Қымбатшылықты қалай тоқтатамыз?

Дүкен бағаларының кенеттен әрі үлкен көлемде өсуі жұртты қатты алаңдатуда. Күнделікті қолданыстағы тағамдардың бағасы ұшып тұр. Осы жылы наурыз кезінде инфляция деңгейі шамадан тыс жоғарылап, тіпті рекордтық деңгейге жеткен еді. Еліміздегі ішкі өнім өзімізге жетпейді. Азық-түлік тауарлары 17,9 пайызға қымбатшылық, ел жағдайын қиындатқан болатын. Жылына 500мың тонна қант тұтынатын қазақстандықтар үшін, қанттың бағасы бірден 30%-ға қымбаттағаны ел жағдайын қиындатқандай.
Бірқатар сатушылар, елді дүрліктіріп, үркітпеу мақсатында бағаны жазуды қойғандығын алға тартты. Мәжіліс депутаты Данияр Әлімбаев азық-түлік бағасының инфляциядан өсімінен де асып түскендігі жайлы айтты. күнбағыс майы 33,7 пайызға, қант – 32,8 пайызға, картоп – 16,8 пайызға, жеміс-жидек – 14,9 пайызға, макарон өнімдері – 14,7 пайызға, жұмыртқа 10 пайызға қымбаттаған. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, қазір елдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры шамамен 643,5 мың тоннаны құрайды. Сапархан Омаров 2021 жылдың маусымында халық алдында есеп берген. Сол кезде бұл қымбатшылық жай ғана маусымдықық сипат деген мәлімдемелер жасалған еді.
Бір жылда инфляция 13,2 пайызға жеткенімен, сәуір инфляциясы наурызбен салыстырғанда 3,7 пайыз болған еді. Ұлттық банк есебінше жыл соңына қарай Қазақстанда инфляция деңгейі 18 пайызға дейін өсуі мүмкін. Соған сәйкес тауарлар да қымбаттай береді дейді. Елдегі экономикалық, геосаяси жағдайға байланысты Теле­грамдағы RiskTakersKZ каналының сарапшыларының өз тұжырымдамаларымен бөліскен еді. Бизнес біртіндеп бейімделетін шығар, ал бағаның өсуіне әсер еткен валюталық шок айырбас бағамының күшеюіне байланысты бірте-бірте бәсеңдейді. Нарықтағы монополияны жою және олигархтармен күресу шаралары баға өсімін тежеуі мүмкін. Егер сұраныс пен ұсыныстың жаңа шоктары болмаса инфляция 15 па­йыз деңгейінен төмен қалыптасады деп күтеміз,-деп мәлімдеме жасады. Бағаның өсуіне бірден бір себеп теңгенің құнсыздығы. Қаржыгер Алексей Чебатков теңгенің әлемдік аренадағы құнсыздығын алға тартып, соғыс кезіндегі құнсыздығына түскендігін мәлімдеді. Осы жайттардың елдің экономикалық жағдайына әсер ететіндігі сөзсіз. Ішкі нарықты картоппен қамту көрсеткіші 108,5 пайызды құрай­ды. Бұл-4 миллион тонна,бірақ аталмыш өнімнің ішкі нарықтағы көрсеткіші небәрі 1,9 милиион тонна. Демек, тұтыну көлемі жоғары азық-түліктер дефициты бар және мәселе өзімізге жетпей жатқан ішкі өнімді сыртқа экспорттаумен ушығып отыр. Алдыңғы жылы эксопорт көрсеткіші рекордтық 19 пайыз көрсеткішіне жеткен еді.
Қазақстанда ішкі нарықты қамту үшін сәбіз өндірісінде жыл сайын 5-6 пайыз жетіспеушілік орын алады. Негізгі тапшылық сәуірден шілдеге дейінгі аралықта тіркеледі.
Елдегі болып жатқан мәселелер жайында әр депутат әртүрлі, бір-бірімен ұштаспайтын мәлімдемелер жасаған болатын. Дегенмен баүа тұрақсыздығы ғаламдық масштабтағы мәселеге айналып отыр. БҰҰ-ның азық-түлік және шаруашылық ұйымының мәлімдемесіне сәйкес
былтырғы көрсеткіштермен салыстырмалы түрде баға жағынан 39,7 пайыздық өсім бар. Еліміздің сауда және интеграция министрінің мәлімдемесіне сәйкес, бұл соңғы 10 жылда болмаған, рекордтық көрсеткіш!

Ермек Рауза Кайратқызы

Туран университеті 1 курс

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *