«Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет»
Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Сол себепті бала жастан тәрбие жұмыстарын жүргізу қажет. Жаман- жақсыны ажырата білетін бала еліміздің нағыз патриоты және жанашыры болып өседі. Мектеп қабырғасында мектеп ұжымымежәне оқушылармен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Жемқорлықсыз ел» т.б тақырыптарында көрме, тәрбие сағаттарын, дебат жұмыстарын жиі ұйымдастыру қажет. Сондай- ақ мектепте «Адал ұрпақ» ұйымы өз міндетін атқаруда. Бүгінгі жастар ертеңгі елдің болашағы. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңесінде – сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өтті. Оның пікірінше, заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек. Президент халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейтуге шақырды. Бүкіл қоғамды жемқорлықпен күресуге жұмылдыру қажет. «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» қағидатын баршаның санасына сіңіру бүкіл мемлекеттік органның ортақ жұмысы болуға тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекеттік аппаратта жобалық басқару қағидаттарын енгізуді жалғастыру маңызды. Барлық мемлекеттік орган жұмыстың жаңа форматына белсенді кірісіп, оларды іс жүзінде қолдануы керек. Сондықтан әрбір Қазақстан азаматы осы мәселеге аса баса назар аударуы қажет.
Талдықорған қаласы, Өтенай ауылындағы
МДШО бар №21 орта мектеп директоры
К.Маликова