Әлеуметтік желілер газетті алмастыра алады ма?
Қазақ баспасөзінің тарихы 1913-1918 жылдан бастау алған.Елімізде ең алғаш болып басылып шыққан таза қазақ тіліндегі «Qazaq» газетіне биыл 105жыл толып отыр.Бұл газеттің жарыққа шығуында жүрегі қазақ деп соққан өз заманының элитасына айнала білген Әлихан Бөкейхановпен Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатовтың үлесі орасан зор.Тек қазақ тілінде жалпы ұлттық көрініс алған «Қазақ»газеті оқырманның жүрегінен айрықша орын алды.Газеттің оқырманның жүрегінен ойып тұрып орын алуына шындықтың шырақшысы бола білгендегі ықпал еткен болса керек.
Мейрамхан Жәпек, баспасөз тарихын зерттеуші:
– «Қазақ» газетіндегі материалдардың барлығы қазақтың ішкі қоғамында болып жатқан саяси-әлеуметтік мәселелердің бәрін ашық көрсетті. Ешкімнен тайсалған жоқ. Туысқаным, тамырым, танысым дегенге қараған жоқ.
Мейрамхан Жәпік ағамыздың осы сөздерінен біз «қазақ газетінің» оқырманды елітер басты қасиеті шынайылық болғанын байқай аламыз.
Бүгінде елімізде «қазақ» газетінің ізін қуып келе жатқан сапалы да сауатты газеттер саны өте көп деп ауыз толтырып айта аламыз..Мысалы қазіргі таңда “Республикалық газеттердің үздік бестігіне кіріп отырған “Егемен Қазақстан”, “Жас Алаш”, “Ана Тілі”газеттерін ала аламыз.Бұл газеттердің қай қайсысы болмасын әрдайым оқырманға жаңа ақпарат,пайдалы кеңес және ең бастысы шынайы дерек беруге ұмтылады..Жасампаздыққа жаны құмар баспа тілшілері күн сайын бір біріне ұқсамайтын,ұзақ ізденіс нәтижесінде туындайтын жаңа ақпаратпен газет санын толықтырады.Десе де бұған қарамастан Бүгінде “газеттердің оқырмандары тым аз”, “әлеуметтік желі газетті алмастырды”сынды пікірді көп кездестіреміз.Бірақ бұл пікір жоғарыда айтып өткен баспасөз жұмыскерлерінің еңбегін жоққа шығарумен тең.Газет ешқашанда өз оқырманын жоғалтқан емес,жоғалтпайды да.Оқырманның заман талабына сай боламыз деп ақпарат көзін уақытша алмастыруы,әлеуметтік желі газеттің орнын басады дегенді білдірмейді.Себебі әрдайым ақпараттың қаншалықты жалған қаншалықты шынайы екендігін білмеу,бір күні оқырманды жалықтырары анық.Дегенмен,бұл пікірге сыншы тек біреу ол оқырман.Неде болса,баспасөз тарихында газеттің ойып алар орны қашанда ерек болмақ.Себебі:әлеуметтік желілердегі әрбір ақпарат дәл газеттегідей сапалы,әрі сауатты бола қоймас.Бұны біз тіпті әлеуметтік желілердегі көптеген ақпараттардың тақырыбы тек оқырманның көзін қызықтыру үшін,не болмаса көп қаралым үшін қойылатындығы арқылы да байқай аламыз.