Журналистиканың қызметі қаншалықты еркін?
Жалпы журналистика-идеялармен ақпараттарды тарату,талқылау,өзара алмасуға негізделген,қоғамдық сфераны қалыптастырудан шыққан.Өз уақытындағы оқиғалар,үрдістер,мәселелер және адамдар туралы жаңа ақпаратты жинақтап,үлкен аудиторияға жеткізу процесі.Журналистиканың басты принципі-ақиқатты айту,қоғамның ақпарат алу құқығын сыйлау.Адамзатты толғандыратын бүгінгі және келешектегі маңызды оқиғаларды қамтиды.Ал оның қызметі қаншалықты еркін?
Журналистика басқаларға ұқсамайтын,айырмашылығы бар мамандық.Ол өз шығармашылығы арқылы қоғамға да адамға да қызмет етеді.”Журналистика-бұл миссия” дейді журналистика мен мультимедианың бүгінгі үрдістерін бағалаған жазушы,журналист Дебора Кемпбелл.Журналистика әрі кәсіп,әрі міндет.Қоғам алдындағы жауапкершілік.
Бұл саладағы әрбір маман иесіне басты қажеттілік – еркін сөйлеу өнеріне ие болу.Оның маңызы халыққа тек шынайы ақпаратты жеткізуде.Яғни сөйлеу еркіндігі арқасында журналистер жалған ақпарат легі тарап жатқан заманда ,олардың ақ-қарасын ажыратып,шындықты жеткізіп,халықтың адаспауына үлес қосады.Алайда бұл салада жүрген адамдар кейбір уақытта айтатын не айтпайтын ақпараттар көзіне келіп тоқталады.Осы сәтте олар үшін не шындық бетін ашу,не өз өміріне түсер қауіпке дайын болуы қажет етіледі.Бірақ менің ойымша ,құқығымыз қорғалатын ,сөз бостандығымыз бар мемлекетте ешбір журналист өзіне шектеу қоймай ,таптаулардан еш саспай өтуі қажет.Себебі журналист қандай дәрежеде қызмет атқарсада , қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі.