«НЕКЕДЕ ТАЛАПТАНУ МЕН РӨЛДІК КҮТУЛЕР СҰРАҚТАМАСЫ» (А.Н.Волкова, Т.М.Трапезникова)
4 курс студенті: Ақбалина Г.Е.
Оқытушы: Болтаева А.М.
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ
«Некеде талаптану мен рөлдік күтулер сұрақтамасы»
(А.Н.Волкова, Т.М.Трапезникова)
«Некеде талаптану мен рөлдік күтулер сұрақтамасы» әдістемесін А.Н.Волкова 1985 жылы зерттеп шығарған. Әдістеме ерлі-зайыптылардың отбасы өміріндегі маңыздылықты: әрқайсысының ата-аналық міндеттерін, кәсіби қызығушылығын, күнделікті тұрмыстық – шаруашылық қызмет көрсетуін, серіктесінің сыртқы моральды және эмоционалды тартымдылығын қолдауы, әйелі мен ерінің жеке және ортақ әрекеттері жыныстық деңгейде түсінушілік қатынасты зерттеуге бағытталады.
Бұл көрсеткіштер отбасы қызметінің негізін айқындап отбасы құндылыктар шкаласын құрайды. (О Қ Ш) Бұл әдістеме сондай-ақ ері мен әйелі ролдерді қалауынша бөлісуі, күту мен талаптану біріктіру шкаласы, ол ерлі-зайыптылардың отбасы қызметін жүзеге асыру мен бекітуге мүмкіндік береді. Ұсынылған әдістеменің нәтижесі жұбайлардың отбасылық құндылық иерархиясын (сатысын), ол ерлі-зайыптылардың әлеуметтік – психологиялық некеге сәйкестігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік-психологиялық ерлі-зайыптылардың некеде сәйкестігін анықтау, оның ішінде «Некеде талаптану мен рөльдік куту» сұрақтамасы мазмұны (себебі) кез-келген дағдарыс кезеңдеріне ерекше өзекті мазмұн болып табылады.
Н. Волкова (1979) өз әдістемесін әзірлеу кезінде ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасының сипаты көбінесе күйеуі мен әйелінің отбасылық құндылықтарының келісілу дәрежесіне және белгілі бір отбасы саласындағы мінез-құлықты жүзеге асыру үшін кім және қандай дәрежеде жауап беретіні туралы рөлдік ұғымдарға байланысты деген болжамға негізделді.
Отбасылық құндылықтар шкалаларына интерпретация:
- Жыныстық – сырласу шкаласы (№ 1-3 пікірлер) – ерлі-зайыптылар ара – қатынасында жыныстық білімнің маңыздылығын көрсетеді. Шкала бойынша жоғары бағалар жұбайлық бақыттың басты шарты өзара түсінушілік, жыныстық білім мен үйлесімділік, жұбайына қатынасы серіктес деңгейде бір-бірін бағалауына байланысты. Шкала бойынша төменгі бағалар некедегі жыныстық роль, ара қатынасты бағалай алмауды көрсетеді.
Жұбайымен тұлғалық идентификация шкаласы(№ 4-6 пікірлер) – күйеуінің (әйелінің) неке серіктесімен жеке басын сәйкестендіруге орнатылуын көрсететін шкала: мүдделер ортақтығы, қажеттіліктерді, құндылықты бағдарлар, бірге уақытын өткізу. Шкала бойынша төмен бағдарлар жеке автономияға ұмтылысты болжайды.
Шаруашылық-тұрмыстық шкала (№ 7-9 пікірлер) – отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметін іске асыруға ерлі-зайыптылардың қатынасын өлшейді. Бұл шкала, барлық келесі шкалалар сияқты мынадайекі шкалаға бөлінеді: «рөлдік күтім» мен «рөлдік талап». «Рөлдік күтім» шкаласы бойынша – бағалар серіктестің тұрмыстық мәселелерді белсенді шешуін күту дәрежесі ретінде қарастырылады. Рөлдік күтім шкаласы бойынша баға жоғары болған сайын, күйеуінің (әйелінің) тұрмыс ұйымдастыруға қатысуына қойылатын талаптары соғұрлым көп болады, серіктестің шаруашылық-тұрмыстық шеберлігі мен дпғдыларының маңызы жоғары қойылады. «Рөлдік талаптар» шкаласы үй шаруашылығын жүргізуге өзінің белсенді қатысуына арналған талаптарын көрсетеді. Шкала бойынша жалпы баға күйеуі (әйелі) отбасының тұрмыстық ұйымдастыру маңыздылығын бағалау бойынша қойылады.
Ата-аналық тәрбиелік шкала – ерлі-зайыптылардың өздерінің ата-ана міндеттеріне көз-қарасын бағалауға мүмкіндік береді. Рөлдік күтім шкаласы ерлі-зайыптының белсенді ата-аналық позициясына жұбайының орнатылуының айқындылығын көрсетеді. Рөлдік талаптар шкаласы күйеуінің (әйелінің) балаларды тәрбиелеудегі өз міндеттеріне бағдарын көрсетеді. Шкаланың бағасы жоғары болған сайын күйеуі (әйелі), әкесі (анасы) ретінде рөліне көбірек мән береді, оның үстіне ол ата-ана отбасы өмірін өзіне шоғырландыратын негізгі құндылық деп санайды.
Әлеуметтік белсенділік шкаласы- некелік-отбасылық қатынастардың тұрақтылығы үшін сыртқы әлеуметтік белсенділік (кәсіби, қоғамдық) маңыздылығын көрсетеді. Рөлдік күтім (№ 13,15 пікірлер) шкаласы жұбайының кәсіби қызығушылықтары болуы керек және белсенділік қоғамдық рөл атқару керек деп ойлау деңгейін өлшейді. Рөлдік талаптар (№ 28-30 пікірлер) шкаласы жұбайының жекекәсіби қажеттіліктерін көрсетеді. Шкаланың жалпы бағасы ерлі-зайыптылардың тұлғааралық өзара іс-қимылы процесіндк негізгі құндылықтар болып табылатын күйеуі (әйелі) үшін отбасылық мүдделерінің маңыздылығын білдіреді.
Эмоциялық-психологиялық шкала – эмоционалдық-психотерапиялық функцияның маңыздылығын білдіреді. Рөлдік күтімдер шкаласы күйеуінің (әйелінің) серіктесінің отбасындағы эмоционалды көшбасшының рөлін өзіне алатындығын өлшейді: отбасындағы психологиялық климаты түзету, моральдық және эмоциялық қолдау көрсету. Рөлдік талаптар (№ 31-33 пікірлер) шкаласы күйеуінің (әйелінің) отбасылық психотерапевт болуға ұмтылысын көрсетеді. Шкаланың жалпы бағасы отбасы мүшелерін өзара моральдық және эмоционалдық қолдау, психологиялық разрядтау мен тұрақтандыруға ықпал ететін орта ретінде некеге бағдарлау маңыздылығы көрсеткіші ретінде қарастырылады.
Сыртқы тартымдылық шкаласы – күйеуінің (әйелінің) сыртқы келбетінің маңыздылығына орнатылуын, оның қазіргі заманғы сән стандарттарына сәйкестігін көрсетеді. Рөлдік күтулер (№ 19-21 пікірлер) шкаласы жұбайының сыртқы тартымды болу ниетін көрсетеді. Рөлдік талаптар (№ 34-36 пікірлер) шкаласы бойынша өзінің тартымдылығына, сәнді және әдемі киінуге ұмтылысын бейнелейді. Жалпы бағалау – жұбайының сыртқы келбетінің қазіргі заманғы үлгілеріне бағытталу көрсеткіші.
Әдістеменің сипаты
Әдістеменің әр нұсқасында 36 пікірден құралған (ер адам және әйел адам нұсқасы) 7 шкаладан тұрады. Ерлі-зайыптыларға өз бетінше танысуға жынысына сәйкес пікірлер жиынтығы ұсынылады, әрбір пікірге өз қатынасын келесі жауап нұсқалары арқылы білдіре алады: «Толығымен келісемін», «Бұл жалпы осылай», «Бұл тіпті олай емес», «Бұл дұрыс емес».
Нұсқау:
Сіздің алдыңызда әйел заты мен ер азамат арасындағы қатынастың неке мен отбасыға қатысын білдіретін пікірлер реті ұсынылған. Мәтіндегі пікірлерді мұқият оқып шығып, олармен өзіңіздің келісу және келіспеу деңгейіңізді бағалаңыз. Сізге пікірмен келісу және келіспеу деңгейіңізді айқындайтын жауаптың төмендегі төрт нұсқасы берілген: «Толығымен келісемін», «Бұл жалпы осылай», «Бұл тіпті олай емес», «Бұл дұрыс емес».
Әрбір пікірден жауап нұсқасын таңдап, жақындарыңызбен достарыңыздың арасында қалыптасқан көзқарасты емес, мүмкіндігінше жеке пікіріңізді білдіріңіз.
Алдын ала шынайы жауап беретіндігіңізге сенім білдіріп, рахмет айтамыз!
Әдістеме мәтіні (әйелдер нұсқасы)
- Адамның көңіл-күйі мен өзін сезінуі оның жыныстық қажеттілігін қанағаттандыруына байланысты.
- Некедегі бақыт ерлі-зайыптылардың жыныстық үйлесімділігіне байланысты.
- Ері мен әйелі ара – қатынасында ең бастысы – жыныстық деңгейде түсінушілік қатынас.
- Некеде ең бастысы – ері мен әйелінің ортақ қызығушылығының көп болуы.
- Жан-жарым (күйеуім) – менің қызығушылығымды, пікірімді, әуестігімді бөлісетін досым.
- Жан-жарым – ең алдымен өзімнің ісім туралы сөйлесуге болатын досым.
- Ер адамның отбасындағы басты парызы – отбасы тұрмысына жайлылығы және материалды қамтамасыз етуі.
- Ер адам әйелімен тең дәрежеде үй шаруасымен айналысуы қажет.
- Ер адам әйеліне барлық жағынан қамқорлық жасауды күтпей қызмет етуді колына алуы қажет.
- Ер адам әйелімен бірдей деңгейде бала тәрбиесімен айналысуы қажет.
- Мен жан-жарымның балаларды жақсы көргенін қалаймын.
- Ер адам туралы мен балаларына қарап жақсы немесе нашар әке екендігіне пікір айтамын.
- Маған күш қуаты мол, іскер ер адамдар ұнайды.
- Өз ісіне шын қызыққан ер адамдарды қатты бағалаймын.
- Мен үшін жұмыстары іскер және кәсіби сапасы өте маңызды.
- Ер адам отбасында жылы, сенімді қатынас орната білуге тиіс.
- Мен үшін ең маңыздысы – жан- жарымның мені түсініп, мен қандаймын сол деңгейде қабылдауы.
- Жан-жарым (күйеуім) – ең алдымен менің көңіл-күйіме, жағдайыма қамқоршыл болып, көңіл бөлетін дос.
- Жан- жарымның жарасымды және сәнді киінгені ұнайды.
- Маған көрікті, бойы ұзын ер азамат ұнайды.
- Ер адам бір қарағанға жағымды көрінуге тиіс.
- Әйел адамның ең басты парызы – отбасында барлығының күтімде болуы.
- Мен отбасы үшін не сатып алу қажеттігін білемін.
- Мен үй шаруасындағы әйелге қажетті кеңестерді жинап жүремін: дәмді тағамды калай дайындау, көкеністер мен жемістерді консервілеу.
- Бала тәрбиесінде ең басты ролде анасы болу қажет.
- Мен баланың дүниеге келуі мен тәрбиесіндегі қиындықтардан қорықпаймын.
- Мен балаларды жақсы көремін және олардың ісімен аса сүйіспеншілікпен айналысамын.
- Мен өмірде өз орнымды табуға ұмтыламын.
- Мен өз ісімнің жақсы маманы болғым келеді.
- Маған қиын әрі жауапты істі тапсырғанда мақтанамын.
- Жақындарым және достарым менен көмек алуды, кеңес сұрауды, қолдау көрсетуді жиі қажетсінеді.
- Айналамдағылар өздерінің бақытсыздықтарын айтып жиі сенім білдіреді.
- Мен әрқашан шынайы және аяушылық сезімін білдіріп, мұны қажетсінетін адамдарды жұбатып, қамқоршы боламын.
- Менің көңіл-күйім көбінесе сыртқы келбетімнің калай көрінгеніне байланысты болады.
- Мен әдемі киінгенді ұнатамын, әшекей тағамын, иіс сулар пайдаланамын.
- Мен сыртқы келбетіме көп мән беремін.
Әдістеме мәтіні (ерлер нұсқасы)
- Адамның көңіл-күйі мен өзін сезінуі оның жыныстық қажеттілігін қанағаттандыруына байланысты.
- Некедегі бақыт ерлі-зайыптылардың жыныстық үйлесімділігіне байланысты.
- Ері мен әйелі ара – қатынасында ең бастысы – жыныстық деңгейде түсінушілік қатынас.
- Некеде ең бастысы – ері мен әйелінің ортақ қызығушылығының көп болуы.
- Әйелім – менің қызығушылығымды, пікірімді, әуестігімді бөлісетін досым.
- Әйелім – ең алдымен өзімнің ісім туралы сөйлесуге болатын досым.
- Әйел адамның ең басты парызы – отбасында барлығының тоқ әрі күтімде болуы.
- Менің түсінуімше, егер әйел адам үй шаруасымен нашар айналысса, көп нәрсені жоғалтады.
- Егер әйел өз үйінің шаруасына тындырымды болса, онда мақтануына болады.
- Мен әйелімнің балаларды жақсы көріп, жақсы ана болғанын қалар едім.
- Ана болуды қажет етпеген әйелді толыққанды деп айтуға болмайды.
- Әйел адамда мен үшін ең бастысы менің балаларымның жақсы анасы болуы;
- Маған күш қуаты мол, іскер әйелдер унайды.
- Өз ісіне шын берілген әйелдерді қатты бағалаймын.
- Мен үшін әйелімнің жұмыстағы іскерлік және кәсіби сапасы өте маңызды.
- Әйел адам отбасында жылы, сенімді ахуал орната білуі тніс.
- Мен үшін ең бастысы әйелім мені түсініп мен қандаймын, сол деңгейде қабылдауы.
- Әйелім – ең алдымен менің көңіл-күйіме, жағдайыма қамқоршыл, көңіл бөлетін дос.
- Әйелімнің жарасымды және сәнді киінгені ұнайды.
- Жарасымды киіне білетін әйелдерді қатты анықтаймын.
- Әйел адам ешкім оған назар салмайтындай көрінуі тиіс.
- Біздің отбасымыз үшін не сатып алу қажеттігін мен үнемі білемін.
- Мен үй шаруасымен айналысқанды ұнатамын.
- Менің қолымнан пәтерді және тұрмыстық техниканы жөндеу келеді.
- Балаларым менімен ойнағанды ұнатады.
- Мен балаларды жақсы көремін және олардың ісімен аса сүйіспеншілікпен айналысамын.
- Егер жұбайым екеуміз ажырасуды ұйғарсақ та, өз баламның тәрбиесіне белсенді қатысар едім.
- Мен өмірде өз орнымды табуға ұмтыламын.
- Мен өз ісімнің жақсы маманы болғым келеді.
- Маған қиын әрі жауапты істі тапсырғанда мақтанамын.
- Жақындарым және достарым менен көмек алуды, кеңес сұрауды, қолдау көрсетуді жиі қажетсінеді.
- Айналамдағылар өздерінің бақытсыздықтарын айтып жиі сенім білдіреді.
- Мен әрқашан шынайы және аяушылық сезімін білдіріп, мұны қажетсінетін адамдарды жұбатып, қамқоршы боламын.
- Менің көңіл-күйім көбінесе сыртқы келбетімнің калай көрінгеніне байланысты болады.
- Өзіме қонымды, жарасымды киім киемін.
- Костюмнің тігісіне, көйлектің үлгісіне, галстук түсіне аса талғаммен қараймын.
Жауап парағы
Т.А.Ә.___________________________________________________________________________
Жасы______________Жынысы_____________Білімі____________________________________
Отбасылық өмір тәжірибесі________________Мамандығы_______________________________
Жұбайлық өмір өтілі (стаж)_________________________________________________________
Бала саны және жасы______________________________ Күні_______________
№ | Толығымен келісемін | Жалпы бұл дұрыс | Бұл тіпті олай емес | Бұл дұрыс емес |
1 | ||||
2 | ||||
3 | ||||
4 | ||||
5 | ||||
6 | ||||
7 | ||||
8 | ||||
9 | ||||
10 | ||||
11 | ||||
12 | ||||
13 | ||||
14 | ||||
15 | ||||
16 | ||||
17 | ||||
18 | ||||
19 | ||||
20 | ||||
21 | ||||
22 | ||||
23 | ||||
24 | ||||
25 | ||||
26 | ||||
27 | ||||
28 | ||||
29 | ||||
30 | ||||
31 | ||||
32 | ||||
33 | ||||
34 | ||||
35 | ||||
36 |
Нәтижені өңдеу және талдау
Ерлі-зайыптылар тапсырманы орындап болғаннан кейін ері мен жұбайының жауаптары «Отбасылық құндылықтарын кеңес беруде зерттеу» кестесіне енгізіледі.
Отбасылық, құндылықтарды кеңес беруде зерттеу.
Ұсынылған пікірлер жауаптары ерлі-зайыптылардың негізгі отбасылық құндылықтарын айқындауды куәләндырады. Сәйкесінше, отбасылық құндылықтар шкаласы ұпай саны әрқайсысы бөлек есептеледі. Алғашқы екі шкаладағы нәтижелер қорытынды болады және ол кестенің соңғы бағанына ауыстырылады.
Қалған бес шкаланың қорытынды ұпай саны «рольдік күту» және «рольдік талпыну» шкалаларына есептеледі. Жауаптар келесі үлгімен бағаланады:
«Толығымен келісемін»
«Бұл жалпы осылай»
«Бұл тіпті олай емес»
«Бұл дұрыс емес».
Сонымен, шкала бойынша ең кіші көрсеткіштік ұпай саны 0 болса, ең жоғары 9 ұпайды құрайды.