Қазақ тілінің мәртебесін арттыру – біздің міндетіміз

Қазақстан Республикасының тіл туралы 11-шілде 1997 жылғы заңының 4,7,9 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Бүгін мемлекеттік тіліміз осы биігіне көтерілді ме? Көтерілді деуге қысыламыз. Өйткені, Конституциядағы «Мемлекет­тік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген сөйлем орыс тілінің айын оңынан туғызып тұр. Әлі күнге дейін жиын атаулы қазақша басталып, орысша жалғасады. Қазақ депутаттар сауалдарын үкіметке орыс тілінде жолдай­ды. Мұны көрген орыстілді орта мемлекеттік тілді үйренуге қай­дан ынта танытсын?

Белгілі журналист Есенгүл Кәпқызы мемлекеттік қызмет­керлерге қазақ тілін үйретудің басқа жолын ұсынады. Ол ұсы­нысын өзі жүргізген зерттеуге сүйеніп жасап отыр.

– Мемлекеттік тілді да­мы­туға бюджеттен 2001 жылы 0,1 млрд, 2008 жылы 5 млрд, 2011-2013 жылдары 19,1 млрд теңге бөлінген. 2013 жылы бөлінген 1,7 млрд теңгеден баспа өнім­деріне 1 017 млн теңге, тілді ин­­терактивті оқытуға 121 млн, форумдар мен конфе­ренциялар өткізуге 113 млн, тіл орта­лық­тарын аккреди­та­ция­лаудың методологиялық жүйе­сін жа­сауға 95 млн, www.til.gov.kz пор­талын қолдауға 43 млн, кон­курс­тар өткізуге 31 млн теңге бө­лінген. www.til.gov.kz пор­талын қолдауға бөлінген 43 млн теңге желге ұшты деуге бо­лады. Себебі қазір аталған сайт­тың IP адресі табылмайды, – дейді Е.Кәпқызы. – Алматы қаласы бойынша 2007-2017 жыл­дар ара­лығында мемлекет­тік қыз­мет­шілерге тіл үйретуге 245 млн теңге бөлінген екен. Осы қар­жы­ларды мақсатты жұмсау үшін тапсырыс алған орындау­шы­лар туралы ақпарат таба алмадық.

– Екі елде де мемлекеттік тіл міндетті пән ретінде оқы­тылады. Украинада тіл үйрену үшін мемлекеттік қызметші­лерге бюджеттен ақша бөлін­бейді. Ал біздің елде арнайы қар­жы бөлінеді. Қазақстанда іс-қағаздардың 50 пайызы ғана мемлекеттік тілде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке орна­ласу үшін ук­раиндар сертифи­кат тапсыр­а­д­ы, бізде ол құжат талап етіл­мейді, – дейді. Осы салыстыру­дан-ақ сабақ алуға болатындай. Есенгүл Кәпқызы зерттеу нәти­жесіне сүйеніп, біз­­де тап­сы­рыс берушінің са­тып алушыны таң­дау критерийле­рі жоқ еке­нін, мемлекеттік қыз­метшілерді оқытудың нақты методоло­гия­сы жасалмағанын, сатып алу­шылардың материал­дық-тех­никалық базасы та­лапқа сай еместігін, сатып алу­шы­лар ту­ралы ақпараттың жоқ­тығы өз алдына, олардың қызметі ашық емес екенін айтады.

– Сондықтан мемлекеттік тілді оқытқанда нақты салаға байланысты іс-қағаздарын жүр­гізу курсын ұйымдастыру қажет. Сонымен қатар сатып алушы немесе орындаушылар туралы ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету керек, – дейді Есенгүл Кәпқызы.

Қазіргі  жастардың  да сөйлеу мәнері де өзгерді. Тілімізді шұбарлап, жаргон сөздерді өзара көп қолданып айтады. Ана тілімізде қатесіз әдемі сөйлеу қалып бара жатқандығына қынжыламын. Бүгінгі таңдағы оқулықтардың өзінде грамматикалық қателіктер де шаш етектен. Әрине мұның бәрі өз тілін енді ғана меңгеріп келе жатқан жас бүлдіршіндерге кері әсерін беруі мүмкін. Меніңше заман талабына сай бала-бақшадан бастап, жоғары оқу орындарының оқулықтарына дейін аса зор мән беріліп, олардың  аударылуы мен қатесіне жіті бақылау қажет.

Қазақтың сары  даласы қандай кең болса, тілі де дәл сондай бай. Егер бүгіннен тіл мәселесін көтеріп, оның мәртебесіне мән бермесек, ертең өкініп қап жүруіміз әбден мүмкін. Себебі, әрбір ұлттың тілі, оның ұлттығын айқындайды. Тілі кеми бастаса, ұлттың да жойылу қауіпі бар. Әр ұлтқа тілінен қымбат ештеңе жоқ. Біздің талай ақын-жазушыларымыз жазып қалдырғандай , қазақ тілінің тілі орамды, тарихы тереңде.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *