Тәуелсіздік-тірегім!
Тәуелсіздік-тірегім!
Тәуелсіздік – асқақ армандар мен қайсар рухтың жемісі.Тәуелсіздік- сананы жетілдіріп, ұлттық болмысты сақтап қала алатын басты қайнар.
Бізге тәуелсіздік оңай келген жоқ. Біздің ата-әкелеріміз, апаларымыз бостандықты қанмен, термен алған.Ата-бабаларымыз ұлы далада мемлекет формациясын құрып, жүздеген жылдар бойы өзінің төл мекенін сақтап қалды. Олар оны жоғалып кетуден сақтап, оны сансыз жаулардан қорғады. Сан ғасырлық азаттық жолындағы күрестің қисынды нәтижесі біздің заманымызда тәуелсіздікке қол жеткізу болды. Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін салушылар. Қаһарлы Әбілқайырдан қорықпай, олар барлық қиындықтар мен сынақтарды жеңіп, болашақ мемлекеттің іргетасын қалады. Қазақстан тарихы – сан мыңдаған жоңғар әскерлеріне тойтарыс бере білген халықтың тарихы. 16 желтоқсан-еліміздің тәуелсіздік алып, таққа отырған кезі. Міне, осы кезден бастап, туымыз желбіреп көк аспанға көтерілді. 1991 жылдың 16 желтоқсаны… Бұл күннің ел тарихында, халық тағдырында алатын орны ерекше. Бұл атаулы күн мемлекет дамуының жаңа бастамасы болды.
Еліміздің егемендігі кездейсоқ емес,бүкіл қазақ халқының ұзақ та қажырлы күресінің жемісі деп білемін.Сол себепті,біз-саналы ұрпақ тәуелсіздігімізді сақтап,Қазақстанды алдынғы қатардағы ел етуіміз біздің қолымызда.
Тулепбергенова Амина Санатовна
Тұран университетіОқытушы:Әлміш Жадыра
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718