“Заманауи білім беру: проблемалар мен шешімдер”

Заманауи білім беру: проблемалар мен шешімдер

Павлодар облысы, Железин ауданы

“Ш.Уәлихан атындағы ЖОББМ”КММ бастауыш сынып мұғалімі

Ибрагимова Нуржамал Азимхановна

Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талан-тын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.

Білім беру саласында қоғамның жаңа ақпараттық ортасын қалыптастырып қана қоймaй, жаңа ортада өмір сүруге және жұмыс істеуге тура келетін адамдар дайындалады және тәрбиеленеді.

Алдымен білім сапасы дегеніміз не, анықтап алайық.

Соңғы онжылдықта білім аналитиктері «сапа» сөзін жиі қайталайды. Сапаны бақылау білім беру мекемелерінің білім берудің негізгі құндылықтары мен идеалдарын сақтауы үшін қажет, яғни шындықты еркін іздеу және білімнің риясыз таралуы.

Еуропада білім беру сaпасын академиялық бағалау бойынша комиссия құрылды, конференциялар өтуде. Ресейде адам және білім беру квалиметриясы (өнім сапасын сандық бағалау әдістемесі) бойынша симпозиумдар өтті. Алайда, осыған қaрамастан, білім беру сапасының тұжырымдамасы ғана қалыптасатынын мойындауға тура келеді: тәсілдер анықталады, көрсеткіштер, сапа аспектілері қалыптасады, өлшемдер туралы мәселе қойылады.

Сапамен әрдайым айналысып келеді. Жаңа ештеңе жоқ, «жаңа» деген сәнді сөз пайда болды. Алайда, білім өзгереді, сoндықтан жаңа контексте құндылықтар мен мақсаттарды үнемі қайта пайымдаудың қажеттілігі пайда болады. Егер белгілі бір жетістіктердің тек oқушылар ғана емес, сонымен қатар оқытушылар да білім беру процесінің қатысушылары ретінде болса, білімді сапалы деп есептеуге болады.

 

Білім беру кеңістігінде оқытудың мазмұнын өзгертуде оқушыны білім, білік дағдыларын, өсу динамикасын арнайы бағалау өлшемдерімен анықтау тиімді. Түрлі педагогикалық технологияларды тиімді қолданудың нәтижесі сабақ үрдісінің өсуі мен оқушылар құзіреттілігінің (ақпараттық, мәселені шеше білу, қарым-қатынас) дамуына үлкен үлес тигізетіні анық. Білім сапасы баланың әртүрлі іс-әрекеттерінде білім қолдану мен көп қырлы талдауды меңгеру нәтижесінде көрінеді.

Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын, қалыптастырудағы оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынтасын, жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту – бүгінгі күннің мәселесі.

Жоғарыда айтып өткендей қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық деңгейге жеткізу. Осы бағытта мұғалімдер алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызу қажеттілігі тұр.

Оқушының жан-жақты дамуына, қазіргі заман талабына сай оқытудың жаңа технологиялар пайдалануды керек етеді. Осы мақсатта сын тұрғысынан ойлау технологиясының ролі өте зор екендігін оқу үрдісіндегі іс-тәжірибе көрсетіп отыр.

Қaзіргі заманғы білім беруді реформалау педагогикалық кадрларға жаңа талаптар қояды. Жаңашыл мұғалім өз пәнін жетік білумен қатар, жаңа заман талабына сай озық технолoгияларды жетік меңгерген, әлемдік стандарттарға сай ілесе білетін, өз тарихы мен танымын жоғалтпаған озық ойлы болуы қажет. Сонымен қатар, қызметінің нәтижелерін болжайтын, еркін және белсенді oйлайтын кадр. Білім беруді жаңғырту тұжырымдамасына сәйкес қазіргі кезеңдегі біліктілікті арттыру жүйесінің басым міндеті педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру және қазіргі өмірдің сұраныстарына сәйкес педагогикалық ұжымды қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі күні тез өзгеретін әлемде әлеуметтенген тұлғаны тәрбиелеуге қабілетті педагогтың жоғары білікті, шығармашылықпен жұмыс істейтін, әлеуметтік белсенді және бәсекеге қабілетті тұлғасына сұраныс артты.

Ал мұғалімнің қандай қасиеттері педагогтың кәсіби құзыретті екенін және oның құзыреттілік деңгейі инновациялық педагогиканың талаптарына сәйкес келетінін көрсете алады. Мұғалімнің қандай еңбегін кәсіби білікті деп есептеуге болады? Кәсіби-құзыретті болып педагогикалық қызмет, педагогикалық қарым-қатынас, мұғалімнің жеке тұлғасы жүзеге асырылатын, оқушыларды oқыту мен тәрбиелеуде жақсы нәтижелерге қол жеткізетін мұғалімнің еңбегі болып табылады. Кәсіби құзыреттілікті дамыту – бұл мұғалімнің шығармашылық даралығын дамыту, жаңа педагогикалық инновацияларға деген қызығушылықты қалыптастыру. Педагогтардың кәсіби деңгейіне, олардың үздіксіз білім алуға қабілеттілігіне қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани даму нәтижелері тікелей байланысты.

Педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа әдістемелерді қолдануды оқу үрдісіне енгізудің маңызы ерекше. Сабақтың тиімділігін оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін тақырып материалдарын оқып үйренуде, олардың әртүрлі ізденушілік бағыттағы тапсырмаларды орындауларынан байқауға болады. Оқытудың осындай жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануда мұғалім де, оқушы да табысқа жетіп, білімін шыңдай түседі. Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті – технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.

«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңаны табатын өнер» – деп бес арысымыздың бірі        Ж. Аймауытов айтқандай, ұстаз әрқашан сабақты қызықты етіп, түрлендіріп өткізіп отыруы тиіс. Сонда оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, өз беттерінше ізденіске ұмтылады. Сондай оқушының өз ізденісін тудыру соңғы кездері қатты қолға алынды, үлкен өзгерістерге ие болды.

Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ.

Бүгінгі таңда мұғалімдер басшылыққа алатын ресурстар, әдістемелік нұсқаулықтар баршылық. «Сол әдіс-тәсілдерді қалай пайдалану керек және қайтсек ол нәтижесін береді?» тағы басқа да сауалдарға шамамыз келгенше жауап беріп көрейік.

«Егер оқытуды біреудің басынан басқаның басына білім тасымалдау деп түсінсек, онда адамды ешнәрсеге де үйретуге болмайды» – деген Платон бір сөзінде.

Сол себепті қазіргі заманауи тәсілдерді енгізе білу мұғалімнің жасампаздық қабілетінің артуына үлкен әсерін тигізері сөзсіз.

Мұғалімнің шығармашылығы дами отырып, оқу үрдісінің сапалылығы артады және оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас стилі өзгереді, жаңа сатыға көтеріледі.

Жаңа тәсілдерді білім беру үрдісіне енгізу – көзқарасымызды өзгертуге бағытталған үрдіс.

Әлемдік білім беру жүйесі де жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Бұл ұстаным Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында жан-жақты сипатталған: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу».

Тұлға дамуы оның белсенділігімен тығыз байланысты, өйткені адам бірінші кезекте өз қолымен жасағанды елейді, ескереді, есте сақтайды.

Кеше тұлғаның «миы», «басы», «ақылы», «интеллекті» бірінші орында еді, ал бүгінде адамды бағалауда біз бірінші кезекте оның ішкі дүниесін, рухани ахуалын, адамгершілік қасиеттерін ескереміз. Абайдың «Адам бол» деген рухани қағидасы бүгінде білім игеру жүйесінің басты қағидасына айналып отыр.

Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ.

Бүгінгі таңда мұғалімдер басшылыққа алатын ресурстар, әдістемелік нұсқаулықтар баршылық. «Сол әдіс-тәсілдерді қалай пайдалану керек және қайтсек ол нәтижесін береді?» тағы басқа да сауалдарға шамамыз келгенше жауап беріп көрейік.

«Егер оқытуды біреудің басынан басқаның басына білім тасымалдау деп түсінсек, онда адамды ешнәрсеге де үйретуге болмайды» – деген Платон бір сөзінде.

Сол себепті қазіргі заманауи тәсілдерді енгізе білу мұғалімнің жасампаздық қабілетінің артуына үлкен әсерін тигізері сөзсіз.

Мұғалімнің шығармашылығы дами отырып, оқу үрдісінің сапалылығы артады және оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас стилі өзгереді, жаңа сатыға көтеріледі.

Жаңа тәсілдерді білім беру үрдісіне енгізу – көзқарасымызды өзгертуге бағытталған үрдіс.

Әлемдік білім беру жүйесі де жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Бұл ұстаным Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында жан-жақты сипатталған: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу».

Тұлға дамуы оның белсенділігімен тығыз байланысты, өйткені адам бірінші кезекте өз қолымен жасағанды елейді, ескереді, есте сақтайды.

Кеше тұлғаның «миы», «басы», «ақылы», «интеллекті» бірінші орында еді, ал бүгінде адамды бағалауда біз бірінші кезекте оның ішкі дүниесін, рухани ахуалын, адамгершілік қасиеттерін ескереміз. Абайдың «Адам бол» деген рухани қағидасы бүгінде білім игеру жүйесінің басты қағидасына айналып отыр.

Білім беру реформаларын сапалы жүзеге асыру жолдарын қарастыруда әлем елдерінің, соның ішінде, Жапонияны алатын болсақ, біздің балаларымыздың білім сапасы Жапония елінің білім сапасынан айтарлықтай төмен екендігі анықталған. Олар біздің оқушыларымызға қарағанда едәуір аз пән оқиды. Жапонияда жеке тұлғаның эмоционалдық бет-бейнесін қалыптастыратын пәндер 70%-ды құрайды. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесіне айтарлықтай көп уақыт бөлінеді [2].

Мұғалім мен тұлға арасындағы қарым-қатынаста рухани-адамгершілік байланыс орнатып, ынтымақтастыққа қол жеткізуде Ш. Аманашвили мұғалімдерге мынадай кеңес береді: «Педагогикалық үдерісте баламен тіл табыса білу, яғни балаға өз ойын, талғамын, көңілдегісін айтуға рұқсат беру тәрбиешіден көп шеберлікті талап етеді.

Осынау қарым-қатынаста бала жанының қозғалысымен ынтымақтастық тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады, ал мұғалім өзінің шығармашылық жігер қуатының жемісін көруге мүмкіндік алады.

Басқаша айтқанда, бала шығармашылығы мұғалім шығармашылығымен ұласып кетеді. Мұндай жағдайда мұғалім мен оқушы арасында тұтастық пайда болады» – деп рухани-адамгершілік қай кезде орнығатынын пайымдайды.

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Оқушының дамына әсер етуші әлеуметтік фактор негізінде оқушы, мұғалім, ата-ана, басқа пән мұғалімдері ынтымақтасуы керек.

Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – мұғалімдер. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктейтінін ұмытпауымыз керек.

Ы. Алтынсарин: «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырағы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер, ол – даналықты жүректен ұға білу болып табылады» – деген екен.

 

Пайдаланылған əдебиеттер мен деректер тізімі:

1. Назарбаев Н.Ə. Тарих толқынында. Алматы, 1999.

2. «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ« — ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақста

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *