Отбасы-бақыт мекені
Отбасы-бақыт мекені.
Отбасының өнегесі –
Отан өнегесі,-дегендей тәрбиенің бастауын бала осы отбасынан алатыны сөз жоқ. Соңғы кездерде, өкінішке орай, бала тәрбиесін мектепке, мұғалім мен сынып жетекшілерге артып жатады. Сөз жоқ, мектеп пен ата-ана тығыз байланыста болса ғана бала тәрбиесі, оқу үлгерімі жақсы болар еді.
Балаға негізгі тәрбие отбасында берілетінін баса айтқым келеді. Себебі, мейірімділік,адалдық,кішіпейілділік, ұлкенге құрмет,ата-анасы мен ұстаздарына деген құрмет, бауырларына деген жанашырлық сияқты басты құндылықтар осы отбасында қалыптасады. Сол себепті,бала өз отбасында жылулық,мейірімділік,қайырымдылықты көріп,сол жылулықты өзгелерге себе білу керек. Ал мектеп сол тәрбиені жалғастырушы,дамытушы орта.