Асқар қаһарман

Астанада “Қаһарман” тұрғын үй кешенінде өрт болып, қаһарман өрт сөндірушілер 3 адамды ажалдан құтқарып, өздері күйіп қалды. 18.11.22 күні Президент өрт сөндірушілерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Забикулин I дәрежелі «Айбын» орденімен, Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Аян Кемпіров III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Астанада болған өртте денесінің 80% күйік шалып, ауыр халде жан сақтау бөліміне түскен 21.11.22 күні Асқар батырымыз дүниеден озды. Асқардың артында 2 қызы, жұбайы қалды. Асқар Серікұлы – азаматтық қорғаныс капитаны. 1994 жылы 5 қаңтарда Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Казгородок ауылында туған. Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі лауазымына 2021 жылы тағайындалған. Артынша, Астана әкімдігі кәсіпкерлер арқылы 3 бөлмелі үйдің кілтін сыйлаған еді. Амал нешік, біз сондаймыз! Қатыгез басшылық, қоғам сондай. Адамды тірісінде бағалай алмаймыз. Өлерде немесе өлген соң марапат-атақ беріп, үй сыйлап жатамыз. Тірісінде соның қызығын көрмеген соң, өлген соң оның еш пайдасы жоқ… Барымызды тірі кезінде бағалайық. Өзгенің батырлығын ұмытпайық. Дүниеден озған соң бәрі кеш.
Алдағы уақытта Астанада Асқардың атымен көше берілмек. Әрі оған мүсін қойылмақ. Асқар Серікұлының, ердің есімі мәңгілік ел есінде болмақ!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *