Ашық сабақ ” Менің отбасым”
Курбаналиева Гульбахрам Умиржанқызы
Менің отбасым
Білім беру саласы: Әлеумет Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Қоршаған орта Тақырыбы: Менің отбасым Мақсаты: Балаларға өз отбасындағы адамдар туралы білуге, оларды сыйлап , қамқор болуға үйрету. Қажетті кұралдар: Суреттер, саусақ театры, өз отбасылары туралы бейне баян, әріптер . Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: Сәлемдесу. Ән ұран Шаттық шеңбері: Күнің көзі ашылсын, Көкке шуақ шашылсын . Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басығой. Ал қанекей бәріміз, Сәлем дейік үлкенге . Сәлеметсіздер ме, үш тілде Балалар ән ұранды орындады. Шаттық шеңберіне тұрып қимыл қозғалыстар жасады. Ғажайып сәт: Қонақта Дімбілмес: Сәлеметсіндер ме, балалар . Балалар: Сәлеметсыз бе? Дімбілмес: Балалар менің кім екенімді білесіңдер ме? Балалар: Жоқ білмейміз сен кімсің? Мен Дымбілмеспін мен сендердерде отбасы туралы ашық сабақ болып жатыр деп естип білмегенімді сендерден үйренуге келдім. Тәрбиеші: Олай болса Дымбілмес отыр бізбен бірге сабаққа қатыс, біздің балалардан сенің үйреніп білерің көп. Тәрбиеші: Балалар теледидар экранына назар аударайықшы. Теледидардан отбасы туралы суреттер көрсетілді . Ая қызымыз суреттегі кімдер екенін атап берді 1 тұрған әже 2 ата 3 әке 4 ана екенін айтып берді. Дымбілмес олардын бәрін орыс тілде атап оған қазақша аталуларын Ая атты қызымыз үйретті. Тәрбиеші: Жарайсын, Ая Дымбілмес біздін балалардан үйрен. Дымбілмес: Сіздің балаларыныз өте көп біледі екен мен ештеңе білмейді екенмін өйткені Дымбілмес деп атымда айтып тұрғой. Тәрбиеші: Балалар кәнекей бір ойын ойнап тастайықшы « Ойлан тап орнына орналастыр» тақтамен жұмыс жасайық ойының шартымен таныстырып өтейін . Шарты: үстел үстінде суреттер жатыр олардын ішінен қатарымен отбасы суреттерін орналастыру керек ,жанына суретте бірінші кімді тақтаға орналастырса әже болса қасына тақтадағы әріптер ішінен әже сөзін құрастырып әр әріп астына үстелде жатқан суреттен тауып астына керек. Қазына: Әженің суретін тауып орналастырып әріптермен әже сөзін жазып шықты, келесі бала Абдулхамир әріптердін астына әтештін ,жүзімнің, ешкінің суреттерін орналастырып шықты. Тәрбиеші: Балалар әтеш үй құсыма? Жабайы ма? Балалар. Үй құсы деп ажыратып атап берді. Тәрбиеші: Жүзім көкеніс пе? Жеміс пе? Балалар.Жеміс ағашта өседі. Тәрбиеші:Ешкі кандай жануар? Балалар:Уй жануары, сүтін ішеміз, жүнін тоқымаға қолданамыз Тәрбиеші: Жақсы жауап бердіңдер. Осылай кезегімен атаның, әкенің, анасының суреттерін іліп жазып әріпке сай суреттерді әріптін тусына қойып шығады, және оларды атап шығады. Балалар кезегімен қол көтеріп тақтаға шығады. Ата- тақтаға суреттері жапсырды, жазды А әрпінін жанына аттын, Т әріпінің жанына тарақтын, А әрпінің жанына айнанын суретін орналастырды. Тәрбиеші: Ат қандай жануар? Тарақ не үшін керек? Айнаны неге керегі бар? Балалар: Ат үй жануары етін жейміз, сүтін кымыз қылады . Тарақты шашымыз тарауға қолданамыз, Айнаға қараймыз бет- әлпетімізді көреміз. Тәрбиеші: Әкенің суретін орналастырды қасына әке деп жазды, Ә әрпінең тұсына әліппенің суретін, Күшіктін суретін, Е есіктің суретін орналастырды. Әліппе не үшін керек? Күшік қандай жануар? Есік не үшін керек? Балалар: Әліппені оқып әріптерді танимыз, Күшік уй жануары, Есік кіріп шығу үшін керек.
Тәрбиеші: Балалар Ана суретин орналастырып тақтаға қасына Ана деп жазды , А әрпінің тұсына алманың, Н әрпінің тұсына наның, А әрпінің тұсына алмұрттын суреттерін орналастырды. Тәрбиеші: Алма мен алмұрт жеміспен көкеніс пе? Нан не үшін кереке? Балалар: Алма мен алмұрт жеміске жатады ағашта өседі. Нан болмаса ән болмас нанды жейміз нансыз өмір сүралмаймыз. Тәрбиеші: Балалар енді бәріміз бір серігіп сергіту жатығуын жасап жіберейік «Бес саусақ» Бір уйде біз нешеуміз? Кел санайық екуміз, Бас бармағым- Атам. Балан үйрек- Апам, Ортан терек- Әкем. Шылдыр шүмек-Анам, Кішкентай бөбек – мен. Біз уйде нешеуміз? Біз уйде бесеуміз.Дімбілместе балалар мен бірігіп сергіту жатығуларын жасады. Тәрбиеші: Ендігі кезекте балалар теледидар икранына назар аударайық, бұл жерде әр баланың отбасы суреттері көрсетіледі өз отбасындағы адамдардын атын атап немен айналысатынын атап шығамыз. Балалар: Иманғали Атасы, әжесі, анасы, әкесі ,қарындасы мен інісінің атарын атап шықты атасы мен әжесі уй шаруасымен айналасатыннын, анасы бала күтімінде әкесі машина айдайтыны туралы айтты өзі мен қарындасы балалабақшаға келеміз деді жаттаған тақпағын айтып берді. Тақпақтар: Жаз келісімен, күн ысып, Машинасын жүргізіп, Барлық көрші баланы. Маған қоса мінгізіп, Аралайтын даланы Қыдыртатын қаланы- Әкем менің қандайды! Жібек: Кішкентайы- мен үшін, Тағат, байыз таппайтын, Не жемесін, не ішсін, Менсіз тағам татпайтын, Шомылдырып кешкісін, Мен жатпасам, жатпайтын- Анам менің қандай- ды! Еркежан: Атамнан басталар, Әжемнен қосталар, Отбасым мыналар, Ең жақын адамдар- Әкем мен анам бар, Бір туған ағам бар, Бір туған апам бар, Бәрін жақсы көремін, Еркелеймін еркемін. Қазына: Ақылды баулып, тіл ұштар, Өмірдей тезге тартылған, Әдепті бейне дұрыстар. Ата-ана болса өрнекті, Ұл мен қыз өсер көрнекті, Әуезов Мұхан айтқандай, Түзейік бесік- жөргекті. Талшын: Отбасы- жылы ұямыз, Тірегі – ата-анамыз, уыз сүт емес осында, уылжып біздер өсеміз, осындай үлгі аламыз, Айару: Ерте кетіп жұмысқа, үйге кештеп қайтатын, болған күндіз құрылыста, қызықтарды айтатын. Тәрбиеші: Дімбілмес біздің балалардын тақпақтары саған ұнады ма? Дымбілмес: Ой жарайсындар балалар сендер өте таланты, білімді, дарынды, ақылды балалар екенсіндер. Менің сендерден үйренетінім көп екен. Мен анамды-мама, әкемді-папа, атамды-дедушка, әжемді-бабушка деп мүлдем қазақша аталуларын білмей жүрген екем сендердің арқаларында көп сөздерді уйрендім сендерге көп рахмент . Енді менің кететін уақытым болып қалыпты, уйге ертерек барып анама көмектесейін шашып кеткен ойыншықтарды жинап қояйын, мына үстімдегі киімді жөнделеп киуді уйренейін сау болындар балалар.
Тәрбиеші: Дымбілмес сау бол бізге қонаққ көбірек келіп тұр.балалар оқу қызметін тақтадағы суреттерге жауап беру арқылы қортындылайық. Бүгінгі тақырыбымыз қалай аталады ? менің отбасым деп жауап берді балалар. Отбасында кімдер бар? Атамыз, әжеміз, анамыз, әкеміз, аға, апке, іні , сіңлілерім бар. Жарайсындар балалар олай болса келген қонақтарымызбен қоштасайық сау болыныздар келгендерінізге үлкен рахмет.