Абай Құнанбайұлы “бас басына би болған өңкей қиқым”

19 ғасырда өмір сүрген Абай Құнанбайұлы жарыққа ащы шындығы, ой салар тебіренісі бар өлеңдер көптеп шығарды. Әр туындысын оқыған сайын сол ғасыр мен дәл қазіргі күнмен байланыс табамыз. Жемқорлықпен күнелтіп,тағдырын болыс болуға арнап, алдап-қармап өмір сүретін адамдарға арналған «қалың елім,қазағым,қайран жұртым» атты өлеңі адамға ой салады.

Бас басына би болған өңкей қиқым – өз басының,әлеуметтік жағдайының қамын ойлап,жақсы мен жаманды айыра алмай,халқының жолындағы мұрат-мақсатты емес, бастағы миы мен қолдағы малына талас қылған берекесіздерге арнады. Берекесі мен бірлігінен айырылғалы тұрған аз ғана қазақтың жанын малға сатып, арын ақшаға ауыстырғаны қапаландырды.

Адами қасиеттен құлдырып, бір-біріне жан ашу,көмектесу, бауырмал болу емес,жұмсақ орындықта болыс болуды,азғын болуға ауысқан адамдарға түзу жолды көрсету. Менің бұл мәселеге көзқарасым: қазіргі таңда жоғары билік басында ойына келгенін істеп,халықты пайдаланып, мал-мүлік санын арттыруға асыққандарға осы өлең жолдары дәл арналған. Қазақ қазақ болып туғалы бойында бұндай арам емес,адами қасиеттер көп болған, тек періште алтын көрсе жолдан таядының кебін кигендер қаншама?!

Біз ақындардың өлеңінен сол заманды елестетіп, бүгіні мен болашағын байланыстырамыз, сабақ аламыз. Биліктің жақсы да жаман жақтарын дұрыс қолданып, адами қасиеттен айырылмауға күш салуымыз керек. Тірлік теңізде толқындар көп, тек Абай Құнанбайұлы айтпақшы сол толқынмен құламай ілесу керек.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *