Өкпе наразды ұмытудың жолы қандай?

Адамның адамға деген реніші көбіне артық әңгіме мен, ашумен айтылған сөздерден болып туады.
Соңы өкпеге айналып, айырылмастай болған жақынымызды көруге жиренетін жағдайға жетіп тынамыз…
Ашу дұшпан,ақыл дос.
Ашудың артында сайтан тұрады. Ашуланып тұрып аузыңнан дем де шығарма!
Жұмылған аузың жұмулы қалсын.Осы сөздің арқасында талай сынақтан басымды арашалап жанымдағы жақсы адамдарды өз төңірегімде қалдырып келемін.
Ашу қысқанда тамағыңа тірелген сөзді шығармай,екі ерніңді қосып бірер сәт тұра алмағаныңнан, талай жүректерге жара салатын кездер болады.
Айтылған сөз атылған оқпен тең дегенғой дана халық!
Мың рет кешірім сұрадың не?! Бәрібір суық сөз жүректе өкпе болып сыздап тұратыны мәлім…
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.), үмметтерінен тіліне сақ болған адамның жәннатқа кіруіне кепілдік беріп: «Кімде-кім маған тілі мен екі аяғының арасындағы нәрсені жамандықтан сақтауға кепілдік берсе, мен оған жәннатқа кіруіне кепілдік беремін»- деген екен!
Бірімізге біріміз онсызда мәңгі емес жалған өмірде не үшін ашуланып күйбелікке салынамыз?!
Ертең жанымыз шүберекке түйілгенде сол өкпе нараздың зияны болмаса пайдасы болмасы хақ!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *