Ана……

Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!

Ана… Әрбір адам осы керемет күміспен қапталып, алтынмен апталған АНА деген сөзді естіген сәтте-ақ жүрегі дір етеді. Сен осы дүниеге шыр етіп келген сәтте анаң \”БАУЫР ЕТІМ БАЛАМ\”,- деп ақ сүтін беріп, аяалап, МЕНІҢ БАЛАМ КЕРЕМЕТ деп мақтан тұтады. Иә, бірақ біз осы ана махаббатын қадір тұтып, бізде сол керемет адамды аяалап жүрміз бе? Ана көңіліне қаяу түсірместен мақтан тұтатындай сүйкімді жағымыздан көрінеміз бе? Жоқ ондай адамдар саны кемде-кем! Екінің бірі ондай жақсы қылық істемейді! Ана махабатына біз мүлде басқаша жауап береміз… Ұлымыз барып жаман қылық істейміз, ал қызымыз ше? қызымыз анаға көмек берудің орнына, бет жыртысып ұрсысамыз…Бірақ оның бәрі ананың жүрегіне қалай ауыр тиетінін түсіне алмаймыз. Себебі кәзіргі жастардың санасы өте төмен.
\”Алып анадан туады \” дегендей біздің неше түрлі ғұламаларымыз, батырларымыз анадан туған. Әл-Фараби тіпті Фердаусидің өзі осы анадан туды емес пе? Ананың құдіреті өте күшті… Мұны мына бір Ақсақ темірдің \”Өлімді жеңген ана\” тақырыбынан-ақ байқауға болады. \”Ақсақ темірдің ұлы өлген соң ол баласының кегін қан төгіс арқылы қайтармақ болды. Алып мұнараларды адамның сүйегінен тұрғызды. Қаһарына мінген Темірді көрген кезде адамыңда тіпті жан-жануарлар жан-жаққа қашатын. Сол кезде бір әйел адам келіп:
-Хан болсаң өзіңе хансың, ал мен үшін сен адам қатарына да жатпайсың! Сен әлемге өлім әкелсең, мен өмір силаймын. Сені де ана тапқан! Сен де анадан шыққансың. Баламды кері қайтар,-деп бұйырады. Сол кезде Темір әскерін дүниенің төрт бұрышына жібереді. СОл кезден бастап Темір райынан қайтып, басқаша өмір сүреді\”
Міне терең мазмұн осында жатыр. Тіпті тас жүректің жүрегін жібітіп, тілін таба білетін адам ол АНА!
Жұмақ ана табанының астында, сол жұмақ есігін ашам десең ешқашан анаңды ренжітпе!
Бірде пайғамбарымызға Мұхаммед (с.ғ.с)ге біреу кеп:
-Ең алдымен жақсылықты кімге істейсің десе,
-АНАМА!,-депті.
-Жарайды, ал сосын кімге десе,
-АНАМА!,-депті.
-Иә түсіндім ғой, ал сонан соң ше? десе
-Тағыда АНАМА депті!
Міне пйғамбарымыздың өзі АНАН атаулыны қалай силаған!
Қазағымның бір сөзі бар емеспе, \”Анаңды з рет арқалап апарсаңда, ақ сүтін ақтай алмайсың\” деген. Сондықтан бауырларым Анамызды ардақтап, силап, көңіліне кірбің түсірмейік. Сол ақ сүтті ақтай алмайтын халге түспейік!
Анашым мен саған мәңгілік борыштармын. Ренжітсем кешірім өтінемін. Осы жарық дүние есігін ашып берген АНАШЫМ саған мың алғыс!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *