Жастар болашақтың қозғаушы күші

Жастар болашақ Қазақстанның бетпердесі демекші,еліміздің болашағы жастардың қолында,олардың еңбекқорлығы,талап-тілектері мен арман-мақсаттарына толықтай байланысты.Сондықтан біліктіде тәрбиелі азаматтарды қалыптастыру ел алдындағы борыш десек қателеспейміз.

Бүгінгі таңда еліміз жастарды тәрбиелеу негізінде саяси экономикалық реформа жүйесінде бірқатар жақсы нәтижеге жетіп отыр.Бұл жолда көрініс табатын бірден бір жағдай-бәсекеге қабілетті ұрпақ дәріптеу.Жастардың ата-бабамыздан келе жатқан құндылықтар жүйесін саналарына енгізіп,әр нәрсеге сын көзбен қарай алуы және ең бастысы үрдістеріміздің бәрін бойларына сіңіріп өсуі.

Дәл осындай жастарды Елбасымыз болашақта өз алдында көргісі келеді.Яғни бәсекеге қабілетті,кәсіби шеберлігі жоғары мамандар ретінде.Осы жолда жаңа білім алу мен жақсы мамандық меңгеру,бүгінгі таңда бірінші орынға шығып отыр.

Дегенменде ойландыратын бір жағдай,еліміздегі кейбір жастардың  теріс діни  ағымға еріп,саналарының көз алдымызда улануы.Шетін көзқарасты діни ағымдар олардың білім мен ғылымға деген ынтасын жойып, өзге мәдениетпен теріс құндылықтарды нәсихаттап, өзара жанжал туғызу жағдаяттарына әкеп соғуы әбден мүмкін.

Жастардың қай заманда болмасын, әрқашан қоғамда әдеуметтік күшке ие болғанын байқаймыз.Олардың әрдайым қоғамда ең белсенді мүше әрі жұмыс күші болып табылады.

Сонымен қорытындылай   келе,жастар ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын басшы,еліміздің  даңқын шығаратын азамат,ел үшін жанын пида қылатын патриот.Осының барлығы олардың қоғам алдындағы маңыздылығын арттыратын бірден-бір себеп.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *