Қазақстандағы мал шаруашылығының экономикасы мен субсидиялары.

Ауыл шаруашылығы – Қазақстанның экономикасындағы негізгі сала. Соның ішіндегі қазіргі таңдағы ең маңыздысы мал шаруашылығы болып табылады. Мал шаруашылығының өркенденуіне қазіргі таңда үкімет түрлі субсидиялар бөліп жатқаны бәрімізге мәлім.

Мал шаруашылығының тарихы осыдан 10 мың жылдай бұрын жабайы жануарларды қолға үйрету кезеңінен бастау алады. Алғашқыда мал шаруашылығы табиғи сипатта дамығандықтан малдардың өнімділік бағыттары мен тұқымдары санын ұлғайтуға жеткілікті жағдайлар болмады. Мал тұқымдарын шығарудың қарқын алуы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру тауарлары сипат алған капиталистік қатынастардың өркендеуімен тығыз байланыста жүрді. Мыңдаған жылдық тарихы бар мал шаруашылығының Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуындағы орны ерекше болды. 20 ғасырдың басына дейін адамдардың әл-ауқаты мен тұрмыс тіршілік деңгейі түгелге жуық мал шаруашылығының өркендеу деңгейімен анықталды. Қазақстан жерінде мал шаруашылығы ежелден жайылым ауыстырып отыруды талап ететін көшпелі жүйе бойынша дамығандықтан негізінен қой, ешкі, жылқы және түйе өсірілді. Салыстырмалы түрде күтімді және құнарлы азықтарды көп қажет ететін сиырдың кеңінен таралуы, сондай-ақ, қазақ халқы төрт түлік мал санатына қоспайтын шошқа өсірудің қолға алынуы 19 — 20 ғасырларда Ресейден орыс шаруаларының қоныс аударып келе бастауымен тығыз байланысты. Сол кездерде  Орталық Қазақстан аймағындағы мал шаруашылығы ерекшеліктерін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеулер нәтижесі мал түрлері үлес салмағының төмендегідей болғандығын көрсетті.

Қазақстанда 19 ғасырдың соңына дейін негізінен қой, ешкі, түйе және жылқы түліктері өсірілуінің бірнеше басты себептері бар: Жер аумағының 70%-ға жуығын (182 млн. га) осы малдарды өсіру арқылы тиімді пайдалануға болатын жайылым алқаптары алып жатты; айтылған малдар жергілікті табиғат жағдайларына барынша бейімделді, жыл бойына дерлік жайылым азығын пайдаланып өсіп-өнді, сонымен бірге, жергілікті халық олардың өзіндік құны төмен және зор сұранысқа ие өнім түрлерін өндіру мен оларды өңдеудің тиімді технологияларын (ет, май, сүттен, тағам, жүнтеріден киім-кешек, көшпелі баспана —киіз үй жасау) жақсы меңгерді. Әр түрлі аймақтардағы мал шаруашылығының дамуы мен түлік түрлерінің үлес салмағына нақты аудандардың жерсуауа райы ерекшеліктері үлкен әсерін тигізеді. Сиыр өсіру әуелден-ақ топырағы құнарлы, шалғынды аймақтарда нәтижелі жүргізілсе, шөл және шөлейт жерлерде малдың негізгі бөлігін (80%-дан аса) уақ малдар (қой, ешкі) құрады.

Қазіргі уақытта барлық сиырдың 87,3%-ы жеке меншікте, 6,2%-ы шаруа қожалықтарында, 6,5%-ы мемлекеттік ауыл шаруашылығы мекемелерінде жинақталған. Бұл көрсеткіштер қой мен ешкі түліктері бойынша 80,2; 12,3 және 7,5%-ға, жылқы түлігі бойынша 83,8; 10,6 және 5,6%-ға, түйе түлігі бойынша 75,7; 11,3 және 13,0%-ға сәйкес келеді. Ауыл шаруашылығы мекемелерінің шаруа қожалықтарына бөлінуінің артықшылығы ретінде 2000 жылдан бастап жеке және шаруа қожалықтарында орынсыз мал шығынына жол берілмеуі нәтижесінде соңғы 3 — 4 жылда түлік түрлері бойынша мал санының орташа өсімі 3 — 10%-ға, ет, сүт өнімдерін өндіру 3 — 6,5%-ға тұрақты артып келеді.

Бүгінгі таңда әр елдің ұлттық өндірістері негізінде дүниежүзілік біртұтас тауарлы ауыл шаруашылығы қалыптасып келеді. Өндірілген жалпы өнім мөлшері жөнінен Қытай, АҚШ, Жапония, Аустралия сияқты елдер жетекші орын алады. Жан басына шаққанда ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етілу дәрежесі жөнінен Батыс Еуропаның дамыған елдері мен Канада, АҚШ, Жапония және Аустралия ерекше көзге түседі. Дамушы елдерде бұл керсеткіш өте төмен, тіпті жалпы өнімді аса көп өндіретін Қытай мен Үндістанда ол Канада және АҚШ-пен салыстырғанда 5—6 есе төмен. Сол себепті ауыл шаруашылығының алдында әлі де оңтайлы шешімін таппаған мәселелер баршылық. Ең бастысы — халықты сапалы, құнарлы әрі арзан азық-түлікпен қамтамасыз ету; айналадағы ортаны ластанудан қорғау және табиғат байлықтарын пайдалануды, жетілдіру.

Жаңа тұқым шығару мақсатында Қазақстандағы таңдаулы қой  тұқымдары  мен  шетелдік  тұқымдар;  австралия  мериносы, австралия корриделі,  линкольн  қойы, ромни – марш  қойлары,  т. б. пайдаланылды.  Қазақстанда Қой шаруашылығының дамуында негізгі үш  бағыт  айқындалады. Олар елдің табиғи климаты, жем – шөп, жайылым  жағдайы,  қойдың биологиялық  ерекшеліктері, т. б. байланысты  төмендегіше  3  аймаққа  бөлінді: 1) далалық,  қуаң – шөлейт, аймақтар мен оңтүстік таулы  өңір. Мұнда  биязы  және  биязылау жүнді  қой  тұқымдары  (барлық  қойдың  65 %-ы ) өсірілді.  2)  шөл және  шөлейт аймақ. Бұл  жерлерде   негізінен  етті – майлы,  ұяң  не қылшық жүнді қойлар (барлық қойдың  16 %-ы ) шоғырланды. 3) Қаракөл қойлары  өсірілетін оңтүстік және батыс  аймақтар.  1990  жылдың басында  1250, оның ішінде 702 арнайы мамандандырылған ірі  қой шаруашылықтары болды.

Алайда   экономиканың  өзге салалары секілді  Қой  шаруашылығы да кеңестік науқаншылдыққа  ұрынып, қой санын  50 млн – ға жеткізу  туралы елдің нақтылы мүмкіндіктеріне сай келмейтін қисынсыз жоспарлар жасалынды. Жоспарды орындау мақсатында қойды қолдан жасанды  ұрықтандыру тәсілі  кең етек жайып, асыл  тұқымды  қойлардың  азып – тозуы мен миллиондаған елтірінің  шын мәнінде  жарамсыз қалуына,  кеңестік  жалған ақпардың белең алуына алып келді. Мал өнімдерін өңдеу, жаңа технологияларды игеру, т.б. мәселелер кенже қалды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық дағдарыстар  мен  формалар нәтижесінде Қой шаруашылығы  елеулі түрде құлдырады.

 

Айта кететін болсақ, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министирлігі мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау берілді. Тоқталып кететін болсақ:Олар,

  • ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын (сүтті, сүтті-етті, етті және етті-сүтті тұқымдар), отандық етті және етті-сүтті асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды, шығу тегі асыл тұқымдыға сәйкес келетін ірі қара малдың импортталған аналық басын, асыл тұқымды қойларды, өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырды, асыл тұқымды тұқымдық түйені, шошқалардың асыл тұқымдық басын, ешкілердің асыл тұқымды аналық басын, етті бағыттағы ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанды және асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапанды сатып алып үшін субсидиялар алуға;
  • табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу үшін субсидиялар алуға;
  • тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды күтіп-бағу үшін субсидиялар алуға;
  • шаруа (фермер) қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын, сондай-ақ шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілген қызметтер үшін субсидиялар алуға;
  • ірі қара малдың тауарлық аналық бастарымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға;
  • ірі қара малдың асыл тұқымды аналық бастарымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға;
  • қойлардың асыл тұқымды аналық бастарымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға;
  • қойлардың тауарлық аналық бастарымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға;
  • маралдардың (бұғылардың) аналық бастарымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға;
  • балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға;
  • шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға;
  • сүтті және сүтті-етті тұқымды асыл тұқымдық бұқалардың бір жынысты және қос жынысты ұрығын сатып алу үшін субсидиялар алуға;
  • ірі қара мал мен қойлардың эмбриондарын сатып алу құнын арзандату үшін субсидиялар алуға;
  • құс етін (құс етін, күркетауық етін, суда жүзетін құс етін), тағамдық жұмыртқаны (тауық жұмыртқасын), сүтті (сиыр сүті, бие сүті, түйе сүті) өндіру, сондай-ақ ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандатуға субсидиялар алуға;
  • сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас ірі қара мал /5000 бас қой бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал/ тәулігіне кемінде 300 бас қой соятын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың/қошқарлардың құнын арзандатуға субсидиялар алуға;
  • ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алуға;
  • ірі қара малдың/қойлардың импортталған асыл тұқымды аналық басын немесе шығу тегі асыл тұқымдыға сәйкес келетін ірі қара малдың импортталған аналық басын сатып алу үшін тиесілі субсидияларға өтінімнің берілуі.

Ердің малы-елдің малы демекші қазақстанда мал шаруашылығына жағдай жақсы жасалып қазақстанның көп азаматтары мал шаруашылығымен айналысуда осыған бөлінген субсидияларға байланысты мал шаруашылығы қарқынды дамуда.Мал шарушылығының дамуы қазіргі таңда қазақстанның эканомикасының дамуына үлкен үлесін тигізуде.Бүгінгі күні бұл  саланың өнімге қосып отырған үлесі өте зор қазіргі уақытта мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында жоспарланған және іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың көлемі 717 млрд теңгеден асады. Сыртқы нарықтарда айтарлықтай сұранысқа ие шошқа етін өндіру — мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтудағы перспективалы бағыт ретінде аталды.ҚазАгрохолдингі ауылдық елдімекендердегі кәсіпкерлердің жаңа бастамаларын қолдап, атакәсіп мал шаруашылығын дамыту мақсатында қаржыландырудың бірнеше бағытын ұсынып отыр.Қазіргі әр саланың дамуына жағдай жасау үшін әр салаға бағдарламалар бөлнуде соның бірі <<Сыбаға>>бағдарламасы осының арқасында шаруашылық бастауға мүмкіндіктер ашылуда.«Сыбағадан» сыбаға аламын деп талпынған жұрт отандық мал шаруашылығының дамуына, ет өнімдері санының артуына үлес қосып қана қоймай, болашақта импорттық көрсеткішті азайтып, экспортқа шығаруға қор дайындауға айтарлықтай еңбек сіңірері анық.Жалпы мал шаруашылығымен ата бабалармыз бұрынан айналсып  келе жатқан кәсібі Қазақстанның көптеген жерлері де мал шарушылығымен айналысуға қолайлы содықтанда мал шарушылғы бір орнында тоқтап қалмай одан әрі дамиды деген сенім мол.Малдың жайын баққан білер,Отынның жайын жаққан білер дегендей қазақ бұл кәсіппен бұрынан айналысып келе жатқандақтан бұл шаруаның қырсырын біледі сондықтан мал шаруашылғына жағдай жасалып жатқандықтан одан әрі дам ытып алып кету қиындық келтірмейді депм ойлаймын егерде осы мал шаруашылғын көптеген жастармыз қолға алып білек сыбана кіріссе осы сала жағынан дамыған елдің алдына шығарымыз анық. Тағы айта кететін жайт қазіргі кезде мал шаруашылғына қатысты түрлі бағдармалар бары анық және сол бағдармалар арқылы мал шарушылығы өркендеуде. Мал шаруашылығы өнімнге септігін тигізіп қана қоймай жұмыспен қамтуға да септігін тигізуде. Қортындылай келе мал шарушылығы қазақстанның эканомикасның дамуында ерекше орын алатын шаруашылық деп білемін.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *