Логопедтің апталық жоспары (циклограмма)
ЦИКЛОГРАММА.
31.11-04.11.2022жыл.
Тақырып: «Ойыншықтар әлемінде»
Дүйсенбі
|
Сейсенбі
|
Сәрсенбі
|
Бейсенбі
|
Жұма
|
|||||
Ойыншықтар | Ойыншықтар түрлері | Ойыншықтар ерекшеліктері | Ер балалар ойыншықтары | Қайталау | |||||
Ұйымдастырылған
Оқу қызметіне дайындық. |
Амандасу:
-Сәлем балақай.Көңіл күйің қалай? -Қанекей үстел үстіне қарашы,бұлар не деп ойлайсың? -Әрине ойыншықтар.Неткен әдемі,түрлі-түсті ойыншықтар. -Сенің үйіңде ойыншықтар барма? -Қанекей ойыншықтармен жақынырақ танысайық. |
Амандасу:
-Сәлеметсіңдерме балалар. -Балалар сендер балабақшада және үйде немен айналысқанды жақсы көресіңдер? -Ойыншықтармен ойнағанды. -Жарайсыңдар, Ойыншықтардың өте көп түрі бар.Бүгін солармен танысамыз. |
Амандасу:
-Салем қалың қалай? -Менің қолымда не бар қарашы. -Әрине қуыршақ және көлік. -Саған қайсысымен ойнаған ұнайды? -Қанекей саған ұнаған қуыршақтың ерекшеліктерін, түстерін бірге анықтайық. |
Амандасу:
-Салеметсіңдерме балалар. -Көңіл-күйлеріңіз қалай? -Балалар бүгінгі сабағымыз өте қызық болмақ.Себебі бүгін біз ер балаларға арналған ойыншықтармен танысатын боламыз.
|
Амандасу: -Сәлем балақай.Көңіл-күйің қалай? -Біз өткен сабақта не туралы өтіп едік? -Әрине ойыншықтар. -Ойыншықтармен толық таныса алдыңба? -Бүгін өткен тақырыптарды қайталап шығайық. -Білмеген жерлеріңді қысылмай сұра. |
||||
Ұйымдастырыл ған оқу қызметтері |
-Қанекей қорапты алайық.
-Қораптың ішіндегі ойыншықтардың барлығын үстел үстіне шығарайық. -Қарашы қандай адемы ойыншықтар. -Ойыншықтардың барлығын асықпай қолымызға ұстап танысып шығайық. -Бұл-пирамида.Пирамиданың жүзікшелері түрлі-түсті. Пирамиданы біз көлеміне қарай саламыз. -Бұл –доп.Доптың пішіні домалақ.Түсі-қызыл. -Бұл-құрастырғыш. Олардың түсі әр-түрлі болып келеді.Оларды бір-біріне кигізу арқылы құрастырып ойнаймыз. |
-Мәссаған,үстел үстіндегі шашылып жатырған ойыншықтарды қараңдаршы.
-Олар сондай әр-түрлі екен ия балалар? -Балалар ойыншықтардың түрі өте көп. -Мысалы мына қуыршақ,аспазшы, боянатын бояулар қыздарға арналған. -Ал мына көліктер,полиция ойыншықтар,қару-жарақтар ұл балалар ойыншықтары. -Ал пирамида, құрастырғыштар, түрлі-түсті доптар қыз бала мен ұл балаларға ортақ ойыншықтар. |
-Қарашы осы ойыншықтар бір-біріне ұқсайдыма?
-Жоқ әрине.Барлық ойыншықтар бір-бірінен ерекшеленеді. -Мінекей,мына допты ұстап көрші. -Енді мына көлікті ұстап қара. Оларды ұстағанда айырмашылығын байқадыңба? -Иә,демек ойыншықтар қатты,жұмсақ деген ерекшеліктерге ие екен. -Және де ойыншықтар көлеміне қарай ерекшеленеді. -Мысалы,доптың көлемі мен пирамида көлемі әр-түрлі. -Түстер де ойыншықтардың ерекшеліктері болып табылады. -Куыршақ қызыл түсті,аю қоңыр түсті. |
–Балалар сендер қандай ойыншықтармен ойнайсыңдар?
-Әрине ер балаларға арналған ойыншықтармен ойнайсыңдар. -Оларға көліктер,құрал-саймандар,полиция ойыншығы және т.б жатады. -Балалар мына қалташадағы ойыншықтардың барлығы ер балалар ойыншығы. -Ер балалар ойыншығы түстеріне назар аударайықшы. -Олар көбіне қара,көк,сұр,қоңыр түсті болып келеді. |
–Қарашы неткен қызықты ойыншықтар.
-Олардың түстеріне,көлемдеріне мән берші. -Олардың түстері,көлемдері әр-түрлі. -Ал мына пирамида ойыншығы қандай бөлшектерден тұратынын көрейік. -Ол әр-түрлі түсті жүзікшелерден тұрады. -Ал мына ойыншықтар ұл балаларға арналған ойыншықтар. -Олар мәшінелер,құрал-саймандар және т.б. |
||||
Дидактикалық ойын | «Не жоқ?»ойыны.
Мақсаты:балалардың есте сақтауын дамыту. Өткізілу барысы:Балаға бірнеше ойыншықтар таныстырылып,ол көзін жұмғанда бір ойыншықты жасырады.Бала жоқ ойыншықты атауы керек. 1 деңгей:үлкен көлемдегі және аз ойыншықтар. 2деңгей:орташа көлемдегі 5-6 ойыншықтар. 3деңгей:ұсақ және көп ойыншықтар. |
«Ол не?»ойыны
Мақсаты:баланың ойлауын дамыту,сөздік қорын молайту. Өткізілу барысы:қоржынға ойыншықтар салып,бала сипап-сезу арқылы оны табады. 1деңгей:үлкен және аз ойыншықтар. 2деңгей:орташа көлемдегі 5-6 ойыншықтар. 3деңгей:ұсақ және көп ойыншықтар. |
«Көлеңкесін тап»
Ойыны. Мақсаты:баланың ойлау қабілетін дамыту. Өткізілу барысы:Балаға әр-түрлі ойыншықтар мен көлеңкелер бейнеленген суреттер беріледі.Бала сәйкесін табуы керек. 1деңгей:бір ойыншық,екі көлеңке. 2 деңгей:үш ойыншық, 5көлеңке. 3деңгей:бес ойыншық,жеті көлеңке. |
«Мұнара құрастру»
Ойыны. Мақсаты:ойлау қабілетін,ұсақ моторикасын дамыту. Өткізілу барысы:Балаларға құрастырғыштар беріліп үлгі бойынша мұнара құрастыру. 1деңгей:аз құрастырғыштармен кішкентай көлемдегі мұнара құрастыру. 2деңгей:орташа көлемдегі мұнара құрастыру. 3деңгей:үлгі көмегімен биік мұнара құрастыру. |
«Қуыршақты киіндір»
Ойыны. Мақсаты:баланың ойлауын,ұсақ моторикасын дамтыу. Өткізілу барысы:қуыршақты дұрыс киіндіру. 1деңгей:қуыршақтың бас киімін кигізу. 2деңгей:қуыршақтың бас киімін,көйлегін кигізу. 3деңгей:қуыршақты толықтай киіндіру. |
||||
Сергіту сәті. |
Оңға, солға бұрылдық, Алға, артқа иілдік. Тіземізді бүктіріп, Қолды создық тік тұрып.
|
Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр. Алға бір адым Артқа бір адым. Оңға бұрылып, Солға үңіліп Жоғары, төмен қарайық, Орнымызды табайық. |
Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз. |
Секіреміз топ – топ, Шапалақтап көп – көп. Иiлемiз оңға қарай бiр, екi, үш, Иiлемiз солға қарай бiр, екi, үш |
Тез қозғалып осылай Жаттығулар жасайық. Жақсылықты үйреніп, Жамандықтан қашайық. |
||||
Дидактикалық ойындар | «Қуыршақты құрастыр».
Мақсаты:ұсақ қол моторикасын дамыту. Өткізілу барысы: Қуыршақтың қима қағаздарын желімдеу арқылы құрау қажет. 1деңгей:екі бөлшекті қима қағаз. 2деңгей:үщ бөлшекті қима қағаз. 3деңгей:бес бөлшекті қима қағаз.
|
«Магнитті құрастырғышен доп құрастру».
Мақсаты:ойлауын,ұсақ моторикасын дамыту. Өткізілу барысы: Балаларға магнитті құрастырғыштар беріліп допты құрау тапсырылады. 1деңгей:кішкентай допты құрау. 2деңгей:орташа көлемдегі допты құрастыру. 3деңгей:үлкен көлемдегі допты құрастыру. |
«Түрлі түсті құммен жұмыс»
Мақсаты:ұсақ моториканы дамыту. Өткізілу барысы: Түрлі түсті құмда ойыншықтарды бейнелеу. 1деңгей:допты бейнелеу. 2деңгей:допты және пирамиданы бейнелеу. 3деңгей:доп,пирамида,аюды құмда бейнелеу. |
«Пластилинмен жұмыс».
Мақсаты:сойлеуін, ойлауын,ұсақ моторикасын дамыту. Өткізілу барысы:пластилинмен доп,машина,аңдар,қуыршақты мүсіндеу. 1деңгей:үлгі арқылы допты мүсіндеу. 2 деңгей:допты және машинаны мүсіндеу. 3деңгей:аңдарды мүсіндеу. |
«Пирамиданы жинау»
Мақсаты:ойлауын, сөйлеу қабілетін дамыту. Өткізілу барысы:Пирамиданың жүзікшелерін жинақтау. 1деңгей:екі немесе үш жүзікшені салу. 2деңгей:бес немесе алты жүзікшені салу. 3деңгей:пирамиданы толықтай жинау. |
||||
Сабақты қортындылау. | -Бүгін қандай тақырып өттік?
-Бүгінгі ойын ұнадыма? -Ойыншықтар дегеніміз не екен? -Жарайсың,келесі кездескенше.
|
-Балалар бүгінгі тақырып ұнадыма?
-Ойыншықтардың түрлерімен таныстықпа? -Қандай ойыншық түрлері бар екен? -Жарайсыңдар. |
-Ойыншықтар ерекшеліктерімен толық таныстыңба?
-Ойнаған ойындарымыз қызықты болдыма? -Келесі сабақта кездескенше. |
-Балалар бүгінгі тақырып өте қызықты болды иә.
-Сендер өздерің ойнап жүрген ойыншықтармен толық таныстыңдарма? -Ер балалар ойнайтын ойыншықтар қандай түсті болады? -Жарайсыңдар. |
-Осы аптада қамтыған тақырыпшалар түсініктіме?
-Ойыншықтар,олардың түрлері,түстері барлығымен таныстық. -Саған ең қатты ұнаған ойын қандай болды? -Жарайсың. |
||||