КӨЛІКТЕР

Сабақтың тақырыбы: Көліктер.

Сабақтың мақсаты: Көліктер туралы түсінік беру, кеңейту. Қалай дыбыстайтынын айту. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып /жерде, суда, әуеде/  білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін сақтауға тәрбиелеу. Тыныс алу, ұсақ моторика, артикуляция жаттығуларын дұрыс орындалуын қадағалау.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, слайд, сұрақ-жауап, жұмбақ шешу, ойын.

 

1.Мотивациялық-қозғаушы кезең.

-Сәлеметсіз бе, балалар!

Бақыт-біздің сиқырлы шеңберіміз,

Бақыт-біздің достарға сенгеніміз.

Бақыт-тапқан достармен достасуың,

Бақыт-кеште достармен қоштасуың.

 

Қайырлы күн досым!

Қайырлы күн болсын!

Бүгінгі күн қуаныш!

Сәттілікке толсын!

 

-Жарайсыңдар, балалар! Жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.

Сұрақ-жауап:

Жыл мезгілдері?

Апта күндері?

Қыс мезгілінің айлары?

Тыныс алу жаттығу. Тонған қолдарды жылыту.

2.Жаңа сабақ. Әр түрлі көліктердің дауыстары шығады.

-Балалар ненің дауыстары естіледі?

Дұрыс машина, поезд, ұшақ т.б.

Бұл көліктердің дауыстары.

-Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Көліктер».

/Көліктер туралы түсінік беру/

-Балалар, мультфильмге  назар аударайық. Бұл қай мультфильм?

Дұрыс, Тайо мультфильмі.

Тайоның қалашығында өзгерістер болған. Мұнда автобустардың қанаттары бар екен, олар аспанда ұшып жүр, ұшақ болса темір жолда.

Тайоға біз көмектесеміз ба? Олай болса бір неше тапсырма орындаймыз.

3.Артикуляция жаттығу. «Піл, бақа, сусиыр, алтыбақан, ат шауып келеді»

 

4.Жұмбақ шешу.

Бұлттар менен көктегі,

Мен боламын туысқан.

Озық шығам құстарды,

Қанат қақпай ұшамын.           /Ұшақ/

 

Теңізді жүздім балықтай,

Дүниені кездім жалықпай.

Көліктердің бір түрі,

Мен боламын қайықтай.          /Кеме/

 

4 аяғым дөңгелек,

Адамсыз мен жүрмеймін.

Барлығы жерге жеткізіп,

Қаласаңыз апарам.                      /Машина/

 

5.Ойын «Не артық?» Автобус, поезд, машина, ұшақ келсе т.б.

6.Сергіту сәті. Орнымыздан тұрып:

Орнымыздан тұрамыз,
Қанатымызды жаямыз,
Ұшақ болып ұшамыз.
Кеме болып  жүземіз.
Машин болып жүреміз /қимылдарын көрсетіп жасаймыз/

7.«Есіңде сақта» /суреттердің орнын ауыстырып, немесе біреуін алып тастау/

8.Карточкамен жұмыс.

9.Қорытынды. Ұсақ моторика. Жіпті орап отырып, көліктерді сипаттайды.

10.Балаларды мадақтау.

 

 

\

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *