Заманауи жастар: инновацияны құру болашаққа ұмтылу

Боранбаев Иманғали Қуанышұлы
Мен жастарға: «Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір
заңғарлары үнемі биікке шығарады.Оған жету үшін талмай
ізденіңдер!»- дер едім. Жастарға тоғышарлық, бойкүйездік
дертінен аулақ, сергек, сезімтал болған жарасады.
Ғабит Мүсірепов

Қазіргі жастары жеке өмір сүруді өте ерте бастайтыны баршамызға
мәлім. Экономика, саясат, білім және мәдениет салаларындағы
өзгерістердің қайсыбірі болсын, жастардың өмір сүру жағдайындағы
өзгерістерге үздіксіз әсер етіп отырады. Жоғарғы әлеуметтік мобильділік
жағдайында жастар және олардың құндылықтық көзқарастары түрлі
өзгеріске ұшырап, кедергілерге жолығып жатады. Бұл өзгеріске ең
алдымен құндылық жүйесінің құрылымы ұшырайды. Құндылықтардың
бірі жастардың санасында жоғары дәрежеге ие болса, кейбірі екінші
Жастар – еліміздің тірегі және болашағы.
Жас ұрпақтың басты міндеті – өздері дүниеге келген елдің лайықты
азаматтары болу. Өсу жолына түскен адам әрдайым өзін-өзі анықтау
мәселесіне тап болады. Ол өзін және өз жолын табуға тырысады. Осыған
сүйене отырып, уақыт өте келе ол қоғамда қандай рөл ойнайтынын
түсінеді. Әр адам өз елін жақсартуды және адамдарға көмектесуді өзінің
мақсатына айналдыруы керек. Бұл мемлекетті нығайтуға және жақсартуға
көмектеседі. Қазіргі қоғамдағы жастардың әлеуметтік рөлі – қалыптасқан
стандарттардың дамуы мен өзгеруі. Аға ұрпақ негізінен консервативті.
Адамдар өздерінің техникалық жабдықтарын да, көзқарастарын да
өзгерткілері келмейді. Жастар өзгерісті табиғи және өте қисынды нәрсе
ретінде қабылдайды. Университеттің мектеп оқушылары, студенттері мен
түлектері жаңа білім алғанына қуанышты және оны іс жүзінде қолдануға
асығады. Олардың біліктілігін арттыру – жас ұрпақтың шынайы мақсаты.
Әр адам өзін-өзі тануға ұмтылады. Жастардың дүниетанымдық жәрухани
құндылықтарына әсер ететін жағдайлар ерекше маңызға ие. Ол – халықтың
ұлттық сана-сезімі мен мәдени бірегейлік аясын кеңейтетін бағыт. Бұл
үрдісте «мәдени дәстүр», «тәрбие» және «әлеуметтік орта» үшеуінің
қайсысының маңызы жоғарырақ екенін нақты түсіне алу керек. Қазақстан
жастарының әлеуметтік бейнесі екіжақты болып келеді. Зерттеушілер
жастардың гуманистік құндылықтарға аса мән беретінін дәлелдейді.
Дүниетанымдық көзқарастардың ішінде алдыңғы саптағы үштікке
«Байлыққа қол жеткізу мен өз елінің көркеюі,мемлекеттің
қауіпсіздігі,тыныштық пен адамдардың бақыты» секілді құндылықтар
кіреді. Қазақстандық жастар сапалы білім алу, қалаған мамандығына қол
жеткізу, жақсы маман болу, кез-келген нәрсеге адал еңбекпен қол жеткізу,
еркін әрі тәуелсіз болу сынды құндылықтарды өте маңызды деп есептейді.
Бұл нәтижелер өскелең ұрпаққа нарықтық өзгерістердің, оның ішінде
экономикалық бастамалар, іскерлік және өз ісін ашу секілді идеялардың
таңсық емесін аңғартады деп ойлаймын.Еңбек құндылығы жастардың өзін-
өзі қалыптастыру әдісі ретінде маңызы артып отыр.Бірақ,жеңіл жолды
іздейтінде жастар жоқ емес!Бес саусақ бірдей болмайтыны
секілді,қоғамдағы жастардыңда ойы құндылықтарға келгбасымдылық
берілседе,біз,жастар әркез ізденісте болуымызды сондай-ақ өзімізгеде
қоғамғада пайдасы тиер игі істер орындауды мақсат ете білуіміз
керек!Себебі біз жастар Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің сөзімен айтар
болсақ ел болашағымыз!Болашағымыз жарқын болуы үшін білім мен
ғылымды серік ете отыра ел келешегін кемелді ете білу
Инновация адамның кәсіптік қызыметінің бәріне де тән
болғандықтан, ол табиғи түрде айды. Ол ғылыми әдістердің,жекелеген
мұғалідер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі.Бұл
стихиялы дамымайтындықтан,ол басқаруды қажет етеді.Педогогикалық
үрдістің инновациялық стратегиясында жаңашылдық үрдістерді тікелей
алға апарушыларретінде мұғалімдер мен тәрбиешілердің рөлі зор.
Яғни,оқыту үрдісінің көп түрлілігіне қарамастан, дидактикалық,
компьютерлік, прблемалық, модулдік және басқа да жетекші
педагогикалық қызыметті іске асырумұғалімнің еншісінде қалып отыр.
Оқу-тәрбие үрдісіне қазіргі замандағы технологиялардың енгізілуіне
байланысты мұғалім кеңесшінің,ақылшының,тәрбиешінің қызыметін одан
әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызыметі арнаулы,пәндік білімдермен
ғана шектелмей,педагогика мен психологияның ,оқыту мен тәрбие
технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын
болғандықтан,мұғалімнен арнайы психологиялық-педыгогикалық
дайындық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны
қабылдау,бағалай және іске асыруға дайындық қалыптасады.
Педагогикалық үрдісте инновация оқыту мен тәрбиенің
тәсілдерін,түрлерін ,мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының
бірлескен қызыметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
Инновациялық үрдістің нәтижесі теория мен тәжірбиенің тоғысуында
пайда болатын жаңалықтарды қолдана білуге тиіс.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *