Жаңа мектеп – заманауи мұғалім

Жақсылық Надира Досжанқызы

«Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан»-,  деп дана Абай айтпақшы,  балаға тәлім-тәрбие әуелі ата-анасынан дарыса, ізгілік атаулының қалғаны ұстазы арқылы сіңеді. Біздің қазақ халқы  «ұстазы жақсының ұстамы  жақсы» дегенді алға тартып,  оларға әрқашан құрметпен қараған. Ел тұтқасы болашақ ұрпақтың білім деңгейі, дүниетанымы, әлемге көзқарасы мұғалімге  де тікелей байланысты. Сынаптай сырғып,  дамып жатқан ғасырда  қазіргі мұғалімнің бейнесі қандай болуы керек? Бой емес ой жарыстыратын заманда бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу ұстаздардың мойнына жүктелген ұлы міндет екені хақ.  Жоғары технологияны жетік меңгерген мұғалімнің берер білімі дәстүрлі сабақ беру үлгісінен біршама озық болатыны анық.  Ондай мұғалімнің сабағы да қызықты әрі ұтымды болмақ. Балаларды білімге құштар етіп, ғылымға қызығушылығын оята алу әрбір ұстаздың мақсаты. Шәкірттері келешекте мықты маман атанып, кемел тұлға болып жатса кез келген ұстаздың жеңісі. Біздің асыл дінімізде де ұстазға қарсы келмеу жайында айтылған. Өз ортасына пайдасы тиіп, білім нәрімен сусындатып жатқан ұстазға құрметсіздік көрсетуге біздің еш хақымыз жоқ. Дәрігер қателессе, бір адамның өмірін құртады, мұғалім қателессе – бір ұлтты сауатсыз етеді. Болашақ ұрпаққа қателіксіз білім беріп, дұрыс бағытқа салу үшін, ұстаз әуелі өзін-өзі тәрбиелеп, дамытуы керек.  Қырық жылдық тәжірибесі болса да, қырық минуттық сабаққа дайындықпен келу керек дейтін көреген ұстазымыз. Мұғалім  болам дейтін әрбір адам, осы ережені ұстанса – жаңылмайтын, ұлағаты мол ұстаз болады. Мұғалім мектептің жаны, айнасы.  Мұғалім қандай болса ол оқытқан оқушылары да сондай болмақ. Қазіргі таңда технологиялардың қарқынды дамуына байланысты көптеген мамандықтар өз маңыздылығын жойып жатыр. Көбісіне сұраныста азайып келеді. Бірақ  кез келген ғасырда да өзінің қоғамға керектігімен, өзінің ұлылығымен мәртебесін сақтап қалған ұстаз мамандығы ешқашанда өз мәнін жоймақ емес. Талай дәуірмен астасып, тамыры тереңге кеткен Ұстаздықтың болашаққа да қанатын кеңге жаятыны анық. Себебі, небір ғұлама ғалымдардың, ақын-шайырлардың, дәрігер, спортшылардың артында тұғырлы тірек болып қарапайым ғана ұстаз тұрады.

Ұстаз дейтін аяулы есімнің алдында жер бетіндегі барлық адам қарыздар.  Бағыты дұрыс, керегесі кең дамыған ел болуды қаласақ, әуелі ұстаздардың жағдайын жасап, оларға құрмет көрсетуіміз тиіс. Қалай болғанда да ұстазын сыйлаған халықтың жаман болмайтыны айдан анық.

Бүгінгі таңда жаңа мектепке – қазіргі заманауи мұғалім. Білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтерумен жаңаша ойлайтын оқыту мен тәрбиенің жаңа инновациялық технологияларды күнделікті жұмысында қолдана білетін, білгір иесі болу керек.

Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. «Өмірге ұрпақ берген апаларды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды сондай ардақтауға міндеттіміз» – деп, Бауыржан Момышұлының даналық сөздерін көңіліме түйе келе, тәуелсіз еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеуге өз үлесімді қосу мақсатым.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *