Шетте жүрген қандастар

Елімізде ұлттық, мәдени не рухани болсын мәселелер жетерлік. Солардың ішіндегі ең ауқымдыларының бірі – шетте жүрген қандастарымыздың бөтен елде сайран құрып, өз елін ұмытуы. Бұл тақырып еліміз үшін өте өзекті мәселе екендігі хақ. Бізді шетте жүрген бауырларымыздың тілінен, дінінен алшақтауы, өз болмысынан айырылуы қатты алаңдататыны сөзсіз.

Біз бір алаштың баласымыз.

Мен үшін елдегі ең өзекті мәселелердің бірі де, бірегейі – Болашақта өз ұлтының тарихынан, тілі мен руханиятынан, яғни қазақы болмысынан айырылған, сонымен қатар, өздері тұратын елдердің этникалық ортасына сіңіскен, түрі қазақ болса да, тілі бөтен ұрпақтың пайда болуын көрсетіп тұрған шетелдегі жас жеткіншектеріміздің ассимиляцияға ұшырап кетуі. Бұлай алаңдауымызға себеп те жоқ емес. Себебі, ойланып қараңызшы.. Кіп-кішкентай 5-6 жасар бала – түрі қазақ, тілі мен жан дүниесі шет елге бет бұрған. Бұдан кейін қалай сіз бөтен ұрпақ пайда болып жатыр демейсіз?! Қазақы тәрбиеден жұрдай, тіпті жанындағы шетелдік балалардан аумай қалған, тілі мен дінін айтпай ақ қояйын. Тіптен басқа ұлт өкілі дерсің. Міне осы жайттардан кейін қазақ деген ұлттың ақырындап сиреп бара жатқандығын байқаймыз.

Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең – істің бәрі бос!

Міне қараңызшы, Абай атамыздың неткен даналығы. Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең – істің бәрі бос! Біз қазақтың балалары бір бірімізге неге көмек қолын созбасқа, қолдау көрсетпеске?! Неліктен шалыс басқан жанға өз ақылымызды айтып, демеп жібермеске?! Сол секілді біз де шетте жүрген қандас-бауырларды не елге оралған азаматтарды қазақы ортаға, қазақы тәрбиеге тартуымыз керек. Сондай-ақ телевизия саласы да бұл жағынан қалыс қалып жатқан жоқ. Шетте жүрген қандастар жайлы түрлі ақпараттық бағдарламалар әзірлеп, оны көрерменге ұсынып та жатыр. Біршама жастарды елге оралтуға қатысты үгіт-насихаттар жүргізіп жатыр. Бірақ та, неге екені белгісіз, жастарымыз шет елді аңсап тұрады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *