Мамандығым – мақтанышым
Шинибеков Баглан Оразалиевич
Мектеп бітірер кезімізде алдымызда әрдайым мамандық таңдау тұрады. Мамандық арқылы біз өмір жолымызды табамыз. Негізі мамаңдық таңдаудың өзі оқушылардың ол мамандықтан хабардар болуына байланысты. Мамандықты неғұрлым саналы түрде таңдаса, соғұрлым нәтижесі жоғары болады.
Мектеп оқушыларына мамандыққа баулудың бірнеше аспектілері бар. Мысалы, психологдың тест жасауы, жетістікке жеткен қызықты адамдармен кездесулеруі, кәсіпорындарға экскурсиялар жасауы, жоғары оқу орындарына бару және т.б. Қарап тұрсақ, мектеп оқушыларының көп уақыттарын мектепте сабақта өткізеді екен. Сондықтан, әрбір пәнді өту кезінде мақсатымыз оқушылардың саналы түрде мамандық таңдауға негіз болуы тиіс деп ойлаймын.
Жалпы, мен өзім информатика пәнінен сабақ беремін. Өтілетін сабақтарымды оқушыларға мамандыққа баулу бойынша екі бағытта жұмыс жүргіземін.
Бірінші бағыт – ақпараттық. Өкінішке орай, мектеп оқушылары көптеген мамандықтардан бейхабар. Психологтардың айтуы бойынша «Мамандықты дұрыс таңдау үшін қазіргі кездегі ең танымал мамандықтарды білуі қажет» екен. Сонымен қоса осы мамандықтар кәсіби маман болу үшін мектеп оқушыларынан қандай талаптар қажет ететінін білуі керек. Біздің лицейде информатика пәні 7-сыныптан бастап өтіледі. Сонымен қоса, 7-сынып оқушылары Scratch, Python бағдарламалау тілдері және робототехника бойынша LEGO MINDSTORMS EV3 қосыша сабақтары өтіледі. Өтілген әрбір сабақтарда оқушыларға өздері білетін мамандықтардағы компьютерлердің, бағдарламалудың және робототехниканың қандай маңызды рөл атқаратыны жайлы айтылып отырады. Өтілген тақырыптарды меңгеру үшін оқушылар алған білім-дағдыларын өмірде қайда қолдана алатынын білуі керек. Сондықтан, әр сабақта өтілген тақырыптарды міндетті түрде қандай мамандықтарға қолдана алатыны жайлы тоқталып өтеміз.
8-сыныптан бастап оқушылар электрондық поштамен жұмыс тақырыбы барысында түйіндемелер жіберуді, жұмысқа арналған ұсыныстармен жұмыс жасауды, электрондық кесте құру және С++ бағдарламалау тілдерін үйренеді.
Ал, 9-сынып оқушылары Java бағдарламалу тілін қосымша сабақ ретінде оқып үйренеді және де компьютердің интернет ресурстарымен жұмыс жасау барысында жаңа мамандықтар бойынша ақпарат іздеуді ұйымдастырып, ғаламтордың білім беру ресурстерымен танысып, міндетті түрде жоғары және орта оқу орындарының сайттарына кіріп, ұсыныладын мамандықтармен, оларға қойылатын талаптар мен іріктеу шарттарымен танысып отырамыз. Сабақ өту барысында практикалық жұмыстарды жүргізгенде, мамандықтарға байланысты тапсырмалар мен сұрақтарды камтуға тырысамын.
Келесі бағыт – мамандық элементтерімен танысу. Бұл бағыт бойынша 10-11 сынып оқушылары «Веб-дизайн» және JavaScript сабақтарын оқу нәтижесі ретінде веб-сайт жасау болып табылады. Оқушылар өз өнімін таныстыру кезінде веб-сайт жасау мақсатын және оны қайда қолдануға болатынын айтады. Оқушылар жұмыстарында веб-әзірлеуші, веб-бағдарламашы, копирайтер деген секілді мамандықтарды түсіне бастайды. «Электрондық кестедегі ақпараттарды өңдеу» тақырыптары бойынша оқушылар қоршаған ортаны қорғау және энергияны үнемдеу мәселері кезігеді. Сол кезде экологиямен байланысты мамандықтар ескерілетін болады. Мысалы, экономистер мен инженерлер т.б. мамандықтар жайлы айтылады.
Информатиканың негізгі бағыттарының бірі «Компьютерлік презентациялар» болып табылады. Мысалы, презентация жасау үшін неше түрлі дыбыстар, суреттер, бейне-жазбалармен жұмыс жасауға тура келеді. Клипмейкер, фрилансер сияқты мамандықтардың дағдыларын өз бойында қалыптастырып, осы мамандықтарға деген құштарлықтары артады.
«Мәтіндік ақпараттарды өңдеу техтологиясы» бойынша оқушылар парақшалар, плакаттар, буклеттер, газеттер секілді жұмыстар жасайды. Ал, бұл рерайтер, корректор, көркем-техникалық редактор және көмпьютерде теру операторы сияқты мамандықтарға қызығушылықтарын арттырады. Графикалық редакторлармен жұмыс жасау барысында оқушылар фотограф және дизайнер секілді мамандықтар таңдауына түрткі болады.
Жыл соңында ғаламтор арқылы тақырыптарға сәйкес келетін мамандықтар жайлы зерттеу жұмыстары жүргізіп отырады және де робототехника, информатика бойынша түрлі облыстық, республикалық және халықаралық ғылми жобалар мен жарыстарға қатысып отырды. Лицейіміздің ашылғанына енді 4 жыл толсада оқушыларымыздың жетістіктері айтарлықтай көп, мысылы робототехник бойынша 2019 жылы Облыстық «World Robot Olympiad-2019» робототехника жарысында 7-сынып оқушым Лес Бекнұр 1 орын, 2019 жылы Облыстық «KazRobotics-2019» робототехника жарысында Советалы Данияр 8-сынып оқушысым 1 орын, 2019 жылы Республикалық «Jambyl Robotics Challenge-2019» робототехника жарысында Бейбітов Мұрат 7-сынып оқушым 1орын, 2019 жылы Республикалық «Jambyl Robotics Challenge-2019» робототехника жарысында Төлен Мадияр 9-сынып оқушым 3-орын, 2019 жылы Республикалық «Kazakhstan Robotics Challenge-2019» робототехника жарысында Шамсутдинов Арыстан 8-сынып оқушым 3-орын, 2019 жылы Республикалық «Kazakhstan Robotics Challenge-2019» робототехника жарысында Төлепберген Нұрхат 8-сынып оқусышм 2-орын, 2019 жылы Облыстық «World Robot Olympiad-2019» робототехника жарысында Кемелбек Рамазан 7-сынып оқушым 1 орын, 2020 жылы «Kazakhstan International Robotics Comptition-2020» VEX IQ Халықаралық робототехника жарысында «Create Award» бағыты Ботбай Әлібек 8-сынып оқушым 1орын, 2020 жылы Халықаралық робототехника жарысында «Kazakhstan International Robotics Comptition-2020» VEX IQ бағыты бойынша Бейбітов Мұрат 8-сынып оқушым 2- орын иегерлері атанды.
Информатика пәні бойынша пәндік олимпадалардан 2020 жылы Ресрубликалық жасөспірімдер олимиадасында Лес Бекнұр 8-сынып оқушым 3 орын, 2020 жылы Ресрубликалық бағдарламалау «Junior Programming Contest-2020» олимиадасында Османов Амаль 7-сынып оқушым 1-орын, 2020 жылы Облыстық пәндік олимпиадасында Төлен Мадияр 9-сынып оқушым 2-орын, 2020 жылы Облыстық пәндік олимпиадасында Лес Бекнұр 9-сынып оқушым 3-орын, 2020 жылы Облыстық пәндік олимпиадасында Османов Амаль 9-сынып оқушым 3- орын, 2021 жылы Облыстық пәндік олимпиадасында Төлен Мадияр 9-сынып оқушым 3-орын, 2021 жылы Облыстық пәндік олимпиадасында Лес Бекнұр 9-сынып оқушым 3-орын, 2021 жылы Облыстық пәндік олимпиадасында Османов Амаль 9-сынып оқушым 2- орын, 2021 жылы Облыстық пәндік олимпиадасында Бейбітов Мұрат 9-сынып оқушым 3- орын, 2022 жылы Облыстық пәндік олимпиадасында Төлен Мадияр 9-сынып оқушым 3-орын, 2022 жылы Облыстық пәндік олимпиадасында Лес Бекнұр 9-сынып оқушым 2-орын, 2022 жылы Облыстық пәндік олимпиадасында Османов Амаль 9-сынып оқушым 3- орын, 2022 жылы Облыстық пәндік олимпиадасында Бейбітов Мұрат 9-сынып оқушым 3- орын, 2022 жылы Облыстық пәндік олимпиадасында Қауас Әсемай 10-сынып оқушым 3- орын, 2022 жылы Облыстық пәндік олимпиадасында Жеңісбай Нұрәлі 10-сынып оқушым 3- орын, 2022 жылы Облыстық пәндік олимпиадасында Аманбай Нұрбек 7-сынып оқушым 3-орын жүлдегерлері атанды.
Пәндік ғылыми жобалар бойынша 2022 жылы Облыстық ғылыми жоба жарысында Лес Бекнұр 10-сынып оқушым 3-орын, 2022 жылы Облыстық ғылыми жоба жарысында Бейбітов Мұрат 10-сынып оқушым 3-орын, 2022 жылы Республикалық ғылыми жоба жарысында Лес Бекнұр 10-сынып оқушым 3-орын, 2022 жылы Республикалы ғылыми жоба жарысында Бейбітов Мұрат 10-сынып оқушым 3-орын иегерлі атанып лицей және облыс абройын қорғап келеді.