Қор нарығында доллар бағасы арзандады
*Қор нарығында доллар бағасы арзандады*
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,48 теңгеге төмендеп, 1 доллар 477, 37 теңге болды. Ұлттық банктің 26 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 479, 42 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 480 теңге, сатып алу – 484 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 475 теңгеден болса, сатып алу – 479. Ресей рублі 7,35- 7,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.
ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 26 қыркүйек күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 8,21 теңге болды.