Ағылшын тілін оқытудағы ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың рөлі.

Қазіргі таңда ағылшын тілін  жаңаша оқыту өте өзекті мәселелердің бірі. Елбасымыз жолдауында айтқандай қала және ауыл мектептеріне көмек беріліп, орта мектептер заманауы технологиялармен қамтамасыз етілуде. Сол себептіденде АКТ негізінде өткізілетін сабақтар оқұшылар үшін тартымды, қызықты, жан –жақты болуымен қатар мұғалімдерде жаңа әдіс-тәсілді меңгеруі талап етіледі. Мұғалімнің сабақты жобалаудағы жауапкершілігі оқұшылардың шетел тілінде нәтижелі тілдік қарым- қатынас жасауына мүмкіншіліктер тұғызады.

Бұл жұмыстың өзектілігі, адам іс- әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күнде өзектілікке ие болып отыруында. Отандық және шетелдік оқұлықтарда білім процессін компьтерлендіру ең өзекті факторлардың бірі ретінде қарастырылады. Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде оқұшылардың пәнге деген  қызығұшылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процесінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.

Шет тілді оқытудағы  негізгі мақсат – шет тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру. Шет тілі – қазіргі заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. 21-ғасыр – озық технологиялар ғасыры. Сондықтан, білім беру жуйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы.

Қазіргі кезде жаңа білім беру жуйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер  видеофильм, мультимедиялық презентациялар, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып отыр. Ал шетелде болма-яқ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Ағылшын тілін уйрету процесінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық сүреттер, видео-көріністер, презентациялар және т.б әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониториндағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады. Бұл динамикалық және оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу прцесінде оқушының белсенділігі оянады. Натижесінде оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды.

Қорыта айтқанда, ағылшын тілі- бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі. Ағылшын тілі- ұлы әдебиет тілі. Бұл тілді әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Вальтер Скотт сөйлеген. Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық коммуникациялық білімді және ақпараттық- коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барысында өте тиімді тәсіл екені белгілі. Бұл құралдың құаттылығы соншалықты онымен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы енгізілді. Инновациялық технологияларды сабақта қолдану- бұл оның натижелегіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден бір жолы.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *