке жеке өз түсінгендерін айтып сұрақтарға жауап береді .

Тәрбиеші :

-балалар осы сүт тағамдары,( құрт ірімшік балқаймақ қымыз) өте пайдалы , дәрумендерге бай , үнемі ішіп жүрсек денсаулығымыз мықтыболып өсеміз.

Сонымен бірге жүнінен жылы ыңғайлы киімдер тоқылады.Киіз төсеніштер жасалады. Міне балалар үй жануарларының пайдасы өте зор.

Дидактикалық ойын : «Қай жануарға тиесілі»

Мақсаты: үй жануарларының қайда мекендеп, немен қоректенетінін және қай жануардың төлі екендігін ажырата білуге үйрету.

Сергіту сәті                                                                                                                         Үнтаспа арқылы «Бала, бала, балақан»

Дидактикалық ойын «Үй жануарларын ажырат»

Тәрбиеші:

– Балалар жарайсыңдар. Енді осы берілген текшелердің ішінен үй жануарларын тауып, үстінен белгілейміз.

-Жарайсыңдар балалар енді кім қандай үй жануарын тапты екен, қане кім атап береді?

Берілген текшелерді құрастыру

Енді балалар мұнда берілген бөліктерден үй жануарларын құрастырып көрейік.

Балаларға үй жануары  бейнеленген текшелер бөліктерінен бір үй жануарын құрастыру.

-Жарайсыңдар балалар! Балаларды жұлдызшамаен, смаликтермен мадақтау.

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

1 комментарий

  1. Балкен:

    БҰЛ САЙТТАН ӨЗІМЕ КЕРЕКТІ МАҚАЛА ОҚУ ҚЫЗМЕТТЕРІН ОҚИ АЛАМЫН ӨТЕ ЖАҚСЫ ЖАЗЫЛҒАН

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *