Агрессивтілікті деңгейін анықтау әдістемесі  (Arnold H. Buss, Ann Durkee, 1957)

Агрессивтілікті деңгейін анықтау әдістемесі

 (Arnold H. Buss, Ann Durkee, 1957)

Басс-Даркидің сауалнамасы (Buss-Durkee Hostility Inventory, BDI), алғаш рет 1957 жылы американдық психологтар Басс пен Дарки жариялаған, агрессивтілік пен дұшпандық деңгейін анықтауға арналған. Олар агрессияның маңызды көрсеткіштері деп санайтын 8 индекстен тұратын сауалнама ұсынды. Бұл сауалнама қазір шетелдік және отандық тәжірибеде кеңінен қолданылады.

А. Басс пен А. Дарки агрессия мен дұшпандықтың көріністерін ажырататын сауалнамасын құра отырып, реакциялардың келесі түрлерін анықтады:

Физикалық агрессия-басқа адамға қарсы физикалық күш қолдану.

Вербальды агрессия-жағымсыз сезімдерді форма (айқайлау) арқылы да, ауызша жауаптардың мазмұны (қарғыс, қоқан-лоққы) арқылы білдіру.

Жанама-басқа адамға бағытталған немесе ешкімге бағытталмаған агрессия.

Тітіркену-кішкентай тітіркену өзінде кері сезімдерді көрсетуге даярлық (ашуланшақтық, дөрекілік).

Негативизм-мінез – құлықтағы оппозициялық күй пассивты қарсылықтан қалыптасқан заңдылықтар мен дәстүрлерге қарсы күреске дейін жеткізетін күй.

Реніш-қоршаған адамдарға деген нақтылы және ойдан шығарылған іс — әрекеттерге қызғанушылық пен жеккөрушілік.

Күдік – адамдарға деген сенімсіздік пен сақтықтан бастап, басқа адамдар жоспарлап, зиян келтіреді деген сенімге дейін.

Кінәні сезіну-субъектінің жаман адам екендігіне, зұлымдық жасайтынына, сондай-ақ ол сезінетін өкініштерге деген сенімін білдіреді.

Сауалнама жасау кезінде келесі принциптер қолданылды:

  • сұрақ агрессияның бір түріне ғана қатысты болуы мүмкін.
  • сұрақтар қоғамдық мақұлдаудың сұраққа әсерін барынша әлсірететін етіп тұжырымдалады.

 

Жауап парағы

 

Тегі___________________      Туған жылы_________________

Аты___________________       Топ(сынып)_________________

 

Нұсқаулық: «Жауаптар» бағанында сәйкес пікірмен келіссеңіз, «+» белгісін қойыңыз немесе келіспесеңіз (яғни, сізге қатысты емес) «-» қойыңыз.

  Жауап
1 Кейбір уақытта біреуге кесір жасау ниетімнен қайта алмай қаламын.  
2 Кейде ұнатпайтын адамдарым жайлы өсек айтамын.  
3 Мен тез ашуланамын, бірақ тез басыламын.  
4 Егер менен жақсылап сұрамаса, мен оның өтінішін орындамаймын.  
5 Маған тиісті нәрсеге, мен әрдайым ие бола бермеймін.  
6 Менің сыртымнан адамдар не айтатынын мен білемеймін.  
7 Егер мен достарымның мінез – құлқын мақұлдамасам, мен оларға оны сездіремін.  
8 Егер мен біреуді алдаған болсам, мен қатты өкінемін.  
9 Меніңше, мен адамға қол көтере алмаймын.  
10 Мен ешқашан заттарды лақтыратын дәрежеге дейін ашуланбаймын.  
11 Мен әрқашан біреудің кемшілітеріне мән бере бермеймін.  
12 Егер маған белгіленген ереже ұнамаса, мен оны бұзғым келеді  
13 Басқалар әрдайым қолайлы жағдайларды пайдалана біледі.  
14 Мен күтпегендей адамдар маған неғұрлым достықпен қараса мен  өзімді сақ ұстаймын.  
15 Мен адамдармен жиі келісе бермеймін.  
16 Кейде менің басыма өзім ұялатын ойлар келеді  
17 Егер кімде – кім мені бірінші болып ұрса, мен оған жауап бермеймін.  
18 Мен ашуланған кезде есікті қатты жабамын.  
19 Мен сырттан қарағандағыдан әлдеқайда ашуланшақпын.  
20 Егер кімде–кім өзін бастықпын деп есептесе,мен әрқашан оған қарсы әрекет етемін.  
21 Менің тағдырым өзімді қамықтырады.  
22 Менің ойымша, мені көп адамдар жақсы көрмейді.  
23 Егер адамдар менімен келіспесе, мен міндетті түрде пікір – таласқа түсемін.  
24 Жұмыстан бас тартқан адамдар өздерін кінәлі сезінуі керек  
25 Кім маған және менің жанұяма тіл тигізсе, мен ұруға дейін барамын.  
26 Мен дөрекі әзілдеуге қабілетті емеспін.  
27 Егер мені мазақ қылса, мен ашуланамын.  
28 Адамдар өзінен бастық жасағанда, оларды байқамау үшін қолымнан келгенін жасаймын.  
29 Мен апта, сайын, өзіме ұнамайтын адамдарды көріп тұрамын.  
30 Көптеген адамдар мені көре алмайды.  
31 Мен адамдардан менің құқықтарымды құрметтеуді талап етемін.  
32 Мен ата-анам үшін көп нәрсе істемейтініме қынжыламын.  
33 Сізді үнемі мазалайтын адамдар «мұрнын шертуге» тұрарлық.  
34 Ашуланғаннан мен кейде мұңайып кетемін.  
35 Маған тиесілі дәрежеден нашар қатынас туындаса мен ренжімеймін.  
36 Егер кімде кім мені ашуландырса, мен көңіл аудармаймын.  
37 Мен мұны көрсетпесемде, мені қызғаныш билейді.  
38 Кейде менің ойымша, маған күлетін сияқты.  
39 Мен ашулансам да, «күшті» сөздерге жүгінбеймін.  
40 Мен күнәләрімнің кешірілгенің қалаймын.  
41 Тіпті егер біреу мені ұрса да, мен сирек жауап қайырамын.  
42 Менің ойымдағыдай болып шықпаса, кейде мен ренжіп қаламын.  
43 Кейде адамдар мені өздерінің қатысуларымен тітіркендіреді.  
44 Менің шынымен жек көретін адамдарым жоқ.  
45 Менің принципім: «Ешқашан өзгелерге сенбеу».  
46 Егер мені біреу ашуландырса, мен ол туралы не ойлайтынымның бәрін айтуға дайынмын.  
47 Мен кейін өкінетін көп нәрсені істеймін.  
48 Егер мен ашулансам, мен біреуді ұра аламын.  
49 Мен балалық шағымнан ашуымның сыртқа шыққанын көрсетпеймін.  
50 Мен көбінесе өзімді жарылуға дайын тұрған ұнтақ бөшкесі сияқты сезінемін.  
51 Егер бәрі менің сезімімді білсе, мен оңай араласатын адам болып саналар едім.  
52 Мен әрқашан адамдарды маған жағымды нәрсе жасауға итермелейтін құпия себептер туралы ойлаймын.  
53 Егер біреу маған айқайласа, мен де айқайлап жауап қайтарамын.  
54 Сәтсіздіктер менің көңілімді түсіреді.  
55 Мен басқалармен жиі де сирек те төбелеспеймін.  
56 Мен ашуланғаным соншалық, қолыма түскен затты ұстап алып, оны сындырған кезім есімде жоқ.  
57 Кейде мен төбелесті бірінші болып бастауға дайын екенімді сезінемін.  
58 Мен кейде өмірдің маған деген әділетсіздігін сезінемін.  
59 Алғашында мен адамдардың көпшілігі шын айтады деп ойлайтынмын, бірақ қазір мен оған сенбеймін.  
60 Мен тек ашуланғандықтан ғана ұрысамын.  
61 Мен дұрыс жасамасам, мені ар – ұятым қинайды.  
62 Мен өз  құқымды қорғау үшін,күш жұмсаудан тайынбаймын.  
63 Кейде мен өз ашуымды, үстелді жұдырықпен ұру арқылы көрсетемін.  
64 Маған ұнамайтын адамдармен, мен дөрекілеу қатынаста боламын.  
65 Маған зиян келтіретін жауларым жоқ.  
66 Адам соған лайықты болса да,орнына қалай қоярымды білмеймін  
67 Мен жиі қате өмір сүрдім деп ойлаймын.  
68 Мені төбелесуге дейін жеткізетін,адамдарды мен білемін.  
69 Мен ұсақ нәрсеге бола ренжімеймін.  
70 Мені ашуландырғысы және тіл тигізгісі келетін адамдар жайлы ойлар маған сирек келеді.  
71 Мен жиі адамдарды қорқытамын, бірақ мен қорқытуды мақсат етпеймін.  
72 Мен соңғы кездері мылжың бола бастадым.  
73 Ұрыс кезінде мен әрдайым дауысымды көтеремін.  
74 Мен адамдарға деген өзімнің жаман көзқарасымды жасыруға тырысамын.  
75 Мен дауласудан гөрі бір нәрсемен келіскенді жөн көремін.  

 

    Әдістеме кілті:

Шкала  «+»  «-» Коэффициент
1.Физикалық агрессия 1, 25, 33, 48, 55, 62, 68 9, 17, 41 10
2.Жанама агрессия 2, 18, 34, 42, 56, 63 10, 26, 49 8
3.Тітіркену 3, 19, 27, 43, 50, 57, 64, 72 11, 35, 69 11
4.Негативизм 4, 12, 20, 23, 36   20
5.Реніш 5, 13, 21, 29, 37, 51, 58 44 9
6.Күдік 6, 14, 22, 30, 38, 45, 52, 59 65, 70 10
7.Ауызша агрессия 7, 15, 28, 31, 46, 53, 60, 71, 73 39, 66, 74, 75 13
8.Кінә сезімі 8, 16, 24, 32, 40, 47, 54, 61, 67   11

Дұшпандық индексі 5 және 6 шкаланы қамтиды, ал агрессивтілік индексі (тікелей және мотивациялық) 1, 3, 7 шкалаларын қамтиды.

Дұшпандық = реніш + күдік;

Агрессивтілік = физикалық агрессия + тітіркену + ауызша агрессия.

Интерпретация.Агрессивтілік индексінің көрсеткіші үшін норма-21 ± 4 балл. Дұшпандық индексінің көрсеткіші үшін норма — 7 ± 3 балл.

Бұл әдісті қолданған кезде агрессивтілік жеке қасиет ретінде және агрессия мінез — құлық әрекеті ретінде бірдей емес екенін есте ұстаған жөн. Оларды тұлғаның бүкіл мотивациялық-қажеттілік саласын кешенді психологиялық талдау аясында ғана жеткілікті түрде түсінуге болады.

 

 

 4 курс студенті:Тоқтанаева А.Е.

Оқытушы: Болтаева А.М.

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ

 

Cізге ұнауы мүмкін...

1 комментарий

  1. тусиникти берилген

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *