Мамандығым – мақтанышым!

Мамандығым – мақтанышым!

ХХІ ғасырда заман талабына сай тұлға болып қалыптасып, мақсат-арманыңа жету үлкен өнерді, өмір сүру өнерін меңгеруді қажет етеді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, және сол біліміне сай мамандықты меңгеруі қажет. Мамандық дегеніміз – бұл әрбір азаматтың ертеңгі болашағы. Жоғары білім берудің негізгі міндеті маманды тек қана біліммен қаруландырып қоймай, сонымен қатар олардың жеке басының жан-жақты қалыптасуына, дамуына, шығармашылық қабілетінің жетілуіне ықпалын тигізеді.

Мен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде, ғылыми тарих магистратурасында оқимын. Бұл тұрғыда өз мамандығыммен мақтана аламын, себебі менің мамандығым қазіргі уақытта қоғамға қажетті мамандықтардың қатарында. Бүгінде бакалавриатта оқыған мамандығымды магистратурада жалғастырып жатырмын.  Бакалавриатта осы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түсуді армандаған едім. Нәтижесінде, арманым орындалып, өзім таңдаған ғылыми тарих мамандығының магистратурасында оқып жатырмын.

Менің Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таңдау себептерімнің бастысы бұл жерде жоғары деңгейдегі кәсіби оқытушылар – профессорлар, доценттер, сабақ өтеді. Бұл дегеніміз – университеттегі магистранттардың, студенттердің білім сапасының жоғары болатынын көрсетеді. Сондай-ақ, ҚазҰУ – інде студенттердің, магистранттардың білім алуына керекті жағдайлар жасалған. Мұны, біз университет кітапханасының жабдықталуынан байқауымызға болады. Мәселен, кітапхананың екінші қабатында кітаптар, оқулықтарға арналған зал орналасқан. Ал, кітапхананың үшінші қабатында компьютерлермен жабдықталған. Білім алушы студенттер және магистранттар үшін бұл зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Менің ойымша, қазіргі уақытта тек бакалаврда өтілген біліммен қалып қою, бұл маман ретінде қалыптасуға жеткіліксіз. Сондықтан, мен мамандығым бойынша білімді жетілдіру мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын таңдадым.

Мамандығым бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу, мақалаларды қалай жазу керектігі жайында біз – “Ғылыми  зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау” деген сабақ өтеміз. Сондай-ақ, мамандық бойынша: Орта Азия тарихы, Әлем тарихы туралы жазылған іргелі еңбектерді талдап, дискуссия болады. Және де магистрант ретінде, ең бастысы тұлға болып қалыптасу болғандықтан, бізге ең қажетті пән “Басқару психологиясы” болып табылады. Басқару психологиясы дәріс барысында біз көшбасшы мен басшының айырмашылықтарын, ерекшеліктерімен психологиялық типтерін, түрлерін қарастыру ең қызықты тақырыптардың бірі. Сонымен қатар, біз басқару психологиясында адамдардың мінез-құлқын, психологиялық типтерін салыстыру және талдау арқылы қоғаммен қарым-қатынас барысында қажеттілігін аңғарамыз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих факультеті, 7М02210

Ғылыми Тарих мамандығы , 1-курс магистранты: Жұмаділұлы Жәнібек

Жетекшісі – Тленчиева Нұржамал Сейдалиевна, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Cізге ұнауы мүмкін...

комментариев 8

  1. Мамандық туралы жақсы жазылған екен!

  2. Неизвестный пользователь:

    Кушти

  3. Неизвестный пользователь:

    Кушти.

  4. Ануар:

    Жақсы супер бәрі супер

  5. тамаша! Маган катты унады👍🏿👍🏿

  6. Мирас:

    Бұл мақала өте керемет екен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *