Тәуелсіздік тұғырым
Аймырзаева Назерке
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. 1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы.
Қазақ сөзінің өзі «еркін,кезбе» дегенді білдіреді. Ежелгі түркі дәуірінен бастап еркіндікте жүріп, көшпелі мемлекет болды . Қазақ хандығының тұсында мықты, дербес ел болсақ, көп ұзамай 1731ж кіші жүз Ресей империясының қол астына кіріп бастады, кейін артынан орта және ұлы жүз де қосылды. Сол кезден бастап біз Ресейге тәуелді болып қалдық. Тәуелсіздікті алу бізге оңайға соққан жоқ. Қаншама қазақтың зиялы қауымдары қарсы шығып, көтерілістер болып, жазықсыз жала жауып, ату жазасына кесілді. Тәуелсіздік үшін күрестің ең ауқымдысы, тарихта өзіндік ерекше жолын қалдырған «желтоқсан оқиғасы» . Бұл оқиға 1986ж 17 желтоқсанда Алматы қаласында орын алды. Қазақтың батыр қыздары мен жігіттері жас ерекшеліктеріне қарамастан «Колбин долой» – деп ұрандатып , алаңға шықты. Дәл осы көтерілістің арқасында біз тәуелсіздіздігімізді алуға бір қадам жақындай түстік. Осылайша, 1991ж 16 желоқсан еліміздің Тәуелсіздігін жариялаған күн болып есептелінеді.
Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.Жыл сайынғы ел Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды.
Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған -Түркия елі. Тек бір ел ғана емес, барша әлем елдері мойындап, қолдау көрсетті. Еркіндікке қол жеткізген жас мемлекеттің алдында жасалынатын көптеген жұмыстар тұрды. Өзінің ішкі және сыртқы саясатын, экономикасы мен валютасын қалыптастыру сынды жауапты жұмыстар тұрды. Осының бәрін отыз жылда орындап, әлем жұртының алдында өзіннің даңқты ел екенін мойындата білді. Тәуелсіз елдің алғашқы президенті – Нұрсұлтан Назарбаев. Еліміздің көркейіп, өркендеуіне бұл кісінің қосқан үлесі орасан.Міне содан бері арада 30жыл уақыт өтті. Еліміз 30 жылдың ішінде жазық далаға ел жүрегі – Нұр-Сұлтан қаласын салып, оны әлем жұртына таныта білді. Қаланың аспанмен теңесе салынған биік ғимараттары мен халықтың қолданысы үшін әрқилы ойын-сауықтық кешендер барлығы қала әсемдігіне көрік қосып тұр. Қазақстанның әсем мекендері, сұлу табиғаты, жұпар ауасы, тарихқа толы қалалары бәрі еліміздің баға жетпес байлығы әрі әлем жұртының көз тіге қарайтын, саяхаттап келетін туристік мекенге айналды. Астана (Нұр-Сұлтан) арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Түркістан тарихи жәдігерге толы қала атанды Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты.
Тәуелсіздігіміздің арқасында көптеген шет елдермен жақсы қарым қатынас орнатып, жасөспірімдерге Еуропа, ТМД елдерінде білім алу, тәжірибе алмасу секілді көптеген мүмкіндіктер ұсынылып отыр.
2017ж елімізде ЭКСПО 2017 көрмесі өтті. Көрменің негізгі мақсаты- «Жасыл энергия», яғни, болашақта энергия көздерін дұрыс , тиімді пайдалану. Бұл көрме арқылы бізді көп елдер жаңа қырымыздан танып, біз туралы жақсы көзқарас қалыптастырды.
Біз, өскелең жастар, тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз. Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы – тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біздер шынайы бақытты жандармыз. Ендігі мақсат, осы еркіндікті баянды ету біздің басты парызымыз.
Керемет жинақ
Эссе жинақтары керемет
Очень хороший сборник. Спасибо