ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРЫ

Толыбаева Феруза

ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР

Өтпелі тақырып: «Балабақша»

(Қыркүйек)

 

1. апта «Менің балабақшам» «Денсаулық»-3

Дене шынықтыру           ( 2,5 сағат )

Валелогия-0,5

«Коммуникация»-5

Сөйлеуді дамыту (1)

Сауат ашу-(2)

Орыс тілі-(1)

Көркем әдебиет- (1)

 

«Таным»-2,5

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру (1 )

Жаратылыстану-1

Құрастыру (0,5)

«Шығармашылық»-5

Сурет салу (1с)

Музыка (2с)

Мүсіндеу (1)

Аппликация (1)

«Әлеумет»1,5

Өзін -өзі тану –(1)

Қоршаған ортамен танысу (0,5)

 

    Дене шынықтыру

1.-Орташа жылдамдықпен жүгіру;

-Биіктікке секіру;

-Құм қапшықты лақтыру;

2. -бір-бірден қатарға тұру жаттығулары;

-тепе теңдікті сақтау және секіру жаттығулары;

Валелогия

Мен балабақшадамын. Балабақша ауласындағы ойын алаңымен таныстыру. Қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

 

Сөйлеуді дамыту

Топ бөлмелері мен топтағы заттарды, заттардың бөлшектерін ажыратып атауға, сөздегі дыбыстарды анық айтуға үйрету.

Сауат ашу.  2 сағат

Сурет бойынша сұрақтарға жауап беруді,әңгіме құрастыруды үйрету.

Көркем әдебиет

Балабақша туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес әңгіме оқып беріп оқиғаны эмоционалды қабылдауға үйрету.

Орыс тілі

ҚМҰҚ

Жиын. Көп – аз. Жалпы қасиеттері бойынша заттарды топқа біріктіру

Жаратылыстану

Балабақшаға саяхат жасау арқылы балаларды балалабақша ауласымен,топ бөлмелерімен таныстыру.

Құрастыру

Әртүрлі құрылыс материалдарымен таныстыру, әртүстегі бөлшектерден орындықтың құрылысын құрастыруға үйрету.

 

Сурет салу

Түрлі бағытта түзу сызықтарды олардың қиылысуын жүргізе білуді үйрету, балабақша ауласындағы жолды ондағы гүлзардың суретін салу

Музыка

Түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдауды, бірдей қарқында ән салуға, бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын игеруді үйрету

Музыка

Түрлі сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдауға, есте сақтауға, әнді сергек, ширақ, әндете, айтуға, әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін үйрету.

Мүсіндеу

Ермексаз және сазбалшықтың қасиетерімен танысу дағдыларын жетілдіру, олардың кесектерін домалату, ширату, созу тәсілдерін үйрету.

Аппликация.

Үйдің суретін қиып жабыстыруға дағдыландыру.Балабақша екінші үйіміз деп үйрету.

Өзін -өзі тану

«Өзін – өзі тану» пәні туралы алғашқы түсінік беру. Шаттық шеңңбері, Әңгімелесу, Ойын «Сиқырлы қоржын», дәптермен жұмыс, Дәйексөз, сергіту сәті. Тыныштық сәті Ғажайып сөздер. Қортындылау. Жүректен жүрекке.

Өтпелі тақырып: «Балабақша»

(Қыркүйек)

 

2. апта «Менің достарым» Дене шынықтыру

1. – белгі  бойынша заттар арасымен жүружәне бытырап жүгіру жаттығулары;

– доппен ойын-жаттығулар.

2. – ақырын жүгіру 2мин 20сек;

– допты лақтыру;

– кегли құлату.

Дене шынықтыру

-бір-бірден қатарға тұру жаттығулары;

-тепе теңдікті сақтау және секіру жаттығулары;

-«Ұшты-ұшты» қ.о.

Сөйлеуді дамыту

Достық туралы түсінік беру, зат есімдердің жекеше түрін қолдануға, ересектердің сөзін зейін қойып тыңдауға және түсінуге үйрету.

Сауат ашу. 2 сағат

Сөз бен сөйлем туралы түсінік беру.Сөздің дыбыстан құралатынын түсіндіру.

Көркем әдебиет

Балаларға театр туралы ақпарат беру,кейіпкерлерге деген өз көзқарасын білдіруді қалыптастыру.

Орыс тілі

ҚМҰҚ

Кеңістікті бағдарлау: бетінде – үстінде – астында, алдында – артында, оң жақта – сол жақта

Жаратылыстану.

Балаларды топқа  жаңа келген балалармен жақынырақ таныстыру.

 

Сурет салу

.Досына сыйлық жасауды ұсыну.

Музыка

Түрлі сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдауға, бірдей қарқында ән салуға, бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын игеруді үйрету

 Музыка

Әнді сергек, ширақ, әндете, айтуға, әуенмен бірге қарапайым элементтерін үйрету.

Мүсіндеу

Достарына сыйлық үшін бір әдемі затты өз еркімен мүсіндету.

Аппликация

Досының қалпағын жапсырып әсемдеу.түрлі –түсті қағаздан безендіру.

Өзін -өзі тану

Адамгершілік «жақсы адам» ұғымдарының мағанасын түсіндіру, Шаттық шеңбері. Әңгімелесіу. Дәйексөз. Тыныштық сәті.

 

 

 

 

Қоршаған ортамен танысу

Ойыншықтар туралы білімдерін, қарапайым түсініктерін, қалыптастыру

Өтпелі тақырып: «Балабақша»

(Қыркүйек)

 

3. апта «Менің сүйікті ойыншықтарым» Дене шынықтыру

1.-жұптасып жүру , 2-3 тізбек жасап жүру, жетекшіге қарап түзелу;

-бір-біріне екі қолмен допты домалату;

-тақтай үстімен еңбектеу.

2. -Сапқа тұру, сап түзеу, оңға, солға бұрылу;

-екі қолын шапалақтап жүру, жәй жүгіру;

-Көкпар ұлттық ойыны.

Валелогия

Біздің көмекшіміз – Гигиена. Не үшін қол жуамыз, ауыз шаямыз, тіс тазалаймыз?Тазалық не үшін керек екенін түсіндіру.

 

Сөйлеуді дамыту

Ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, заттарды жалпы белгілері бойынша топтастыруға, сөздерді жіктелуіне қарай байланыстыруға үйрету.

 

Сауат ашу

Сөз бен сөйлем туралы түсінік беру.Сөзден сөйлем құралатынын түсіндіру.

 

Көркем әдебиет

Ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес тақпақтың интонациясын сақтап айтуға үйрету.

 

Орыс тілі

ҚМҰҚ

Заттардың қасиеттері (пішіні,көлемі). Заттарды биіктігі, ұзындығы,ені,жуандығы,бойынша салыстыру.

Жаратылыстану

Ойыншық неден жасалған? Бала өміріндегі маңызы

 

Құрастыру

Кірпіштерді қалау арқылы ойыншықтың құрылысын құрастыруды үйрету

 

Сурет салу

Түзу сызықтарды түрлі бағытта салуды жетілдіру, сүйікті ойыншығының суретін салу.

Музыка

Пьесаның көңілді мазмұнына эмоциялы көңіл-күй танытуға, әнді сергек, ширақ, әндете, айтуға, әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындауға үйрету

Музыка

Музыкалық ойыншық аспаптардан (сылдырмақтың) дыбыс шығаруын ажыратуға, ересектермен бірге ән салуға, музыка сипатына қимылмен жауап беруге үйрету

 Мүсіндеу

Өзінің жақсы көретін ойыншығын мүсіндету.

Аппликация

Ойыншықтар дүкеніндегі допты жапсыру.Ойыншықтарға ұқыпты болуға тәрбиелеу.Техникалық дағдыларды бекіту.

 Өзін -өзі тану

Әр – бір баланың жеке тұлға екенін түсіндіру. Шаттық шеңбері. Әңгімелесу «Айна» ертегісі. Ойын «Мен қандаймын». Өзіммен өзім. Дәйексөз. Сергіту сәті,дәптермен жұмыс. Ғажайып сөздер. Қорытындылау. Жүректен жүрекке.

Өтпелі тақырып: «Балабақша»

(Қыркүйек)

 

4. апта Жиһаздар Дене шынықтыру

1. -өткен сабақты пысықтау;

-Өкшемен жүру;-Жалаушаны тез жеткізу

2.- екі-екіден қол ұстасып, бірінің артынан бірі “жылан” жүріспен жүру;

– 3-6м жерде тұрған ойыншыққа дейін жарыса еңбектеп жету, тұру, оны алу, кері қарай жүгіру.

Дене шынықтыру

-аяқтың ұшымен, өкшемен 1,5 минутқа дейін жүру жаттығулары;

-орнынан ұзындыққа секіру;

-допты жоғары лақтырып, екі қолмен қағып алу.

Сөйлеуді дамыту

Жиһаздар туралы түсініктерін кеңейту, сөздік қорды заттардың қасиетін білдіретін сөздермен толықтыруға үйрету.

Сауат ашу.

Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету.Түрлі дыбыстарды тыңдату.

Көркем әдебиет

Құрдастарымен қарым-қатынас жасауды дамыту.

Ертегіні сахналауға үйрету.

Орыс тілі

ҚМҰҚ

«Ғажайып әлем» Геометриялық пішіндер (дөңгелек,шаршы,үшбұрыш,тікбұрыш,сопақша). Төртбұрышпен таныстыру. Оны шаршымен және тікбұрышпен салыстыру.

Жаратылыстану

Ағаштан не жасалады? Ағашқа тәжірибе жасау.

 

Сурет салу

Түзу сызықтарды қиылыстыру арқылы шкафтың суретін салуды үйрету

Музыка

Музыкалық ойыншық аспаптардан (сылдырмақтың) дыбыс шығаруын ажыратуға, әннің сөздерін анық, нақты түсініп орындауға, музыка сипатына қимылмен жауап беруге үйрету

Музыка  Пьесаның көңілді мазмұнына эмоциялы көңіл-күй танытуға, әнді сергек, ширақ, әндете, айтуға, әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындауға үйрету

Мүсіндеу

Өзінің жататын кереуетін мүсіндету.Өз заттарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу.Жихаздың қандай материалдан жасалатынын түсіндіру.

Аппликация

Ұлттық бұйым сандықпен таныстыру.Техникалық дағдыларды бекіту.Үлкендерді құрметтеуге үйрету.

 

Өзін -өзі тану

Әр бір баланың қайталанбайтын жеке тұлға екенін ұғындыру. Шаттық шеңбер. Әңгімелесу «Әйбәт есімдер». Қыздардың және ұлдардың есімі. Тыныштық сәті. Ойын «Мадақтау». Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс. Дәйек сөз. Жүректен жүрекке.

Қоршаған ортамен танысу

Балабақша мен балабақша қызметкерлері туралы ұғымдарын кеңейту, балабақшаға жағымды көзқарастарын калыптастыру

Өтпелі тақырып: Менің отбасым (Қазан)

 

1.апта «Менің отбасым, ата-аналар еңбегі» Дене шынықтыру

1.Тапсырманы орындай отырып, сапта бір-біреуден жүру және жүгіру. Бір орында ұзындыққа секіру.Қарама-қарсы отырып, аяқты алшақ ұстап допты домалату.

2. -әр түрлі бағытта жүру;

-сатыдан өрмелеу;

-заттың үстімен қос аяқап секіріп шығу.

Валелогия

Жүрек және оның қызметі туралы беру және толықтыру.Өз жүректерінің қағысын тыңдату.

Сөйлеуді дамыту

Отбасы мүшелері туралы әңгімелесу, дауысты дыбыстарды анық айтуға, сөздерді септелуіне қарай байланыстырып айтуға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату.

Сауат ашу

Сөздердің ұзынды-қысқалығын қолмен өлшеу. «А» дыбысымен таныстыру,ауада жазып көрсету. «Гүл» нүкте бойымен сурет салу.

Көркем әдебиет

Отбасы туралы түсінігін кеңейту, тақырыпқа сәйкес шығармадағы кейіпкерлерді ойнағанда олардың мінездерін бере білуге үйрету

Орыс тілі

 

 

ҚМҰҚ

0 саны мен цифры. 1 саны мен цифры.

Жаратылыстану

Ауыл адамдарының еңбектерімен таныстыру.Үлкенді ,олардың еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Құрастыру

Пластиналарды тік және көлденең орналастыру тәсілімен құрастыру

 

Сурет салу

Ата-аналарына деген сүйіспеншілігін сурет арқылы білдіру.

Музыка

Аспаптық пьесалардың қарама-қарсы әуендерін қабылдауға, әнді таза, түсінікті, көңілді айтуға, музыка бөліктерінің өзгеруіне қимылмен жауап беруге үйрету. Музыка

Музыкалық ойыншық аспаптардан (сылдырмақтың) дыбыс шығаруын ажыратуға, ересектермен бірге ән салуға, әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындауға үйрету

Музыка

Дискеттен қазақтың күйлерін тыңдату.Домбыра туралы мағлұмат беру.

Мүсіндеу

Дөңгелектеу, ширату, созу тәсілдерімен заттарды мүсіндеуге үйрету.

Аппликация

Отбасы туралы түсінігін молайту.Техникалық дағдыларды бекіту.Отбасын жақсы көруге,сыйлауға тәрбиелеу.

Өзін -өзі тану

Жақсылық қуаныш ұғымдары туралы түсінік беру. Шаттық шеңбері. Әңгімелесу «Туған күн» Дәйек сөз. Тыныштық сәті. Дәптермен жұмыс. Ойын «Қуаныш сыйлау». Ғажайып сөздер. Қорытындылау. Жүректен жүрекке.

 

Өтпелі тақырып: Менің отбасым (Қазан)

 

2.апта Біздің көше Дене шынықтыру

1. -аяқтың ұшымен, өкшемен 1,5 минутқа дейін жүру жаттығулары;

-орнынан ұзындыққа секіру;

-допты жоғары лақтырып, екі қолмен қағып алу.

2. -тізені сәл бүгіп, баяу қарқынмен жүгіру;

-құм қапшықты басына қойып жүру;

-башпайларымен матаны жиырып жинау.

 Дене шынықтыру

-әр түрлі бағытта жүру;

-сатыдан өрмелеу;

-заттың үстімен қос аяқап секіріп шығу.

Сөйлеуді дамыту

Өзінің тұратын көшесі туралы әңгімелесу, сөздік қорды заттардың сапасын білдіретін сөздермен толықтыруға, зат есімдерді жекеше, көпше қолдануға үйрету.

Сауат ашу.

«Т» дыбысымен таныстыру,ауада жазу.Т дыбысына сөздер айту.

Көркем әдебиет

Ата мен әженің ақылын тыңдауға үйрету.Адамдардың қарым-қатынасын көрсете білу.

 

Орыс тілі

ҚМҰҚ

2 саны мен цифры. 2 санының пайда болуы. «+» және «=» белгілері.

 

Жаратылыстану

Көшедегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.өз көшесінің атауын білуге үйрету.

 

Сурет салу

Бірнеше тік сызықтарды салу арқылы асфальтка түрлі-түсті борлармен дөңгелектің  суретін салуды үйрету

Музыка

Әннің қарама-қарсы әуендерін қабылдауға, әнді таза, түсінікті, көңілді айтуға, музыка бөліктерінің өзгеруіне қимылмен жауап беруге үйрету.

Музыка

Қазақтың күйшілерімен таныстыру.Күй ырғағымен билеген бишілердің қимылын көрсету.

 Мүсіндеу

Дөңгелектеу, ширату, созу тәсілдерімен көшедегі өсіп тұрған ағашты мүсіндеуге үйрету.

Аппликация

Бағдаршам жасату.Техникалық дағдыларды бекіту.Отбасын жақсы көруге,сыйлауға тәрбиелеу.

 

Өзін -өзі тану

Адамның сезімдері оның адамға тигізетін әсері туралы түсінік беру. Шаттық шеңбері. Әңгімелесу «Әдептілік әдемі» Қ/ойын «Көкбар»

Сахыналау «Жақсы көңіл күй сыйлаймыз» Ғажайып сөздер. Жүректен жүрекке.

 

 

Қоршаған ортамен танысу

Үйде және көшеде абай болуға үйрету

Өтпелі тақырып: Менің отбасым (Қазан)

 

3. апта Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік Дене шынықтыру

1. Аралықты сақтай отырып жүру және жүгіру.

Оң және сол қолмен құм қапшықты лақтыру.

2-3 м қашықтыққа алға жылжи отырып секіру.

 Валелогия

Мен үйдемін. Үйдегі қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.Үлкендердің ақыл-кеңесін тыңдауға үйрету.

Сөйлеуді дамыту

Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік туралы қарапайым ережелермен таныстыру, заттардың бөлшектерін ажыратуға және атауға, дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету

Сауат ашу.

«П» дыбысымен таныстыру,ауада жазу.П дыбысына сөздер айту.

сөздің ұзын қысқалығын қолмен өлшеп айыра білуге үйрету.

 

Көркем әдебиет

Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес әңгіме оқып беріп кейіпкерлерге жанашырлық танытуға үйрету.

 

Орыс тілі

 

 

ҚМҰҚ

3 саны мен цифры. 3 санының пайда болуы. Кеңістіктік қатынастар: арасында, ортасында.

 

Жаратылыстану

Үйдегі және көшедегі қауіпсіздікпен таныстыру, қауіпсіздік ережесін үнемі ұстану арқылы өз өмірін сақтауға тәрбиелеу.

Құрастыру

Ірі құрылыс материалдарынан көшенің құрылысын жасауға үйрету

Сурет салу

Дайын тамақ пісіретін пештің суретін бояуға үйрету.

Музыка

Түрлі сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдауға, бірдей қарқында ән салуға, бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын игеруді үйрету.

Музыка

«Два гуся» әніне қимыл-қозғалыс жасауға үйрету.

Мүсіндеу.

Балаларға үйде және көшеде қауіпсіз жүру үшін не істеуге болады,не істеуге болмайтынын түсіндіру.Сіріңкені мүсіндеу және оған тиісуге болмайды деген белгі қою.

Аппликация

Бейнеленген заттарға сәйкес түрлі түсті қағаздардан дайын пішіндерді таңдауды, желімді қылқаламға ұқыпты түрде жағуды, ит пен мысықтың бейнесін жасауды үйрету

 Өзін -өзі тану

Қамқорлық ұғымының адамгершілік, құндылық ретіндегі мәнді ашу. Шаттық шеңбер. Әңгімелесу «Жәй ғана  әжей» Дәйексөз. Сергіту сәті. Сәлем берем үлкенге. Дәптермен жұмыс. Тыныштық сәті. Ойын жаттығу «Мен қамқор баламын» Ғажайып сөздер. Қорытындылау.

 

Өтпелі тақырып: Менің отбасым (Қазан)

 

4. апта Алтын күз Дене шынықтыру

1. -тізені жоғары көтеріп адымдап жүгіру;

2.жіп астынан еңбектеу;

3.секіру және доппен йын-жаттығу

білуге үйрету.

Дене шынықтыру

-сызылған сызық үстімен аяқтың ұшымен жүру;

-арқан астымен еңбектеу;

-допты 2м, 3м қашықтықтан оң және сол қолмен горизонталь нысанаға  лақтыру.

Сөйлеуді дамыту

Күз туралы түсініктерін кеңейту, әңгімелесу кезінде берілген сұрақтарды тыңдауға және түсінуге, киімдерді топтастыруға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату.

Сауат ашу.

«Н» дыбысымен таныстыру,ауада жазу.Н дыбысына сөздер айту.

сөздің ұзын қысқалығын қолмен өлшеп айыра білуге үйрету.

Көркем әдебиет

Көркем шығарманы  мұқият тыңдауға үйрету. Ертегіні сахналауға үйрету.

Адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.Сөздік қорын дамыту.

 

Орыс тілі

 

 

ҚМҰҚ

Салмақ туралы түсінік. Көрсеткіштері қарама-қарсы (алақандағы) заттардың салмағын салыстыру.

Жаратылыстану

Жыл мезгілдері:  күздің  белгілерімен,ерекшеліктерімен таныстыру.Дархан күздің сыйлары туралы білімін бекіту.

 

Сурет салу

Ағаштардың дайын суретінің үстінен және саусақпен салу әдісімен сары жапырақтарды орналастыру.

Музыка

Музыканың ырғағына сай жемістер биін билету, би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындауға үйрету

Музыка

Орыстың «листопад» әніне билету.

Мүсіндеу.

Балаларға «Алтын күз» көрмесіне жеміс-жидектер мүсіндету.

Аппликация

Алтын күздегі сары жапырақтарды қиып жапсыруға үйрету,жыл мезгілі туралы түсінігін бекіту.

Өзін -өзі тану

 

Қоршаған ортамен танысу

Отбасылық суреттерді қарастыруға және отбасы мүшелері мен олардың әрекеттерін, қазақ және басқа халықтардың тұрмыстық заттарын атауға үйрету

Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау» (Қараша)

 

1. апта «Өзім туралы» Дене шынықтыру

1.Бағытты өзгертіп жүру және жүгіру.

2.2-3 м қашықтыққа алға жылжи отырып секіру.

3.Еденге қойылған тақта бетімен еңбектеу.

Валелогия.

Менің күн тәртібім.Өзінің  бір күні бой не істейтінін тәптіштеп айтып беруге үйрету.

Сөйлеуді дамыту

Өзінің дене мүшесін ажыратып атауға, дене мүшелерінің атқаратын қызметтерін айтуға, сөздерді жіктелуіне қарай байланыстыруға үйрету.

Сауат ашу

«О» дыбысымен таныстыру,ауада жазу.О дыбысының таңбасын жазуға үйрету.

Көркем әдебиет

Өзі, дене мүшелері туралы әңгімелесу, тақырыпқа сәйкес шығармадағы бейнелі сөздерді есте сақтауға үйрету

 

 

Орыс тілі

 

ҚМҰҚ

1-5 саны мен цифры: 1-5 сандарының пайда болуы.

Жаратылыстану

Менің құқықтарым мен міндеттерім тақырыбында әңгіме өткізу.Өзі туралы көп айта білуге үйрту.

Құрастыру

Ірі құрылыс материалдарынан көшенің құрылысын жасауға үйрету

Сурет салу

Таяқша салуды жетілдіру, жапырақсыз ағаштың суретін салу оны алақанды бояуға батырып салдыру

Музыка

Әнге эмоциялы көңі-күй танытуға, әнді ширақ айтуға, жоғары және төменгі дыбысталуды ажыратуға үйрету

Музыка

Әуені бір-бірінен айрықша шығармаларды ажырата білуді және оларды есте сақтауды, үйрету.

Мүсіндеу

Элементтерді қарапайым заттарға біріктіру арқылы өзінің бейнесін сомдату.Өзі туралы қаншалықты білетінін қадағалау.

Аппликация

Балаларға жырту әдісімен аспан әлемін (күн,бұлт) жабыстыруға үйрету.табиғатты сүюге тәрбиелеу.

 Өзін -өзі тану

Жақсы қасиеттер туралы түсінік беру.  Шаттық шеңбері. Әңгімелесу. Ізгі сөздерЖағдаяттар. Әңгімелесу. «Мен осындай адаммын!» Тыныштық сәті. Дәйек сөз. Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс. Ғажайып сөздер. Қорытындылау. Жүректен жүрекке

 

Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау» (Қараша)

 

2 апта «Дұрыс тамақтану. Дәрумендер»

 

Дене шынықтыру

1.Қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіріп жүру және жүгіру.

2.Допты екі қолымен көкірек тұсынан лақтыру.

3. 40 см биіктіктегі доғамен еңбектеу.

Дене шынықтыру

-көңілді доптар;

-гер көтеру;

-қыз қуу;

Сөйлеуді дамыту

Дұрыс тамақтану, дәрумендер туралы түсініктерін кеңейту, жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыруға (жемістер мен азық түліктер) сөздерді септелуіне қарай байланыстыруға үйрету.

Сауат ашу

Ғ дыбысы мен таңбасымен таныстыру.Таяқшалармен сөздер жазу.

 

Көркем әдебиет

Көркем шығарманы  мұқият тыңдауға үйрету. Ертегіні сахналауға үйрету.

Адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.Сөздік қорын дамыту.

Орыс тілі

 

 

ҚМҰҚ

Уақытты бағдарлау: таңертең, күндіз, кеш, түн; бүгін, кеше, ертең, бүрсігуні.

Жаратылыстану Азық тізбектерінің адам және барлық тіршілікүшін маңыздылығын түсіндіру.Денсаулыққа дәруменнің пайдасын түсіндіру.

 

 

Сурет салу

Дөңгелек пішінді салуды жетілдіру, саусағымен алманың суретін салуға үйрету

Музыка

Балалар аспаптарының дыбысталуын ажыратуға, бірдей қарқында ән салуға, бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын игеруді үйрету.

Музыка

«Әңгелек» әнінің сөзін  үйрету.Есте сақтау қабілетін арттыру.

Мүсіндеу

Мүсіндеудің таныс түрлерімен дәруменге бай көкөністерді мүсіндету.

Аппликация

Геометриялық пішіндерді (дөңгелек,шаршы,тіктөртбұрыш,сопақша) қию әдістерін меңгеру арқылы дәрі дәрмек салатын қобдишаны жапсырту.

Өзін -өзі тану

Өзара сыйластық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Шаттық шеңбері. Өзіммен өзім. Әңгімелесу.

«Бес саусақ » Дәйексөз. Ойын «Тату тәтті отбасы» Дәптермен жұмыс. Ғажайып сөздер. Қорытындылау. Жүректен жүрекке.

 

Қоршаған ортамен танысу

Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту, Қазақстанда мекендейтін жабайы жануарлар туралы білімдерін, табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру

Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау» (Қараша)

 

3 апта. «Өзіңе және өзгелерге көмектес» Дене шынықтыру

1.Сапқа бір-бірден, шеңберге шағын топпен қайта тұру. 2.Екі қолмен жоғары бастан асыра лақтыру.

3.2-3 м қашықтыққа алға жылжи отырып секіру.

Валелогия

Өзіңе, досыңа көмектес. Ауруды жеңілдету, алғашқы көмек көрсету ережелері.Қиындыққты бөлісе білуге үйрету.

Сөйлеуді дамыту

Өзіне және айналасындағы адамдарға көмек көрсетуді, сөздік қорды заттардың қасиеті мен сапасын білдіретін сөздермен толықтыруға, кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдануға үйрету.

Сауат ашу

У дыбысы мен таңбасымен таныстыру.Таяқшалармен сөздер жазу.

 

Көркем әдебиет

Тақырыпқа сәйкес ертегі оқып беріп оның мазмұнын түсінуге, кейіпкерлерге, оқиғаларға өзінің көзқарастарын білдіруге үйрету

 

Орыс тілі

 

ҚМҰҚ

5 саны мен цифры, 5 санының пайда болуы. Тура және кері санау.

Жаратылыстану.

Балалардың дербес іс-әрекетін дамыту.Өзінің мінез-құлқын өзгеге көмектесу арқылы көрсетуге тәрбиелеу.

Құрастыру

Әртүрлі пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыруға үйрету

 

Сурет салу

Саусақпен салу әдісімен қоянға сәбіздің суретін салып беру.

Музыка

Әуенге сай  қимылі бір-бірінен айрықша шығармаларды ажырата білуді және оларды есте сақтауды, әнді бірқалыпты қарқынмен көңілді айтуға, қимылды пьеса бөлімдерінің сипатына сәйкес жүре және жүгіре білуді үйрету.

Музыка

Аудио-бейне таспадан ән тыңдауға, аспаптың сүйемелдеуіндегі дауысқа бейімделуге, ойындарда бір-бірінен айрықша пьесаларды дене қимылдарын алмастыру арқылы дәл көрсете білуге үйрету.

Мүсіндеу.

Табиғат туралы түсінігін молайту,күзгі жапырақсыз ағаштың бұтағын мүсіндету.

Аппликация

«Күзгі еңбек» тақырыбында ересектердің еңбегін көрсету мақсатында ұжымдық жұмыс жасау.

 Өзін -өзі тану

Отбасы шатық шеңбері  әңгімелесу  өзіммен-өзім.   «Менің арманым». Дәйексөз. Ойын «Шыршаны безендірейік» Дәптермен жұмыс. Сергіту сәті. Ғажайып сөздер. Қорытындылау.

Жүректен жүрекке.

 

Өтпелі тақырып: Дені саудың жаны сау (Қараша)

 

 

4 апта Біз күштіміз, ептіміз

 

Дене шынықтыру

1.Шеңбер бойлап және тоқтап жүру және жүгіру.

2.Биіктігі 40  см заттан, орындықтан, жәшіктен түсу, секіру.

3.Екеуден жарыса еңбектеу (10-15 м).

 Дене шынықтыру

-15м қашықтықта жарыса жүгіру;

-доппен жасалатын ойын-жаттығулар.

-«Төбеде доп қуу» қ.о.

Сөйлеуді дамыту

Денсаулықты нығайтуда дене жаттығуларының маңызын түсіндіру,

 

Сауат ашу

Д дыбысы мен таңбасымен таныстыру.Таяқшалармен сөздер жазу.

 

 Көркем әдебиет

Көркем шығарманы  мұқият тыңдауға үйрету.Дауыс интонациясымен сөйлеуге үйрету.

Орыс тілі

ҚМҰҚ

6 саны мен цифры. 6 санының пайда болуы.

Жаратылыстану Шыныққан шымыр болатынын,шынығу арқылы күшті,епті болатынын түсіндіру.Денсаулықтың пайдасын түсіндіру.

 

 

Сурет салу

Ересектердің даярлаған ірі және ұсақ элементтерге желімді жағып орналастыруға, тақырыпқа сәйкес спорт құралдарын салуды үйрету.

Музыка

Музыкалық және шулы ойыншықтардың дыбысталуын ажыратуға, ересектермен бірге ән салуға, әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындауға үйрету.

Музыка

Әуені бір-бірінен айрықша шығармаларды ажырата білуді және оларды есте сақтауды, әнді бірқалыпты қарқынмен көңілді айтуға, қимылды пьеса бөлімдерінің сипатына сәйкес жүре және жүгіре білуді үйрету.

Мүсіндеу.

Спорт құралдарын мүсіндету.Сылап-сипау әдістерін қолдану.

Аппликация

Тазалық заттарын қиып жапсыруға үйрету.Денсаулыққа тәрбиелеу.Салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау.

Өзін -өзі тану

«Бақыт», «Қуаныш» құндылықтарының мәнін түсіндіру. Шаттық шеңбері. Өзіммен өзім. Әңгімелесу. «Ар ұлан» Дәйексөз. Дәптермен жұмыс . Ойын «Менің Отбасым» Сергіту сәті Ғажайып сөздер. Жүректен жүрекке. Қорытындылау.

Қоршаған ортамен танысу

Қоршаған ортаны қабылдауға, заттар, ойыншықтар, кітаптар мен ыдыстарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Өтпелі тақырып: Менің Қазақстаным (Желтоқсан

 

1. апта Тарихқа саяхат

 

Дене шынықтыру

1.«Жыланша» заттарды айналып өтіп жүру және жүгіру. Бірінің соңынан бірі кібіртіктеп жүгіру, бағытты ауыстыра жүгіру.

2.Төрт аяқтап еңбектеу, орындық астынан еңбектеп өту.

3 Лақтырған допты қағып алу.

Валелогия

Мұрын тыныс алу мүшесі. Өкпе туралы білім беру.

Сөйлеуді дамыту

Балаларға туған жер, Отан туралы түсінік беру, сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыруға, сөйлеу әдебінің сәйкес түрлерін дұрыс қолдануға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату.

Сауат ашу.

Е дыбысы мен таңбасымен таныстыру.Таяқшалармен сөздер жазу.

 

Көркем әдебиет

Туған жер, Отан туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес тақпақ оқып беріп оның интонациясын қабылдауға, тақпақты жатқа айтуға үйрету

Орыс тілі

 

ҚМҰҚ

1 ден 6-ға  дейінгі сандар. Заттарды биіктігі, ұзындығы,ені мен жуандығы бойынша салыстыру жаттығуы.

Жаратылыстану.

Қазақ халқының өткеніне шолу жасау.Өткенімізден хабар беру.Тарихымызды сыйлауға өз елін,халқын,ұлтын сүюге тәрбиелеу.

Құрастыру

Ұсақ құрылыс материалдарынан қарапайым құрылыстарды құрастыруды үйрету

 

Сурет салу

Дайын сандықтың суретін қарапайым ою элементтерімен, штрихтармен безендіруге оларды бояуға үйрету.

Музыка

Ересектердің орындауындағы әндерді тыңдауға, аспаптың сүйемелдеуіндегі дауысқа бейімделуге, сылдырмақтың дыбысталу динамикасын ажыратуға үйрету.

Музыка

Аудио-бейне таспадан ән тыңдауға, аспаптың сүйемелдеуіндегі дауысқа бейімделуге, музыканың би сипатын игеруге үйрету.

Мүсіндеу

Алақан арасында, жазықтықта түзету және домалақтау қимылдары арқылы кесектерді жаюды жетілдіру, көне ыдыстардың мүсінін жасауды үйрету

Аппликация

Қолданыстан шығып қалған саба,торсық сияқты ыдыстарды қиып жапсыру.

 Өзін -өзі тану

«Дос», «Достық» құндылықтарының мәнін түсіндіру. Шаттық шеңбері. Әңгімелесу. «Үш жолдас» Дәйексөз.   Ойын «Менің досым» Тыныштық сәті . Дәптермен жұмыс .Сергіту сәті. Ғажайып сөздер. Жүректен жүрекке.  . Қорытындылау.

Өтпелі тақырып: Менің Қазақстаным (Желтоқсан

 

2. апта Туған өлкем Дене шынықтыру

1.Қол ұстасып, арқаннан ұстап жүру және алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру.

2. Түзу сызық бойында қойылған кедергілер арасымен допты домалату.

Дене шынықтыру

3. бір-біріне қарсы тұрып кеуде тұсынан допты баскетбол тәсілімен екі қолмен лақтыру

Сөйлеуді дамыту

Туған өлке оның табиғаты, айналасындағы заттар туралы түсініктерін кеңейту, зат есімдерді көмекші сөздермен: қолдануға, қоршаған ортасы туралы сұрақтар қоюға үйрету.

Сауат ашу.

Ә дыбысы мен таңбасымен таныстыру.Таяқшалармен сөздер жазу.

 

Көркем әдебиет

Көркем шығарманы  мұқият тыңдауға үйрету.Дауыс интонациясымен сөйлеуге үйрету.Кейіпкерлерге мінездеме беруге үйрету.

Орыс тілі

ҚМҰҚ

Жиын. Жиын элементі – жеке зат, бүтін топ. Қандай да бір белгісі бойынша жиынның бірнеше бөліктерін бөліп көрсету жаттығуы.

 

Жаратылыстану

«Оңтүстігім мақтанышым» тақырыбында фотоальбомдар бүктемелер бойынша әңгіме өткізу.Шырайлы Шымқаланың көрікті жерлерін видео арқылы таныстыру.

 

Сурет салу

Дөңгелек пішінді күнді алақанды бояуға батырып  салуды жетілдіру, бұлттың суретін салуды үйрету.

Музыка

Музыкалық және шулы ойыншықтардың дыбысталуын ажыратуға, ересектермен бірге ән салуға, әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындауға үйрету.

 

Мүсіндеу

Алақан арасында, жазықтықта түзету және домалақтау қимылдары арқылы кесектерді жаюды жетілдіру, көне ыдыстардың мүсінін жасауды үйрету

Аппликация

Қолданыстан шығып қалған саба,торсық сияқты ыдыстарды қиып жапсыру.

Өзін -өзі тану

«Адалдық», «Адал дос»  туралы түсніктерін кеңейту  . Шаттық шеңбері.   Әңгімелесу. «Адал дос» Дәйексөз.  Ойын «Нағыз дос болайық!» Дәптермен жұмыс .Тыныштық сәті . Ғажайып сөздер   Жүректен жүрекке. Қорытындылау.

Қоршаған ортамен танысу

 

Өтпелі тақырып: «Менің Қазақстаным» (Желтоқсан

 

3. апта «Астана – Отанымыздың жүрегі» Дене шынықтыру

1. Өкшемен жүру 2мин 20сек;

2.Допты алып жүру;

3.секіру және жүгіру жаттығулары.

Валелогия

Тіл. Ас қорыту мүшесі. Асқазан туралы таныстыру.Ас –адамның арқауы дегенді түсіндіру.

Сөйлеуді дамыту

Еліміздің бас қаласы Астана, Бәйтерек туралы түсініктерін кеңейту, сөздерді анық айтуға, зат есімдердің жекеше, көпше түрлерін қолдануға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату.

Сауат ашу

Өтілген дыбыстардан  сөздер жазу.Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көркем әдебиет

Астана қаласы туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес тақпақтың сөздерін асықпай, дыбыстарды анық айтуға, бейнелі сөздерді қолдануға үйрету

 

Орыс тілі

ҚМҰҚ

1-ден 6-ға дейінгі сандар. Көрнекілік негізінде азайту амалы туралы түсінік. «-»

Жаратылыстану. Отанымыздың жүрегі -Астана қаласы туралы білімдерін молайту.Өлең-тақпақтар айтқызу.

Құрастыру

Қағазды бүктеу тәсілін қолданып, қағаз бетін түрлендіруге үйрету.

 

Сурет салу

Түзу, домалақ пішіндерді салуды жетілдіру, және оны бояуға үйрету

Музыка

Ересектердің орындауындағы әндерді тыңдауға, аспаптың сүйемелдеуіндегі дауысқа бейімделуге, музыка әуенімен жаттығулар жасауға үйрету.

Музыка

Түрлі қарқындағы музыканы тыңдауға, музыкалық сүйемелдеумен ре-ля бірінші октавасының диапазонында ән салуға, ойын кезіндегі музыканың өзгерістерін уақытылы тыңдай білуге, соған сәйкес қимыл жасай білуге үйрету

Мүсіндеу.

Жалау ұстаған баланың денесін біріктіру арқылы мүсіндету.Техникалық дағдыларды меңгерту.

Аппликация

Бәйтерек пен көкбайрақтың бөліктерін қағаз бетіне жапсыруды, желім қалдықтарын қағаз майлықпен сүртуді үйрету.

 Өзін -өзі тану

«Достық», «бірлік» құндылықтарының мәнін түсіндіруге  ықпал ету. Шаттық шеңбері. Әңгімелесу. «Бірлік» Дәйексөз.Тыныштық сәті  Ойын «Көпір» Дәптермен жұмыс . Ғажайып сөздер.   Жүректен жүрекке. Қорытындылау.

Өтпелі тақырып: Менің Қазақстаным (Желтоқсан

 

4.апта Тәуелсіз Қазақстан (ҚР Тұңғыш Президенті, мемлекеттік Дене шынықтыру

1.Жәй жүру, жүгіру;

15м қашықтықта жарыса жүгіру;

2.доппен жасалатын ойын-жаттығулар.

3.құм толтырылған қапшықты басынан асыра лақтыру.

Дене шынықтыру

-өкшежәне аяқтың ұшымен, табанмен еденді толық басып жүру, өкшемен шырқ айналу;

-жүгіріп келіп 1 м ұзындыққа секіру;

-Қар кесегін алысқа лақтыру.

Сөйлеуді дамыту

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті, мемлекеттік рәміздер туралы түсініктерін кеңейту, берілген сұрақты тыңдау және оны түсіне білуді жетілдіру.

Сауат ашу.

Ж дыбысы мен таңбасымен таныстыру.Таяқшалармен сөздер жазу.

 

Көркем әдебиет

Көркем шығарманы  мұқият тыңдауға үйрету.Дауыс интонациясымен сөйлеуге үйрету.Кейіпкерлерге мінездеме беруге үйрету.

 

 

Орыс тілі

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚМҰҚ

Шартты өлшемді қолдана отырып, заттарды көлемі бойынша салыстыру.

Жаратылыстану.Еліміздің елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны мен өмір жолы туралы мағлұмат беру.Бейнебаян көрсету.Өз ұлтының азаматына деген мақтанышына тәрбиелеу.

 

Сурет салу

Толқынды және түзу сызықтарды салуды жетілдіру, тудың суретін салуды үйрету

Музыка

Қазақстанның әнұранын айтқызу. Елбасымыз туралы бейнебаяндар көрсету.

Музыка.

«Саржайлау» күйіне билету.Жеңіл қимылдарды жасату.Әуенге сай тербелуді дағдыландыру.

Мүсіндеу.

Бедерлеу әдісімен бәйтеректі мүсіндеу.Тақтайша мен қырнағыштарды дұрыс пайдалануға үйрету.

Аппликация.

Желкенді қайықты геометриялық пішіндерден құрап жапсыруды үйрету.Шекарашы матростардың еңбегі туралы түсінік беру.

Өзін -өзі тану

«Қамқорлық»,ұғымының маңызын түсіндіру   Шаттық шеңбері. Әңгімелесу. «Ит пен мысық адамға қалай дос болды» Дәйексөз. Тыныштық сәті. Ойын «Аңдар әні» Дәптермен жұмыс «Мен кішкентай достарым»Сергіту сәті Ғажайып сөздер. Жүректен жүрекке. Қорытындылау. Өзіммен өзім.

 

Қоршаған ортамен танысу

Балалар тұратын қала мен ауыл, Қазақстан Республикасының астанасы, мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін қалыптастыру

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі (Қаңтар)

 

1. апта Айналамыздағы өсімдіктер «Денсаулық»-3

Дене шынықтыру (2,5сағат

Валелогия-0,5

«Коммуникация»-5

Сөйлеуді дамыту (1)

Сауат ашу-(1)

Орыс тілі-(1)

Ағылшын тілі – (1)

Көркем әдебиет- (0,5)

Драма-0,5

«Таным»-2,5

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру (1 с)

Жаратылыстану (1с)

Құрастыру (0,5)

«Шығармашылық»-5

Сурет салу (1с)

Музыка (2с)

Мүсіндеу (1)

Аппликация (1)

«Әлеумет»1,5

Өзін -өзі тану –(1)

Қоршаған ортамен танысу (0,25)

Экология негіздері (0,25)

    Дене шынықтыру

1.Бұрылып жүру және алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру.

2. сапта тұрып, допты асыра  лақтыру жаттығулары;

3.Арқан тартыс.

Валелогия

Біздің жасыл достарымыз. Бөлме және жабайы өсімдіктерді күтіп баптау ережесімен таныстыру.Еңбекке баулу.

Сөйлеуді дамыту

Өсімдіктер, олардың адамға пайдасы туралы түсініктерін кеңейту,айтылған сөздерді зейін қойып тыңдауын және тілдегі дыбыстарды дұрыс айта білуін жетілдіру.

Сауат ашу.

С дыбысы мен таңбасымен таныстыру.Таяқшалармен сөздер жазу.

 

Көркем әдебиет

Өсімдіктер туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес әңгіме оқып беріп, оның мазмұнын түсінуге және рөлдерді ойнағанда кейіпкерлердің мінездерін бере білуге үйрету

 

Орыс тілі

ҚМҰҚ

7 саны мен цифры. 7 санының пайда болуы. Тура және кері санау.

Жаратылыстану

Қазақстанда өсетін өсімдіктермен оның ішінде өз өлкеміздегі өсетін өсімдіктермен таныстыру.Аттарын атай білуге үйрету.Шөптердің емдік қасиеті туралы білімін молайту.

Құрастыру

Қағазды жырту және шиыршықтау тәсілдерін пайдаланып қағаз беттерін көлемді пішіндерге түрлендіруге үйрету

 

Сурет салу

Саусақпен сурет салуды жетілдіру, гүлдердің суретін салу.

Музыка

Түрлі қарқындағы музыканы тыңдауға, музыкалық сүйемелдеумен ре-ля бірінші октавасының диапазонында ән салуға, қимыл қарқынын өзгерте отырып қимылдауға үйрету.

Музыка

Музыкалық шығарманың жанрын ажырата білуге, әнді нақышына келтіріп орындай білуге, қимыл қарқынын өзгерте отырып қимылдауға үйрету.

Мүсіндеу

Ермексазбен ширатып,созып түбектегі гүлді мүсіндету.Тастанды материалдарды орнымен қолдануға тәрбиелеу.

Аппликация.

Гүлзардағы гүлді жапсырту.Эстетикалық тәрбие беру.

Өзін -өзі тану

«Достық» ұғымын,оның құндылығы ретіндегі мәнін түсіндіру. Шаттық  шеңбері Әңгімелеу. «Атасының ақылы». Дәйек сөз. Сергіту сәті. Ойын «Достық недекн басталады, достыққа не жарасады?» Дәптермен жұмыс. Тыныштық сәті. Шығармашылық ұжымдық жұмыс «Достық шеңбері» Ғажайып сөздер. Қорытындылау. Жүректен жүрекке.

 

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі (Қаңтар)

 

2. апта Жануарлар әлемі Дене шынықтыру

1. Заттармен (орамал, жалауша) қолды ауыстырып, жеңіл, еркін, серпілмелі жүріс жасау.

2. кедергілер арасымен өту;

3.секіру.

Дене шынықтыру

1.Шеңбер бойлап және тоқтап жүру және жүгіру.

2.Биіктігі 40  см заттан, орындықтан, жәшіктен түсу, секіру.

3.Екеуден жарыса еңбектеу (10-15 м).

 

Сөйлеуді дамыту

Жануарлар әлемі туралы түсініктерін кеңейту, олардың дене бөліктерін ажырату және атау, дұрыс сөйлеу қарқынын сақтауға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату.

Сауат ашу.

М дыбысымен әрпімен таныстыру.Ауада жазып көрсету.

Дидактикалық ойындар арқылы сөздік қорын дамыту.

Көркем әдебиет

Театрландырылған әрекетті меңгеру,кейіпкерлердің теріс қылықтарын көре білуге үйрету.

Орыс тілі

 

ҚМҰҚ

1-ден 7-ге дейінгі сандар. Апта күндері. Уақыт түсініктері: Кеше , бүгін, ертең, бүрсігүні.

Жаратылыстану

Қазақстанды мекендейтін жануарлармен таныстыру.Олардың тыныс-тіршілігімен таныстыру.

 

Сурет салу

Дайын салынған қозы сұлбасына аяқтарын, көздерін, құлақтарын, аузын салып жалғастырып, суретін салуға үйрету

Музыка

«Қошақаным» әнін айтқызу.

 

Мүсіндеу.

Түйенің әдемі мүсінін ермексаздан жасай білуге,есу,шымшу,сөзу әдістерін меңгерту,ұсақ қол қимылын дамыту.

Аппликация.

Түлкі денесін қию,біріктіру арқылы жапсыруды үйрету.Қайшыны қолдану әдісін меңгерту.

Өзін -өзі тану

Балаларға сәлемдесе, амандасу  туралы түсінік беру. Шаттық шеңбері. Әңгімелесу «сәлем берем үлкенге». Дәйек сөз. Тыныштық сәті. Ойын. «Қалай амандасу керек?» Дәптермен жұмыс. Ғажайып сөздер. Қорытындылау. Жүректен жүрекке.

 

Қоршаған ортамен танысу

Құстар туралы түсініктерін кеңейту, табиғат бұрышының тіршілік иелері мен қыстап қалатын құстарға (торғай, шауқар, қарға, кептер) және жыл құстарына (ұзақ, қараторғай) қамқорлықпен қарауға баулу

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі (Қаңтар) 3. апта Құстар – біздің досымыз Дене шынықтыру

1.Ирелеңдеп жыланша жүру, 3-4м қашықтықты көз жұмып жүріп өту;

2.Шаңғымен (баклашкадан жасалған) сырғу арқылы жылжу.

3. Башпайларымен матаны жиырып жинау.

Валелогия

Пайдалы және зиянды әдеттермен таныстыру жақсыдан үйреніп,жаманнан жирендіру.

Сөйлеуді дамыту

Құстар туралы түсініктерін кеңейту, үй құстарын топтастыру, олардың өздеріне тән ерекшеліктерін атай білуге үйрету.

Сауат ашу.

Р дыбысы мен әрпімен таныстыру.Дауыссыз дыбыстар туралы түсінігін дамыту.

Көркем әдебиет

Құстар туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес өткен таныс шығарманы суреттерден тануға, оның мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге үйрету

 

Орыс тілі

ҚМҰҚ

Санамактар жаттау

Жаратылыстану

Қыстап қалатын құстар және жыл құстары туралы білімдерін бекіту.Құстарды қорғауға,оларға жем шашып жанашырлық танытуға тәрбиелеу.

Құрастыру

Әртүрлі түстегі құрылыс материалдарынан құрастыруды жетілдіру жануарларға қора құрастыру

 

Сурет салу

Дөңгелек пішіндерді салуды жетілдіру, балапанның суретін салуды үйрету

Музыка

Екі бөлімді музыканың тыңдап, олардың бөліміндегі өзгерістерді байқауға, әнді ширақ айтуға, музыканың көңілді жеңіл сипатын қимылмен беруге үйрету.

Музыка

Музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдауға, әнді бірге бастап, бірге аяқтауға, бір-бірден қарапайым би қимылдарын орындауға үйрету.

Мүсіндеу.

Балаларға құс туралы түсінік беру.ұсақ қол қимылын дамыту.Дән терген құстың бейнесін сомдауда баланың шығармашылығын дамыту.

Аппликация

Әтештің жасалу бөдшектерін ретімен үйлестіріп орналастыруға үйрету.,үй құстарына деген қамқорлық сезімдерін ояту.Қиялын дамыту

 Өзін -өзі тану

«Өзара достық » «жақсылық» ұғымдары туралы  түсінік беру. Шаттық шеңбері. Әңгімелесу «Құмырсқа мен көгершін» Дәйек сөз. Сергіту сәті «Санайық жаңаша» Ойын «Жақсылық жасау үшін не істеу керек?» Тыныштық сәті . Дәптермен жұмыс. Ғажайып сөздер. Қорытындылау. Жүректен жүрекке.

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі (Қаңтар) 4. апта Ғажайып қыс Дене шынықтыру

 

1. Екі-екіден қол ұстасып, шеңбер бойымен түрлі қимылдар жасап жүру, жүгіру.

2.Орында тұрып, екі аяқпен секіріп, ілулі тұрған ойыншықты алу.

3.Допты неғұрлым алысқа лақтыру, оны қуып жету.

Дене шынықтыру

1.Сапқа бір-бірден, шеңберге шағын топпен қайта тұру. 2.Екі қолмен жоғары бастан асыра лақтыру.

3.2-3 м қашықтыққа алға жылжи отырып секіру.

 

Сөйлеуді дамыту

Қыстағы табиғат көрінісі мен адамдардың киімдері туралы әңгімелесу, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін сөздермен толықтыру, қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға үйрету

Сауат ашу

Л  дыбысы мен таңбасымен таныстыру.Таяқшалармен сөздер жазу.

 

Көркем әдебиет

Кейіпкердің ерекшелігін айыра білуге образға ене білуге үйрету.

 

Орыс тілі

ҚМҰҚ

8 саны мен цифры. 8 санының пайда болуы.

Қарапайым мысалдар мен есептер шығару.

Жаратылыстану

Қыс мезгілінің құбылыстарымен,ерекшеліктерімен таныстыру.қыстың өзіндік есте қалар қызықтарымен таныстыру.Өздеріне әңгімелету.

 

Сурет салу  Қырнау әдісімен қысқы терезедегі қыраудың суретін салуды үйрету.

 

Музыка

Аспапта орындалған әнді тыңдауға және оның мазмұнын түсінуге, ән айтуда дыбыстарды биіктігіне қарай ажыратуға (октава шегінде), байсалды, жеңіл жүруге үйрету.

Мүсіндеу

Бірнеше бөліктен тұратын шананы мүсіндету.Шанадағы бала бейнесін мүсіндету.

Аппликация.

қырна

Өзін -өзі тану

«Кешірім » «өзара түсіністік»   адамгершілік қасиеттері  туралыұғымдары туралы  түсінік беру. Шаттық шеңбері. Әңгімелесу «Құмырсқа мен көгершін» Дәйек сөз. Сергіту сәті «Санайық жаңаша» Ойын «Жақсылық жасау үшін не істеу керек?» Тыныштық сәті . Дәптермен жұмыс. Ғажайып сөздер. Қорытындылау. Жүректен жүрекке.

 

 

Қоршаған ортамен танысу

Өсімдіктер мен жануарлар, құстар туралы түсініктерін кеңейту, оларға күтім жасауға баулу

Өтпелі тақырып: Бізді қоршаған әлем (Ақпан)

 

 

1. апта. Ғажайыптар әлемі (өлі табиғат

 

Дене шынықтыру

1. жүре келе жатып бастаушының белгісі бойынша бағыт өзгерту: алға, артқа, жанына адымдау, қырынан жүру;

2.допты екі қолмен себетке лақтыру;

3.Биіктігі 20 см заттан жерге секіру.

Валелогия

Табиғат аясында. Ауа – райы. Өзін өзі ұстау қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.Нөсерден,селден,желден қалай сақтану керектігін түсіндіру.

Сөйлеуді дамыту

Табиғат құбылыстары күн, қар, жел, боран туралы түсінік беру, заттарды жалпы белгілері бойынша топтастыруға, сөйлеуде зат есімдердің жекеше, көпше түрлерін қолдануды үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату.

Сауат ашу

Балаларға дыбыс туралы түсінікті кеңейту,өлі табиғат құбылыстарының дауысын тыңдату және балаларға қайталату.Жаттығулар мен жаңылтпаштар айтқызу.

Сауат ашу.

У дыбысы мен әріптің таңбасымен таныстыру.У әріпі бар сөзді жазуға,оқуға үйрету.

Көркем әдебиет

Тақырыпқа сәйкес қысқа өлеңді мәнерлі, мағыналы түрде эмоционалды жатқа айтуға, шығарма жанрын ажыратуға үйрету.

 

Орыс тілі

 

ҚМҰҚ

Қағаз бетінде бағдарлау: жоғары, төмен, ортасы, оң жақ, сол жақ. Есту және көру диктанттары.

Жаратылыстану

Табиғи құбылыстар туралы түсінігін молайту.Олардың дыбысын бейнебаяннан тыңдату.

Құрастыру

Ұсақ құрылыс материалдарынан шана жасауға үйрету

 

Сурет салу

Жасыл шыршаның дайын суретін әртүрлі төртбұрышты, дөңгелек ойыншықтармен безендіруге үйрету.

Музыка

Табиғат құбылыстарының дауысын тыңдату. Музыка

«Жау-жау, жаңбыр» әніне қосылып айтуды және жеңіл қозғалыспен билеуді үйрету.

Мүсіндеу

Бірнеше бөліктен тұратын күрделі емес заттарды, тау мен оның шетінде өсіп тұрған ағашты мүсіндеу.

Аппликация.

Қиялдағы кемпірқосақты қиып жапсыруға үйрету.Суық және жылы түстерді қолдануды үйрету.

Өзін -өзі тану

Отбасы, сүйіспеншілік,татулық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.  Шаттық шеңбері Әңгімелесу «Мейірім».     Дәйек сөз. «Ғажайып сандықша».   Тыныштық сәті. Ғажайып сөздер. Жүректен жүрекке.

Өтпелі тақырып: Бізді қоршаған әлем (Ақпан)

 

 

2. апта. Көліктер

 

Дене шынықтыру

1.Автомобиль рулін ұстап жүру, жүгіру.

2.Қысқа секіртпелермен секіру.

3.Затты алысқа лақтыру.

Дене шынықтыру

1.-жұптасып жүру , 2-3 тізбек жасап жүру, жетекшіге қарап түзелу;

-бір-біріне екі қолмен допты домалату;

-тақтай үстімен еңбектеу.

2. -Сапқа тұру, сап түзеу, оңға, солға бұрылу;

-екі қолын шапалақтап жүру, жәй жүгіру;

-Көкпар ұлттық ойыны.

Сөйлеуді дамыту

Көліктің түрлерімен таныстыру, олардың бөліктерін ажыратуға және атай білуге дағдыландыру, сөздерді жіктелуіне қарай байланыстыруға үйрету.

Сауат ашу

Б дыбысы мен таңбасымен таныстыру.Таяқшалармен сөздер жазу.

 

Көркем әдебиет

 

 

Орыс тілі

 

 

ҚМҰҚ

9 саны мен цифры. 9 санының пайда болуы. Қарапайым мысалдар мен есептер шығару.

Жаратылыстану

Арнайы , жүк және жолаушылар көлігіболып бөлінетінін түсіндіру.Олардың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

 

 

Сурет салу

Көліктердің суретін мақталы таяқшалармен  салуға  және бояуға үйрету

Музыка

Музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдауға, қарапайым әуендердің интонациясын жеткізуге, жұптасып би қимылдарын орындауға үйрету.

Мүсіндеу.

Қиялдан ғарыш кемесін мүсіндету.Ғарыш әлеміне қызығушылығын арттыру.

Аппликация.

Көлік туралы жалпы түсінік беру.Жолда жүру ережелерін сақтап,абай болуға тәрбиелеу.Таныс тәсілдермен сурет салдыру.

Өзін -өзі тану

«Қонақжайлық» ұғымы туралы түсінік беру.  Шаттық шеңбері. Әңгімелесу. «Түлкі мен тырна». Дәйек сөз. Тыныштық сәті. Ойын. «Қонақ күтеміз» рөльдік ойыны. Дәптермен жұмыс.

 

Қоршаған ортамен танысу

Өлі табиғат нысандары: күн, ауа, су, топырақ, тас және т.б. туралы түсініктерін, қоршаған ортаның нысандарына жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру

Өтпелі тақырып: Бізді қоршаған әлем (Ақпан)

 

3.апта Электроника әлемі Дене шынықтыру

1.Музыкалық әуенге ленталармен жаттығулар жасау;

2.басқа құм толтырылған дорбаны қойып, кегли, текшелерден аттай жүру;

3.Шеңберде тұрған балаларды доппен ұрып, шеңберден шығару.

Валелогия

Телефонмен сөйлесу мәдениеті. Төтенше жағдай телефондарының нөмірін жаттату.

Сөйлеуді дамыту

Электр құралдарымен таныстыру, ол заттарды жалпы және ерекше белгілері бойынша топтастыруға, сөйлеу қарқынын өзгертіп баяу сөйлеуді үйрету.

Сауат ашу.

К дыбысы және таңбасымен таныстыру.Буынға бөлу.Сөздік ойындар арқылы сөз құрату.

 

Көркем әдебиет

Тақырыпқа сәйкес шығармадағы оқиғаны эмоционалды қабылдауға және кейіпкерлерге жанашырлық танытуға үйрету.

 

Орыс тілі

 

 

ҚМҰҚ

«Текше,шар, цилиндр»

Жаратылыстану

Компьютер әлеміндегі электроника туралы түсінігін молайту.

Құрастыру

Бөлшектерді орналастыру әдісі арқылы түрлі түсті және әртүрлі көлемдегі материалдардан үйдің құрылысын салуға үйрету

 

Сурет салу

Құмға тұрмыстық электрлі заттардың суретін салуды үйрету

Музыка

Түрлі қарқындағы музыканы тыңдауға, әннің мазмұнына көңіл бөлу, әнді таза, түсінікті, көңілді айтуға, ырғақты жүруге және жүгіруге үйрету.

Музыка

Түрлі қарқындағы музыканы тыңдап ажыратуды, әнді сөздерін анық,бір қарқынмен айтуға, шеңбер бойымен қозғалуға үйрету

Мүсіндеу.

Спутниковая антеннаны мүсіндету.Балалардың тұрмыстық заттар,қоршаған орта туралы білімдерін молайту.

Аппликация

Желімді қылқаламға, дайын үлгіге мұқият жағуды жетілдіру, электроника заттарының бейнелерін олардың арасындағы арақашықтықты сақтап жапсыруды үйрету

 Өзін -өзі тану

«Көмек, көмектесу» адамгершілік ұғымдарының мәнін ашу. Шаттық шеңбері. Әңгімелесу «Қолқанат» Дәйексөз. Ойын- жаттығуы «Топтасып көрейік» Тыныштық сәті. Дәптермен жұмыс. Ғажайып сөздер. Қортындылау. Жүректен жүрекке.

Өтпелі тақырып: «Бізді қоршаған әлем» (Ақпан)

 

4.апта «Мамандықтың бәрі жақсы» Дене шынықтыру

1.Өкше және аяқтың ұшымен, табанмен еденді толық басып жүру, өкшемен шырқ айналу;

2.жүгіріп келіп 1 м ұзындыққа секіру;

3.Қар кесегін алысқа лақтыру

Дене шынықтыру

1. -өткен сабақты пысықтау;

-Өкшемен жүру;-Жалаушаны тез жеткізу

2.- екі-екіден қол ұстасып, бірінің артынан бірі “жылан” жүріспен жүру;

– 3-6 м жерде тұрған ойыншыққа дейін жарыса еңбектеп жету, тұру, оны алу, кері қарай жүгіру.

 

Сөйлеуді дамыту.

Мамандықтың түрлерімен таныстыру, олардың маңызын түсіндіру, сөздік қорды антонимдермен қарама-қарсы мағыналас сөздермен толықтыруға, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату

Сауат ашу.

 

Ш дыбысы және таңбасымен таныстыру.Буынға бөлу.Сөздік ойындар арқылы сөз құрату.Дыбысты анық айтуға үйрету.

 

Көркем әдебиет

Өз ойын айта білуге үйрету.Мәнерлеп айтуға дағдыландыру.

 

Орыс тілі

ҚМҰҚ

1-ден 10-ға дейінгі сандар. Геометриялық денелер: шар,куб, цилиндр. Пирамидамен таныстыру.

Жаратылыстану

Барлық мамандықтар маңызды екенін түсіндіру.Ә р мамандық иесінің қоғамға қосар үлесін түсіндіру.

 

Сурет салу

Көп қабатты үйдің сыртқы пішінін штрихтармен безендіруге үйрету

Музыка

Музыка сипатының өзгерістерін эмоциямен жауап беруге, әнді бірге бастап бірге аяқтап айтуға, жеңіл, байсалды жүріспен жүруге үйрету.

 

Мүсіндеу.

Комбайншыға комбайн мүсіндеп беруге үйрету.Нанның қадірін білуге,қадірлеуге тәрбиелеу.Үлкендердің еңбегін бағалауды қалыптастыру.

 

Аппликация

Шаштаразшының құралдарын қидырып жапсырту.Шаштаразшыға құрметпен қарауға тәрбиелеу.Тазалықты сүюге үйрету.

Өзін -өзі тану

«Шыншылдық» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу. Шаттық шеңбері. Әңгімелесу «Төгілген қаймақ» Дәйексөз. Ойын: «Айна» Тыныштық сәті. Ғажайып сөздер. Жүректен жүрекке.

 

Қоршаған ортамен таныстыру.

Өтпелі тақырып: Салттар мен фольклор (Наурыз)

 

1.апта «Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлері» Дене шынықтыру

1.Өз бетінше сапқа тұру және тізені жоғары көтеріп жүру. 2.Биіктігі 20 см заттан жерге секіру. Т

3.Тура нысанаға оң қолмен лақтыру.

Валелогия

Жақсы деген не, жаман деген не? Қоғамдық орындардағы мінез құлық ережесі. Ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу.

 

Сөйлеуді дамыту

Бесік жырын тыңдату, сөздердегі дауыссыз дыбыстарды анық айтуға, тыңдалған бесік жырын қайталап айтуға үйрету

 

Сауат ашу.

 

Й дыбысы және таңбасымен таныстыру.Буынға бөлу.Сөздік ойындар арқылы сөз құрату.

Жазуға  дағдыландыру.

 

Көркем әдебиет

Қазақтың қонақжайлылық дәстүрімен таныстыру, жұмбақ шешкізу, жаңылпаштарды жатқа айтқызу.

 

Орыс тілі

 

 

 

ҚМҰҚ

1-ден 10-ға дейінгі сандар. Көлемдерді салыстыру жаттығуы.

Жаратылыстану

Өз елінің салт дәстүрлері туралы білімдерін молайту,оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Құрастыру

Ойнай отырып, сюжет бойынша құрылыстарды салуға және біріктіруге үйрету

 

Сурет салу

Қазақтың үй бұйымы қоржынмен таныстыру.Эстетикалық талғамын дамыту.Қоржынды безендіруде ою-өрнекті пайдалануды үйрету.

Музыка

Музыканың сипатын анықтауға және көңілді және баяу музыканы эмоциямен қабылдауға, бірқалыпты қарқынмен жеңіл ән айтуға, музыканың көңілді би сипатын қимылмен беруге үйрету

Музыка

Халық аспаптарының орындауындағы музыканы тыңдату, түрлі музыкалық сүйемелдеумен ре-ля бірінші октавасының диапазонында ән айтуға, жануарлардың би қимылдарын ұқсатуға үйрету

Мүсіндеу

Қазақтың қолөнер туындысы ағаш тостаған мен қасықтардың мүсінін жасауға үйрету. Ұлттық бұйымдарға жанашырлықпен қарауға үйрету.Ұлттық құндылығымызды жоғалтпауға тәрбиелеу.

Аппликация

Киіз үйдің құрылысымен таныстыру.Киіз үйдің ұлттық баспанамыз екенін көшпелі халықтар тұтынатынын айтып түсіндіру.сыртын ұлттық нақышта безендіруге  үйрету.

 Өзін -өзі тану

Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Шаттық шеңбері. Әңгімелесу. Менің Отаным. Дәйіксөз.  Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс «Сүйем сені туған өлкем» Ғажайып сөздер. Жүректен жүрекке .

Өтпелі тақырып: Салттар мен фольклор (Наурыз) 2.апта Ертегілер Елінде. Театр әлемі Дене шынықтыру

1.Зал ішінде бір-бірінің артынан, қолдарынан ұстап жүру, жүгіру.

2.«Қолды екі жаққа созып, орындық үстімен жүру»

3.Қос аяқпен аяқтарды қосып қойып секіру.

Дене шынықтыру

1. -аяқтың ұшымен, өкшемен 1,5 минутқа дейін жүру жаттығулары;

-орнынан ұзындыққа секіру;

-допты жоғары лақтырып, екі қолмен қағып алу.

2. -тізені сәл бүгіп, баяу қарқынмен жүгіру;

-құм қапшықты басына қойып жүру;

-башпайларымен матаны жиырып жинау.

Сөйлеуді  дамыту

Балаларға таныс ертегілерді тыңдатып, өздерін рөлдерге бөліп ойнату, ондағы кейіпкерлердің дауыс ырғағын келтіріп айтуға үйрету.

Сауат ашу.

Қ дыбысы және таңбасымен таныстыру.Буынға бөлу.Сөздік ойындар арқылы сөз құрату.доп лақтыру арқылы «тез ойла» ойынын ойнату.

Көркем әдебиет

Көркем шығарманы  мұқият тыңдауға үйрету. Ертегіні сахналауға үйрету.Адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.Сөздік қорын дамыту.

Орыс тілі

ҚМҰҚ

Қарапайым мысалдар мен есептер шығару.Заттарды салмағы бойынша салыстыру.Зат салмағының мөлшеріне байланыстылығы.

Жаратылыстану.

Қуыршақтарды неден жасайтынын түсіндіру.Ертегілер кейіпкерлеріне мінездеме беру.

 

Сурет салу

Ертегі кейіпкері  қызыл телпекті қыздың суретін өз қиялымен салу.Таныс ертегідегі кейіпкерлерге мінездеме беруді дағдыландыру.

Музыка

Ертегілерді тыңдап ондағы сиқырлы дыбыстарды есте сақтауды, жануарлардың би қимылдарын ұқсатуға үйрету.

Мүсіндеу.

Ертегі кейіпкерлерін ермексаздан біріктіріп мүсіндеуге үйрету.

Аппликация.

Әженің пісірген бауырсағын түлкіге кездескен жерінен жапсыруды үйрету.Жанашырлық танытуға тәрбиелеу.

Өзін -өзі тану

«Отбасы» құндылығның маңыздылығын ашу. Шаттық шеңбері. Әңгімелесу. Өзіммен өзім. Сергіту сәті «Тату тәтті отбасы» Әңгімелесу «Жанұя» Дәйексөз Дәптермен сөз. Ғажайып сөздер. Жүректен жүрекке.. Қорытындылау

 

Қоршаған ортамен танысу

Көктем мезгіліндегі ауа-райын бақылау және анықтау, ағаштарды, дала гүлдерін, кейбір көкөністер мен жемістерді, бөлме өсімдіктерін, өсімдіктердің бөліктері туралы түсініктерін кеңейту

Өтпелі тақырып: Салттар мен фольклор (Наурыз) 3 апта Өнер көзі халыкта Дене шынықтыру

1. Қолдарын артта ұстап, шеңбер, жіп бойымен шеңбер жасай жүру, жүгіру.

2.Бір-біріне доп лақтыру (1,5-2 м). 3.Тура нысанаға сол қолмен лақтыру.

Валелогия

Мен асханада анама көмектесемін. Азық-түліктерді қолдану ережесі: жуу,тазалау,пісіру технологияларымен таныстыру.

Сөйлеуді дамыту

Қолдан жасалған заттармен таныстыру, олардың бөліктерін ажыратуға, сөздерді септелуіне қарай байланыстыруға үйрету.

 

Сауат ашу.

Ұ  дыбысы және таңбасымен таныстыру.Буынға бөлу.Сөздік ойындар арқылы сөз құрату.доп лақтыру арқылы «тез ойла» ойынын ойнату.

 

 

Көркем әдебиет

Тақырыпқа сәйкес халық өлеңінің ырғағы мен ұйқасын бере білуге үйрету

 

Орыс тілі

 

ҚМҰҚ

Жиын.Соңғы жиын мен оның бөліктерінің арасындағы қатынастар.

Жаратылыстану

Жайлау, киіз үйдің сүйектері туралы олардың атаулары туралы түсінік беру.

Құрастыру

Майдалап кесілген қағаз майлықтарды умаждап түрлі түсті гүлдер жасауға үйрету

 

 

Сурет салу

Қазақтың қол өнер туындысы сандықпен таныстыру, бұрыштарға қазақ оюының қос элементін салуды үйрету.

Музыка

Бесік жырын айтқызу және тыңдату.

Музыка

Гүлдер туралы ән тыңдату, мазмұнын түсінуге, әнді таза, түсінікті, көңілді айтуға үйрету, ойындарға қатыстыру

Мүсіндеу.

Ұл балаларға атқа салатын ерді мүсіндету,қыз балаларға әжелеріне білезік-сақина мүсіндету.ұсақ қол моторикасын жетілдіру.

Аппликация

Қағаздың мыжылу, жыртылу қасиеттері туралы түсініктерін жетілдіру, дайын ою элементтерін қағаз бетіне симметриялы орналастыруды үйрету.

Өзін -өзі тану

Құрмет пен сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.  Шаттық шеңбер. Әңгімелесу. «Балабақшада» Дәйексөз Тыныштық сәті. Ойын. «Балабақша неге үйретеді?» Дәптермен жұмыс. Сергіту сәті. Ғажайып сөздер. Қорытындылау. Жүректен жүрекке.

 

Өтпелі тақырып: Салттар мен фольклор (Наурыз) 4.апта Нұр төккен, гүл көктем Дене шынықтыру

1.Шеңбердегі өз орнын тауып сапқа қайта тұру және баяу қарқында (50-60 сек) жүгіру.

2. Допты нысанаға лақтыру, тигізу.

3.Обручтың ортасынан өту.

Дене шынықтыру

1. Қолдарын артта ұстап, шеңбер, жіп бойымен шеңбер жасай жүру, жүгіру.

2.Бір-біріне доп лақтыру (1,5-2 м). 3.Тура нысанаға сол қолмен лақтыру.

 

Сөйлеуді дамыту

Көктемгі табиғат құбылыстары, адамдардың еңбектері, киімдері туралы әңгімелесу, сөздік қорды антонимдермен толықтыру, заттарды ерекше және жалпы белгілері бойынша топтастыруға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату.

Сауат ашу

Ө  дыбысы және таңбасымен таныстыру.Буынға бөлу.Сөздік ойындар арқылы сөз құрату. Фишка көтеру  арқылы «сөз ойла,тез ойла» ойынын ойнату.

Көркем әдебиет

«Көктем сәні» ертегісін мәнерлеп оқып беру немесе теледидардан көрсету.

 

Орыс тілі

 

 

ҚМҰҚ

Зат және оның бөліктері. Бүтін және бөліктерді салыстыру. Бүтін мен бөлікті салыстыру, бүтіннің бөлігін атай білуге жаттықтыру.

Жаратылыстану.

Көктем туралы білімін толықтыру.Табиғат құбылыстарын ажырата білуге үйрету.

 

Сурет салу

Қылқаламмен және бояумен сурет салуды жетілдіру, көктемгі ағаштың суретін салуды үйрету.

Музыка

Наурыз туралы ән тыңдату, дыбыстарды биіктігіне қарай ажыратуды үйрету, таныс би қимылдарын қайталау.

 Музыка

Құстар биіне қимыл үйретіп билету.

Мүсіндеу

Көктемгі бүр жарған ағашты мүсіндеп оған гүлдер орнатуды үйрету.Жыл мезгілінің әсемдігін сезінуге тәрбиелеу.

Аппликация

Ұжымдасып еңбек етуге тәрбиелеу.құрбылырымен санаса отырып көктем бейнесін жапсырып шығу.

Өзін -өзі тану

«Табиғат» құндылығының маңыздылығы туралыв түсінік беру. Шаттық шеңбері. Өзіммен өзім. Әңгімелеу «Табиғат – Ана» Дәйексөз. Ойын- жаттығу. «Табиғатпен сырласу» Дәптермен жұмыс. Ғажайып сөздер. Қорытындылау. Жүректен жүрекке.

 

Қоршаған ортамен танысу

Қазақ халқының дәстүрлі киіз үйімен ондағы заттармен олардың міндеттерімен және салттары мен дәстүрлерімен таныстыру, заттардың сапалары мен қасиеттерін сипап сезу, дәмін көру, есту арқылы тануды қалыптастыру

Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз» (Сәуір)

 

1.апта. Аялайық гүлдерді Дене шынықтыру

1. Екі-екіден қол ұстасып, шеңбер бойымен түрлі қимылдар жасап жүру, жүгіру.

Орында тұрып, екі аяқпен секіріп, ілулі тұрған ойыншықты алу.

3.Арқан бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау.

Валелогия.

Өсімдіктердің адам өміріндегі алатын орнын түсіндіру.жасыл әлем туралы білім беру.

Сөйлеуді дамыту

Гүлдермен таныстыру, олардың бөліктерін атай білуге, қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға үйрету.

Сауат ашу

Г  дыбысы және таңбасымен таныстыру.Буынға бөлу.Сөздік ойындар арқылы сөз құрату. Жазуға дағдыландыру.

Көркем әдебиет

Тақырыпқа сәйкес шығарма оқып беріп, оның кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға үйрету

 

Орыс тілі

 

ҚМҰҚ

1ден 10ға дейінгі сандарды салыстыру.Теңдік және теңсіздік.  < , > белгілері.

Жаратылыстану

Бөлме өсімдектері туралы түсінік беру,оларға күтім жасауға тәрбиелеу.

Құрастыру

Құрастырғыштардан трактор құрастырту

Сурет салу

Асфальтқа сурет салуды жетілдіру, гүлдердің суретін салуға үйрету.

Музыка

Музыкалық естуді дамыту, әнді нәзік сезіммен, баяу үнімен, ыстық ықыласпен айта білуге үйрету,

Музыка

Музыкалық шығармаларды түсінуді жетілдіру, қазақ халқы биі элементтерін қолды білезік буынынан бұрауды жетілдіру.

Мүсіндеу

Ермексаз кесектерін домалату, ширату, созу тәсілдерін қолданып гүл дестесін жасауды үйрету.композиция жасауды үйрету.

Аппликация

Желім қалдықтарын сүртуді жетілдіру, Гүл салатын вазаны әсемдету.шығармашылық қабілетін арттыру.

Өзін -өзі тану

«Табиғат» ,«Денсаулық» құндылықтары түсіндіру. Шаттық шеңбері. Өзіммен өзім. Әңгімелеу. Ойын : «не болар еді?» Дәптермен жұмыс. Дәйексөз. Ғажайып сөздер. Қорытындылау. Жүректен жүрекке.

 

Өтпелі тақырып:

«Біз еңбекқор баламыз» (Сәуір)

2.апта «Ас атасы – нан» Дене шынықтыру

1.Өз бетінше сапқа тұру және тізені жоғары көтеріп жүру. 2.Допты педагогтан 1,5-2 м арақашықтыққа лақтыру.

3. Малдас құрып отырып, допты еңкейе алға, оңға, солға өзінен неғұрлым алыс қою.

Дене шынықтыру

1. Екі-екіден қол ұстасып, шеңбер бойымен түрлі қимылдар жасап жүру, жүгіру.

Орында тұрып, екі аяқпен секіріп, ілулі тұрған ойыншықты алу.

3.Арқан бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау.

Сөйлеуді дамыту

Нан туралы түсініктерін кеңейту, шапшаң сөйлеу қарқынын сақтауға (жаңылтпаш), сөздерді септелуіне қарай байланыстыруға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату.

Сауат ашу.

З  дыбысы және таңбасымен таныстыру.Буынға бөлу.Сөздік ойындар арқылы сөз құрату. Жазуға дағдыландыру.

Көркем әдебиет

Нанның қадірін білуге тәрбиелеу.Үлкендердің еңбегін бағалауға үйрету.Ертегі мазмұнын қайталап айтуға дағдыландыру.

Орыс тілі

ҚМҰҚ

Логикалық тапсырмалар. Геометриялық пішіндер мен денелер. Қоршаған ортадағы геометриялық пішінді заттар.

Жаратылыстану

«Нан дастарханға қалай келеді?» әңгіме өткізу.Сурет бойынша  сөйлету.

 

Сурет салу

Түрлі пішіндегі нандардың суретін салуды үйрету

Музыка

Тыңдалған музыка туралы өз ойын айтуға,  музыкалық сүйемелдеумен қимылдарды үйлестіруге үйрету.

Мүсіндеу

Ермексаздан нан өнімдерін мүсіндеуді үйрету.обал-сауап деген ұғымдарды қалыптастыру.

Аппликация

Қағаздан қиып нан түрлерін жасауды үйрету.

 

Өзін -өзі тану

Табиғатпен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін бекіту. Шаттық шеңбері. Өзіммен өзім. Ойын «Табиғаттқа қалай  көмектесе аламын?». Ғажайып сөздер. Дәйек сөз. Қорытындылау. Жүректен жүрекке.

 

Қоршаған ортамен танысу

Табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау, оларға қамқорлық жасау дағдыларын жетілдіру, құстар мен жәндіктер туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру

Өтпелі тақырып:

«Біз еңбекқор баламыз» (Сәуір)

 

3. апта Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі

 

Дене шынықтыру

1.Шеңбердегі өз орнын тауып сапқа қайта тұру және баяу қарқында (50-60 сек) жүгіру.

2.Орнында тұрып, айналып секіру.

3. Үлкен допты екі қолмен арқаннан, тордан асыра лақтыру.

Валелогия

Жабайы аңдар. Жәндіктер.

 

Сөйлеуді дамыту

Тасбақамен таныстыру, оның сыртқы ерекшеліктері мен дене бөліктерін атауға, сөздік қорды антонимдермен толықтыруға, сөздерді септелуіне қарай байланыстыруға үйрету.

Сауат ашу

Ы  дыбысы және таңбасымен таныстыру.Буынға бөлу.Сюжетті рөлді ойын ойнату. Жазуға дағдыландыру.

 

Көркем әдебиет

Сурет бойынша таныс шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге және оның мазмұнын айтуға үйрету

 

 

Орыс тілі

 

ҚМҰҚ

Уақытты бағдарлау: жыл мезгілі, жыл-12ай.

 

Жаратылыстану

Өз өлкеміздегі жәндіктер мен қос мекенділермен таныстыру,суреттерін көрсету.Зообақтан көргендерін әңгімелету.

Құрастыру

Ойыншықтарды қолдана отырып тақырыпқа сәйкес өз ойларынан құрылыс құрастыру (ұжымдық жұмыс).

 

Сурет салу

Қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ түстерді ажыратуды жетілдіру, көбелектің суреттін салуды үйрету.

Музыка

Музыкалық шығарманың көңіл күйі мен сипатын тыңдау және түсінуге, әнді дыбысты жылдамдатпай жеңіл айтуға, шеңбер бойымен би қимылдарын орындауға үйрету

Музыка

Биді бірге бастап бірге аяқтауға, қимыл қарқынын өзгерте отырып қимылдауға үйрету.

Мүсіндеу

Ермексаз кесектерін домалату, ширату, созу және біріктіру арқылы жәндіктерді ,насекомдарды жасауды үйрету.

Аппликация

Желім қалдықтарын сүртуді жетілдіру, гүлге қонған көбелек бейнесін қидырып жапсырту.Эстетикалық тәрбие беру.

 Өзін -өзі тану

«Жақсылық», «Үйлесімділік» құндылықтарының мәнін ашу. Шаттық шеңбері. «Наурыз- біздің жаңа жыл». Әңгімелесу. Дәйексөз .Әңгімелеу «Талшыбық». Тыныштық сәті. Сергіту сәті «Көшеттен- ағашқа» Шығармашылық жұмыс «Туған жерімізді гүлдендірейік» Дәптермен жұмыс Қортындылау. Жүректен жүрекке.

 

 

Өтпелі тақырып:

«Біз еңбекқор баламыз» (Сәуір)

 

4. апта Еңбек бәрін жеңбек

 

Дене шынықтыру

1.Өз бетінше сапқа тұру және тізені жоғары көтеріп жүру. 2.Үлкен допты екі қолмен арқаннан, тордан асыра лақтыру.

.3.Допты заттар арасымен домалатып, қақпаға енгізу.

 Дене шынықтыру

1  Заттармен (орамал, жалауша) қолды ауыстырып, жеңіл, еркін, серпілмелі жүріс жасау.

2.Жүріп келе жатып, шыр көбелек айналу.

3. – жүгіріп келіп 1м ұзындыққа секіру;

 

Сөйлеуді дамыту

Балаларды еңбек етуге баулу, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін сөздермен толықтыру, зат есімдерді астында, артында, жанында көмекші сөздермен қолдануға үйрету.

Сауат ашу

Ң дыбысы және таңбасымен таныстыру.Буынға бөлу. Жазуға дағдыландыру.Дидактикалық тапсырмалар орындату.

Көркем әдебиет

Қасық театрын көрсету.Рөлдерді сомдауға үйрету.Дауыс интонациясына мән беру.

Орыс тілі

ҚМҰҚ

Қарапайым таразының көмегімен заттардың салмағын тексеру. Дүкенде қолданылатын таразымен таныстыру.

Жаратылыстану

Бидай өсіру туралы әңгімелеу.Еңбек туралы мақал-мәтелдерді үйрету.

 

Сурет салу

Таяқпен құмға адамдардың еңбек әрекетін бейнелеуді үйрету

Музыка

Бұрын тыңдалған шығарманы тануды бекіту, кіріспедан соң әнді бастауды үйрету

Мүсіндеу.

Қолына күрек ұстаған баланың мүсінін сомдату.

Аппликация

Желім қалдықтарын сүртуді жетілдіру, еңбек құралдарының дайын бейнелерінен жалпы композиция құрастыруды үйрету.

Өзін -өзі тану

«Отан» құндылығы туралы түсінігін кеңейту. Шаттық шеңбері. Әңгімелесу. «Сенің Отаның» Әңгімелеу «Отан деген…» Дәйек сөз. Тыныштық сәті. Ойын: «Жылы сөзер»Дәптермен жұмыс. Ғажайып сөздер. Қорытындылау. Жүректен жүрекке.

Қоршаған ортамен танысу

Ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын әрекетіне ынталандыру, өзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға үйрету, көмек көрсетуге ниеттерін қолдау

Әрқашан күн сөнбесін (Мамыр)

 

1.апта Достық –біздің тірегіміз (халықтар достығы) Дене шынықтыру

1  Заттармен (орамал, жалауша) қолды ауыстырып, жеңіл, еркін, серпілмелі жүріс жасау.

2.Жүріп келе жатып, шыр көбелек айналу.

3. – жүгіріп келіп 1м ұзындыққа секіру;

Валелогия

Мен және басқа адамдар. Қатынасу мәдениеті. Достық. Дау-жанжалды шешу.

Сөйлеуді дамыту

Балаларды басқа балабақшадағы, ауладағы балалармен дос болуға баулу, балалармен тілдік қарым-қатынас мәдениетін сақтауға үйрету.

Сауат ашу.

І дыбысы және таңбасымен таныстыру.Буынға бөлу. Жазуға дағдыландыру.Дидактикалық тапсырмалар орындату.

Көркем әдебиет

Тақырыпқа сәйкес әңгіме оқып беріп оны эмоционалды қабылдауға, шығарма жанрын ажыратуға үйрету

 

 

Орыс тілі

 

ҚМҰҚ

1ден 10ға дейінгі сандар. Теңдіктен теңсіздік, теңсіздіктен теңдік ала білуге жаттықтыру.

Жаратылыстану.

Қазақстанда мекендейтін өзге ұлт және ұлыс өкілдерімен таныстыру.Олардың салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.Достыққа,татулыққа тәрбиелеу.

Құрастыру

Ірі және ұсақ құрылыс материалдарын қолданып үлкен үйдің құрылысын құрастыруға үйрету (ұжымдық жұмыс)

 

 

Сурет салу

Тақырыпқа сәйкес асфальтқа балалардың салған пішіндерімен композиция құрастыруға үйрету

Музыка

Музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдауға, әнді сүйемелдеусіз орындауға үйрету.

Музыка

Музыканың ырғағына сай  би қимылын жасату.

Мүсіндеу

Жалау ұстаған қыз бен бала мүсінін сомдату.

Аппликация.

Алаңдағы шеру тақырыбына ұжымдық жұмыс жасату.

Өзін -өзі тану (қайталау)

«Достық» ұғымын,оның құндылығы ретіндегі мәнін түсіндіру. Шаттық  шеңбері Әңгімелеу. «Атасының ақылы». Дәйік сөз. Сергіту сәті. Ойын «Достық недекн басталады, достыққа не жарасады?» Дәптермен жұмыс. Тыныштық сәті. Шығармашылық ұжымдық жұмыс «Достық шеңбері» Ғажайып сөздер. Қорытындылау. Жүректен жүрекке.

 

 

Қоршаған ортамен танысу

Адамдардың бір-бірімен достығы, Отанды қорғау туралы түсініктерін қалыптастыру, Қазақстанның туы, жаз мезгілі туралы түсініктерін кеңейту

Әрқашан күн сөнбесін (Мамыр) 2.апта Отан қорғаушылар (ҚР әскері, Ұлы Отан соғысының

батырлары

Дене шынықтыру

1. Екі қатарға тұрып бөліну.

Қатармен жүгіру.

2.Арқан бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау.

3.Екі аяғының арасына допты қысып, алға қарай секіре жылжу.

Дене шынықтыру

1. Қолды түрлі қалыпта ұстап, айнала жүру,жүгіру.

2.Допты желке тұсынан бір қолмен ұстап, бастан асыра лақтыру.

3. Төрт аяқтап еңбектеу, орындық астынан еңбектеп өту

 

Сөйлеуді дамыту

Отан қорғаушылар туралы түсінік беру, сөйлеу мәнерін сақтауға, сөздерді жіктелуіне қарай байланыстыруға үйрету, тақырыпқа сәйкес қысқа өлең жаттату.

Сауат ашу

Х  дыбысы және таңбасымен таныстыру.Буынға бөлу. Жазуға дағдыландыру.Дидактикалық тапсырмалар орындату.

Көркем әдебиет

Өздері қалаған ертегісін сахналату.Дауыс интонациясына мән беру.

 

Орыс тілі

 

 

ҚМҰҚ

Санамақтар жаттау

Жаратылыстану

Ұлы Отан  соғысы ардагерлері мен батырларының ерліктеріне бас иіп тағзым ету.Отан үшін жанын қиған ерлерге ерекше құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

 

Сурет салу

Төртбұрышты пішіндерді дөңгелек пішіндермен сәйкестендіріп танктің суретін салуды үйрету.

Музыка

Отан туралы ән тыңдату, әнді байыппен күш түсірмей айтуға, сапта ырғақты жүруді үйрету.  Музыка

Достық туралы ән тыңдату, әнді сазды етіп айтуға, сапта ырғақты жүруді үйрету

 

 Мүсіндеу

Белгісіз солдаттың шлемін мүсіндету,мәңгілік алауды мүсіндету.

Аппликация

Желім қалдықтарын сүртуді жетілдіру, Сарбаз қалпағын тапаншасын жапсыруды үйрету

Өзін -өзі тану (қайталау)

Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Шаттық шеңбері. Әңгімелесу. Менің Отаным. Дәйіксөз.  Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс «Сүйем сені туған өлкем» Ғажайып сөздер. Жүректен жүрекке .

Әрқашан күн сөнбесін (Мамыр) 3. апта Көңілді жаз Дене шынықтыру

1. Қолды түрлі қалыпта ұстап, айнала жүру,жүгіру.

2.Допты желке тұсынан бір қолмен ұстап, бастан асыра лақтыру.

3. Төрт аяқтап еңбектеу, орындық астынан еңбектеп өту

Валелогия

Күн,ауа,су- біздің ең жақын достарымыз. Табиғи факторлардың көмегімен шынығудың маңызы мен ережесі.

Сөйлеуді дамыту

Жаздағы табиғат көріністері, адамдардың киімдері, ойындар туралы әңгімелесу, сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдануға үйрету, тақырыпқа сәйкес диалогке қатыстыру.

Сауат ашу

Өткен әріптерді қайталау.

 

 

Көркем әдебиет

Тақырыпқа сәйкес өлеңді эмоционалды түрде жатқа айтқызуға үйрету

 

Орыс тілі

 

ҚМҰҚ

Математика әлеміне саяхат.

Жаратылыстану

Жаз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру,суда шомылу кезіндегі қауіпсіздікпен таныстыру.

Құрастыру

Ойыншықтарды қолдана отырып тақырыпқа сәйкес өз ойларынан құрылыс құрастыру.

 

Сурет салу

Гуашты қолданып жаздың көрінісін бейнелеуге үйрету

Музыка

Көңілді әндерді тыңдауға оған өз кәңіл-күйін білдіруге, әнді ширақ айтуға, қимыл қарқынын өзгерте отырып қимылдауға үйрету.

Музыка

Ересектермен бірге ән салуға, үйрету.

Мүсіндеу.

Ермексаз және сазбалшықтың жұмыс істеу  дағдыларын жетілдіру, өздері қалаған заттарын мүсіндету.

Аппликация

Шомылып жүрген балалардың образын жапсыруға үйрету.Техникалық дағдыларды меңгерту.үйрету

Өзін -өзі тану

«Өзін өзі тану» сабақтарынан алған білімдерін бекіту. Шаттық шеңбері. Әңгімелеу «Өзіңді тану» Ойын: «Жақсылық  жасау үшін не істеу керек?» Дәйексөз. Дәптермен жұмыс. Ғажайып сөздер. Жүректен жүрекке

 

Қоршаған ортамен танысу

Жаз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктері туралы білімдерін жетілдіру, онда табиғатты бақылау дағдыларын қалыптастыру, ересектермен бірге өсімдіктерге күтім жасаудың қарапайым дағдыларын үйрету

Әрқашан күн сөнбесін (Мамыр) 4. апта Мен жасай аламын

 

Дене шынықтыру

1. Бірінің соңынан бірі кібіртіктеп жүгіру, бағытты ауыстыра жүру,жүгіру.

2.кегли арасымен допты басымен итере еңбектеу;

3.шеңбер бойы отырып, бір-біріне доп лақтыру.

 

Сөйлеуді дамыту

Балалардың нені білетіні, не істей алатыны туралы әңгімелесу

 Көркем әдебиет

Образды сомдауға үйрету,мәнерлеп сөйлеуге үйрету.

 

Орыс тілі

ҚМҰҚ

Жаратылыстану

Әр балаға өзінің қолынан не келетінін көрсете білуге үйрету.өзіне деген сенімділікті нығайту.

 

 

Сурет салу

Өз ойынан сурет салу.

Музыка

Музыкадан алған дағдылар мен біліктерді бекіту

Музыка

Топпен флешмоб билету.

Мүсіндеу.

Ермексаз және сазбалшықтың жұмыс істеу  дағдыларын жетілдіру, өздері қалаған заттарын мүсіндету.

Аппликация

Геометриялық элементтерден өрнек құрастыруды және оларды бір композицияға біріктіруді үйрету

Өзін -өзі тану

«Өзін өзі тану» сабақтарынан алған білімдерін бекіту. Шаттық шеңбері. Әңгімелеу «Өзіңді тану» Ойын: «Жақсылық  жасау үшін не істеу керек?» Дәйексөз. Дәптермен жұмыс. Ғажайып сөздер. Жүректен жүрекке

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *