«Гүлдер әлеміне саяхат»
Мақсаты:Өткен әріптер мен дыбыстардың жазылуын,оқытуын пысықтау.байланыстырып сөйлеуге үйрету.Сөз,буын,сөйлем тақырыптарын ойын арқылы қайталату.Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы,ақыл-ойын,сөздік қорларын дамыту
Сәлеметсіңдерме балалар!Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай?
Балалар ойын сабағымызды бастамас бұрын таңертеңгілік жиынға жиналып шаттық шеңберін жасап жіберейік.(балалар гача-гача әуенімен әртүрлі қимыл жасау арқылы билеп амандасады)
Балалар біз осы уақытқа дейін әріп таныдық,оқу оқи білдік,сандармен таныстық,көптеген ертегілермен таныстық,әртүрлі мағлұматтар алдық,жазуды үйрендік енді сол алған білім деңгейімізді аналарымызға көрсетейік,бүгінгі ойын сабағымыз аты айтып тұрғандай барлығы ойын түрінде болады.Ойын түрінде тапсырмаларды орындап аналарымызға нәтижелерімізді көрсететін боламыз.
Балалар қараңдаршы мында бізде есептер бар екен,есеп шығаруға дайынбызба? (Тақтада 1 санынан 10 саны аралығында есептер тұрады,балалар біртіндеп теңдіктерін табады) Енді балалар бізде мұнда гүлдің тек күлтешесі ғана тұр ия,гүлге не жетпейді?Жарайсыңдар гүлдің күлтешелері жоқ екен,олай болса күлтешелерін санның ретімен орналастырайық.
Енді балалар келесі тапсырмаларды орындау үшін сиқырлы гүлдердің көмегі арқылы топқа бөлініп жұмыс жасайтын боламыз(таратпа таратылады) Қараңдаршы балалар қолымызда сиқырлы гүл бар гүлге фонарды жағып қарайықшы не шықты? Кімде қандай түсті көбелек шықты? көрдіңдерме балалар осы түс бойынша 2 топқа бөлініп жұмыс жасайтын боламыз.Сары түсті көбелекке баратын балалар «адасқан әріптер» деген тапсырма беріледі,сөздің бастапқы әріпі берілген қалған әріптері шашыраған сол әріптерді теру арқылы сөзді құрап шығаратын болады.
Ал қызыл көбелек тобына 1,2,3 буынды сөздерден тұратын суреттер берілген сол суреттерді буынға бөлу арқылы орындарына орналастырасыңдар.Дайын болсақ ойын алаңымызға барайық.
Тапсырма орындалып болған соң балалар ортаға шылдырмақ арқылы шақырылады,толық бітпеген тапсырманы күннің екінші жартысында орындайтын боламыз. Ал балалар енді ойын ойнап жіберейік қалай қарайсыңдар? Ойынның аты «гүлдерді сандар бойынша таныстыр» деп аталады. Ойынның мақсатымен таныстырып өтейін, ортада 10 санына дейін сан берілген осы сандарға 2 аяқпен секіру арқылы барып гүлді қоятын боламыз,мысалы кім қандай санға түседі,сонша гүл қояды.
Балалар енді қәзір мен сендерге гүл таратамын сол гүл арқылы бойымызды сергітіп сергіту сәтін жасап алайық(Әли мен Айяның гүл сыйлайық атты өлеңі қосылады)Жарайсыңдар балалар аналарымызға гүлімізді сыйлайық.
Қорытынды:Балалар бүгінгі ойын сабақ сендерге ұнады ма? Қалай?не арқылы бөлініп жұмыс жасадық? Қандай тапсырма орындадық? Жарайсыңдар балалар сендер ойын сабаққа жақсы араласып қатыстыңдар сол үшін сендерді мадақтап тәтті гүл шоқтарын сыйға бергім келіп тұр,рахмет.Осымен ойын сабағымыз аяқталды.