АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – АУДАРМАШЫ, ҒАЛЫМ

Нурмухамбетова Қаламқас Орынбаевна

Қостанай қаласының білім бөлімі ҚМУ

 «Физика-математика лицейі»

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

 

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – АУДАРМАШЫ, ҒАЛЫМ

А х м е т Байтұрсынұлы – қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Өз халқының кемеңгер перзенті Ахмет Байтұрсынов халықты білімге, ғылымға шақырғаны бәрімізге мәлім. Ол 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. 1884 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895 – 1909 ж. Ақтобе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс- қазақ училищерінде мұғалімдік қызмет атқарады. Ахмет Байтұрсыновтың қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш еңбегі «Әдебиет танытқыш» екенін білеміз. Ол тілші ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілінің мәселелері туралы мақалалар жазды. Табиғатынан зерек Ахмет Байтұрсынов 1882-1884 жылдары ауыл адамдарынан сауатын ашып, кейін ауыл мектебінде оқиды. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады. 1895-1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде мектептерде, училищелерде сабақ береді. Қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттейді. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді. 1913-1918 жылдары өзі ұйымдастырған “Қазақ” газетінің редакторы болып еңбек етеді. Газет бетінде халық өмірінің мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге шақырады. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Алаш қозғалысын ұйымдастырып, бағдарламасын жазған. Қазақстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады. Қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың мол әдеби, ғылыми еңбектері қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахмет Байтұрсынұлы – аудармашы, ғалым. Тарқатып айтсам, ол орыстың классикалық жазушысы И.А.Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен Санкт-Петербург 1909 жылы императорлық ғылыми академиясының баспаханасында жеке кітап етіп шығарды. Мысалдарда әр түрлі аңдар, әр түрлі адамдар кейпінен хабар беріп, ишара тұжырым жасалады. Кісілердің мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, заман қабағына қатысты көптеген жайттарды, әсіресе, патша отаршыларының зорлықзомбылығы, жуандардың, байлардың тепкісі, елдің азып- тозуына байланысты сарындарды А. Байтұрсынұлы жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді. Кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар. Аудармасында мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, егіліп төгіліп тұр. Орысшасында үш шумақ – он екі жол. Тәржімасында бір шумақ артқан. Одан мағынасына өзгеріс кірген жоқ. Ой қызығы болатын бөлшектерді түгел жалғыз-ақ айырмасы – Крыловтың көп мысалдарындағыдай, түпнұсқаның бас жағында жүретін кіріспе шумақты А.Байтұрсынов соңына шығарып, қорытынды етеді. «Маймыл», «Өгіз бен бақа», «Емен мен жілік», «Бұлбұл мен есек», «қаптесер мен көртышқан», «Маймыл мен көзілдірік», «Жал мен ажал» секілді мысалдарды аудару машығы жағынан осы бірінші принциптің жемісі. 1911 жылы Орынбор қаласында “Маса” атты өлеңдер жинағы шықты. Мәселен, “Маса” өлеңінің өзегі білімге, еңбекқорлыққа шақырады. Көмекке зәру халқыңды білім арқылы биікке көтер, еңбек ет деп үндеу тастайды. Бұл өлеңдер біздің өмірімізде әлі де маңызын жоймай келеді. Осы өлеңді зерде салып оқып түсінгенім, маса сияқты құр ызыңдап ұша бермей, еліңе еңбек ет, ұйқыдан аулақ бол деп жалқаулықтан сақтандырады. Иә, бұл өлең біз үшін қазіргі сәтте керек – ақ. Бұл, шындық. Міне, дәл осы сәтте ақынның өлеңі оқушылардың санасына ой салатыны анық деген ой түйдім. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің реформаторы, теоретигі әрі қазақ тіл білімінің атасы. Ол араб әріптерінің негізінде қазақтың төл әліпбиін жасады. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдарға анықтамалар берді. Мәселен, «Тарту» өлеңінде «Балалар, бұл жол басы даналыққа, Келіңдер түсіп, байқап қаралық та» деп ғылымның бастауы білім екендігін үндеп, оқуға шақырған ұлт ұстазының арманы бүгінгі күні жүзеге асырып отырмыз деп мақтанышпен сенімді түрде айта аламын. Мәселен, ол білім өзін – өзі асыраудың құралы емес, бүкіл жаңалықтарға бастайтын жол деп түсінді. Педагог білімге сипаттама беру барысында білімді инемен құдық қазғандай деп қорытынды жасауы тегін емес. Бұл тұжырымын “Даналық-өшпес жарық, кетпес байлық” деген өлең жолдарынан анық байқауға болады. Осы тақырыпқа ізденіс үстінде ұлы ақынның білім мен тәрбиені ешқашан бөліп қарамағанын түсіндім. Өйткені, жақсы тәрбие тек білім арқылы ғана келеді деп үндеу тастаған ақын ұлттың санасын көтере отырып, өз шығармашылығында ең бастысы білімге көңіл аударды. Яғни, білімді рухани дүниесі мол адам ғана дамудың биік сатысына көтерілетіні сөзсіз. Ахмет Байтұрсынов сөз өнерінің шебері деген пікірге келдім. Олай деу себебім, ұлы ақынның өлеңдері бүгінгі күні де мені қанаттандырып, шәкірттерімнің талабын ұштайды. Осы мақаламды жазу үстінде педагог әрі ақынның теңеп сөйлеу шеберлігі, көркемдеп жеткізуі өте жоғары деңгейде деп сүйсіндім. Ойымды түйіндей келе, аудармашы ретіндегі туындыларының мәні зор, болашақ ұрпақ үшін өміршең дегім  келед

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *