Жұбан Молдағалиевтің шығармашылығына арналған “Мен қазақпын” атты әдеби кеш

   Әдеби кеш: Жұбан Молдағалиев

Тақырыбы: «Мен – қазақпын»

 

Мақсаты: Ж.Молдағалиев өмірі, шығармашылығымен танысу. Ақиық ақынның «Мен қазақпын » поэмасына талдау жасау . Ж.Молдағалиевтың қалам өнеріндегі асқан дарынын, шеберлігін таныту, ақынның шығармашылығына сүйіспеншілікті арттыру, оқырмандардың поэзия туралы түсініктерін дамыту.

Көрнекі – құрал: Ж.Молдағалиевтің кітаптарынан «Көркем сөздің шебері» кітап көрмесі.

 

Эпиграф: «Жазбаймын уақыт өтсін, ойлансын деп,

Жазамын, Абайша айтсам, ойлансын деп,

Ойлансын өзі жайлы – заман жайлы,

Көргенді қиялымен байласын тек».  Ж. Молдағалиев.

Кіріспе сөз : Жұбан Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — “Мен — қазақпын” поэмасы (1964).

«Жұбан шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын көреміз. Қазақ жері мен суынан , желі мен көгінен нәралған даладай тынысты , пәрменді поэзияны танимыз.» М.Базарбаев.

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті оқырмандар және көрермендер!

Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» атты тағзым кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Жұбан Молдағалиев 1920 жылы 5 қыркүйекте  Орал облысы, Тайпақ ауданы, Жыланды ауылында дүниеге келген. 1988 жылы 6 қазанда Алматы , Қазақ КСР, КСРО-да қайтыс болған. Жұбан Молдағалиев қазақ ақыны,  сонымен қатар жауынгер, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, “Мен Қазақпын” поэмасының авторы.

Өмірбаяны:

Оралда ауыл шаруашылық техникумын 1940жылы  бітіріп, 1940-1947 жылдары  Кеңес Армиясы қатарында болды. Ұлы Отан соғысына қатысты.

Одан кейінгі жылдары:1948-1952 жылдары  “Лениншіл жас” , 1955-1956 жылдары  “Қазақ әдебиеті” газеттері мен “Жұлдыз” журналы редакцияларында Қазақстан жазушылар одағында 1953-1954; 1963-1971 жылдары бірінші  хатшысы  қызмет істеді. Алғашқы өлеңі “Ленин тірі” Орал “Комсомол ұрпағы” газетінде 1939 жылы басылды. Тұңғыш жинағы “Жеңіс жырлары” деген атпен 1949 жылы жарық көрді. Жұбан Молдағалиевтің көптеген поэмаларында азаматтық сарын мен көңіл күйі лирикасы басым.

Жұбан Молдағалиев 7-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралақасының, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің мүшесі XII—ХӀӀӀ-съездерде болып сайланды. Жұбан Молдағалиев екі рет Еңбек Қызыл Ту және II дәрежелі Отан соғысы, “Құрмет Белгісі” ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Мен – қазақпын поэмасы.

Жұбан Молдағалиев- өзінің атақты “Мен — қазақпын” деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған, отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын. Ол – Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ақындар шығармашылығында Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім жатты. Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа толы болды. Осы ерекшеліктер Жұбан Молдағалиевтің 1949 жылғы “Жеңіс жырлары” кітабында анық байқалады.  Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы -“Мен – қазақпын” поэмасы. Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.

Жұбан Молдағалиев шығармашылығы:

“Жыр туралы” поэмасында 1963 жылы  татар ақыны Кеңес Одағының Батыры Мұса Жәлилдің ерлігі бейнеленген.

Ол “Жесір тағдырында” 1965 жылы  қазақ әйелінің өткен заманғы қатал тағдыры мен оның жаңа өмір жолындағы күресін көрсетті. “Мен қазақпын” поэмасында қазақ халқының өмірі, ұлттық ерекшелігі реалистік тұрғыда берілген. “Айттым сәлем” лирикалық поэмасы махаббат пен ерлікті жырлайды.

“Кісен ашкан” (1969) поэмасында Құрманғазының осы аттас күйіне құлақ қойып, ой жібере отырып, өскен өнер, өркендеген халық тағдыры баяндалған. Оның ақындық өнерін айқын танытқан бұл шығармасына 1970 жылы Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы берілді.

1970 жылы Жұбан Молдағалиевтың таңдамалы шығармаларының 2 томдығы жарық көрді. Жұбан Молдағалиев көркем аударма мен публицистика саласында да жемістіең бекетіп келеді. Бірсыпырашығармалары: ағылшын, неміс, араб, испан, поляк, монгол, француз, венгр және басқа шетел тілдерінде басылып шықты.

Ол Абайды Ұлы ұстаз тұтып, өз шығармаларында ақын бейнесін шебер өрнектеген. Солардың бірі  «Абай шыңына» 1979 өлеңі:

«Шаншылып Алатаудың ұршығындай,

Шабыттың шырқап биік ыршуындай,

Шолыптұршартарапты Абай шыңы,

Шытырман, жакпар-жақпаржыршыңындай…»

– деп, ол ешбір кіріспесіз-ақ кемеңгер ақын бейнесін кескіндеуге бірден бет бұрады.

Ауыл кітапханашысының  кітап көрмесімен таныстыруы.

«Көркем сөздің шебері» кітап көрмесі.

Жүргізуші:                                                                                                                    Жұбан Молдағалиевтің шығармаларынан үзінді оқу. Оқырмандар.

Қорытынды сөз кітапханашыға беріледі.

Жүргізуші: Осымен бүгінгі Жұбан Молдағалиевке арналған кешіміз өз мәресіне жетті.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *