Мамандығым мақтанышым.
Құрметті қонақтар! Бүгінгі өткізілгелі отырған өнер сайысымыз «Мамандығым мақтанышым» деп аталады, яғни өнерлі, талантты, жан – жақты өнерпаздар біздің ұжымымызда көптеп саналады. Апайлар мен қыздарымыздың өнерлерін таныту, насихаттау, олардың орындау шеберлік деңгейінің артуына ықпал жасау – біздің мақсатымыз болып табылады. Сол себепті балабақшадағы екі топ арасында өнер сайысын ұйымдастырып отырмыз
Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға,
Қошеметтеп, халайық қол соғыңдар,
Сайысқа қатысушы тұлғаларға-дей отырып, сайысқа қатысушы топтарымызды ортаға шақырып,таныс болайық.
1 топ:
Топ құрамы: Райхан,Зарина,Айгерім,Жібек,Назерке
2 топ:
Топ құрамы:Алма,Назым,Нұргүл,Сара,Сара
Сайысқа қатысушылар өнерін салыстырып,
Жеңіс үшін өнерін шабыстырып,
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейін қазыларды таныстырып.
Бүгінгі сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1. Балабақша меңгерушісі: Бекасылқызы Жанар
2. Балабақшамыздың тәрбиешісі: Қабдуллақызы Ақерке
3.Балабақшамыздың аспазшысы:Абубакирқызы Жанар
Әр сайыстың сыны да көп өтпелі,
Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауа тұғын нұрмысыздар.
Талапкерлерге әділ баға бере тұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар- деп әділқазылармен де,сайысқа қатысушылармен де таныс болдық.Енді бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық.
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.
1 кезең: Ал,қанеки танысайық (Топтардың таныстыруы)
2 кезең: Би билейміз дөңгелеп (Флешмоб)
3 кезең: Көрініс
4 кезең: Білімді мыңды жығар (Сұрақ-жауап)
5 кезең: Өнерлі екен он саусақ (Шығармашылық жұмыс)
6 кезең:Күзгі сән үлгісі-2021 (Әр топтан 2 сән үлгісін дайындау)
Топ капитандарын шақырып,жеребе арқылы кім бірінші бастайтынын шешіп алу
Ал, қанекей, келіңіздер!
Бір – біріңе серік болып еріңіздер,
Білгендеріңді тексеріп, еске түсіріп,
Мамандығым мақтанышым сайысында
Бақтарыңды сынап, қатысып бір көріңіздер.
-Ал,құрметті сайысқа қатысушылар сіздерге сәттілік,сайысқа дайындалуға рұқсат
Ақыл, көрік бойларына жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызға
Қатысушыларымыз өздерін таныстырып өтеді. Ал сайысқа қатысушылар 1 кезеңімізді бастайық.
Қашаннан қазыналы халқым менің,
Өнердің өнегелі алтын кені
Даралап дарынымен шықсын озып,
Танытып көпшілікке өз өнерін, – дей отыра, 2 кезеңіміз бойынша Би билейміз дөңгелеп сайысын бастаймыз.
Мамандықтың сан түрлі әдісі бар,
Оның сырын біледі ме, қатысушылар
Өздері таңдап алған көрініспен
Ал,қане сайыскерлер жарысыңдар-дей отырып, 3 кезеңіміз «көрініске» кезек береміз
Ал, ұстаздар сайысқа қалайсыздар,
Сіздер өтер әліде көп сын бар.
Асығыңды ал қоржыннан қымсынбай кеп,
Жауап айтсаң сұраққа жарайсыздар, – дей отырып сайысымыздың 4 кезең бойынша «Білімді мыңды жығар» сайысын бастаймыз.
Сұрақ-жауап:
-Перспективалық жоспар дегеніміз не?ол не үшін керек?(ҰОҚ тақырыптарын айқындайды)
-Нәрестелі жасқа қай жас жатады?(туғаннан бастап)
-Ересек топта ҰОҚ ұзақтығы? Апталық жүктемесі?(20-25мин)(12,5сағ вариатив 2 сағ)
-Таным білім беру саласына қандай оқу қызметі жатады? (Құрастыру,жаратылыстану,математика,сенсорика)
-Шығармашылық білім беру саласы МАД тобында қанша сағат жүктелген? (5 сағат)
-Таным білім беру саласы ересек топта қанша сағат?(2,5сағат матем-1жаратылыс-1құрастыру 0,5)
-Циклограмманың құрылымы неге сәйкес құрылады?(күн тәртібіне)
-Мектепке дейінгі жасты ата(3-6 жас)
-Бөбек жасты ата (0-3жас)
-Ортаңғы топ үшін вариативтік бөлік қанша сағат жүргізіледі? (1 сағат)
-Дидактикалық ойынның мақсаты?
-Денсаулық білім беру саласының мақсаты
– Төбе шашы тік тұрды-қорықты
-. Көзге түртсе көргісіз-қараңғы
– Ат құйрығын кесісті- араздасты
-Көз шырымын алу-ұйықтау
– Беті бүлк етпеді- ұялмады
– Ат ізін салмады- іздеп келмеді
– Көз ұшында көрінеді- алыста
– Көзді ашып – хұмғанша- лезде,тез
– Су тегін-арзан
Келесі 5 кезеңімізді бастаймыз.Бұл кезеңде екі топқа бірдей қажетсіз заттар,қағаздар,оқу құралдары беріледі.5 минут ішінде осы заттардан әдемі бұйым,керемет зат шығару керек.Олай болса жақсы керемет жұмыстар күтеміз.
Өлшем, тәсіл, іс – қимыл бейнесі. Сән – белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән – әлеуметтік құбылыс келесі сайысымызды бастаймыз.6 кезең бойынша Сән үлгісі – 2021жыл Бұл сайыста қатысушылар киім үлгілерін көрсетеді. Ал, енді барлық қатысушыларды қошеметтеп қарсы алайық
Тамамдайтын сәтіміз де таяп қалды.
Кімдер жүйрік, Өнерпаз білейкшіі,
Таныстырып өтсін деп жеңімпазды.
Әділ – қазы алқасына сөз берелік те
Ал, қатысушыларға сәттілік тілейікші, – деп келесі сөз кезегі әділ-қазылар алқасына беріледі. Қорытынды бағаны әділқазылар алқасы ақылдасып шешеді. Жеңімпаздарды анықтап, құттықтап , сыйлықтар табыстайды.
Барлығына риза болсын көрермендер,
Ой бөлісті, бақ сынасты үміткерлер.
Осыменен бұл сайысты тәмамдасақ,
Тағыда жүздесерміз сіздерменен белестерде! – дей келе баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз!
Қош! Сау болыңыздар!