Тәуелсіздік алтын тұғырымыз
Тәуелсіздік алтын тұғырымыз
“ Біз Тәуелсіздікті ақылмен, Ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын”
Н.Ә.Назарбаев
Тәуелсіздік-еліміздің жаңа дәуірінде қол жеткізген ең басты мерекесі. Тәуелсіздік пен азаттық бекерден емес алдыңғы ұрпақтардың қанымен,көз жасымен келді. Ендігі біздің міндетіміз Тәуелсіздікті сақтап, құрметтеу. Азаматтығымзды сақтап қалуымыз үшін ең бастысы, Тәуелсіздік қандай жолмен келгенін аңғарып, қасиетін түсінуіміз керек.
1991 жыл- еліміздің Қазақстан деген есіммен күллі әлемге танылып, зайырлы мемлекет атандық. Саяси әрі экономикалық жүйемізді түбегейлі өзгертіп, санамыз сараланған кез болды. Елбасы айтқандай “ Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ең бірінші жер, шекара, шеп мәселесі болды”- дейді. Расымен де, қазағамның кең байтақ жерін 14 облысқа бөліп, ынтымағы жарасқан, мәдени санасы қалыптасқан біртұтас мемлекет болғанымыз үшін мен мақтан тұтамын. Мемлекетіміздің құндылықтары – ол тәуелсіздік, бірлік,келісім және де өркендеу.
Тәуелсіздікке дейін біз керемет жылдарды бастан өткіздік деп айта алмаймын. Себебі, 1991 жылға дейінгі ел ахуалы анау айтқандай, қуанышты болған жоқ. Мәселен, 1916 жылғы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық кезең, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, 1980 жылдағы қайта құру саясаты.
Мемлекетіміздің тәуелсіздігі үшін өз өміріне балта шауып, қасық қаны қалғанша дейін күрескен ата-бабаларымызға шексіз алғыс! Тәуелсіздікке жетіп, мемлекетіміз өркендеп келеді. Ендігі кезек, тәуелсіз Қазақстан атанғалы бергі жетістіктерімізге назар аударсақ. 1998 жылы Елордамыз Ақмолаға Астана аты берілген болатын, ал 2000 жылдың 10 қазанында Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды. 2001 жылы 16-шы желтоқсанда Қазақстан халқы тәуелсіздіктің 10 жылдығын атап өткен болатын. Ең елеулі оқиғалардың бірі, елімізді бүкіл әлем таныған ккез,яғни 2017 жылдағы Қазақстанда ЭКСПО-2017 көрмесі ұйымдастырылды.
Қорытындылай келгенде, Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс.
Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік тандары
Бақ береді баршаға
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным! – жұртымыз аман, еліміз тыныш болсын!