Балалық өтті, білдің бе? Абай Құнанбайұлы

Балалық өтті, білдің бе?

 

Балалық өтті, білдің бе?

Жігіттікке келдің бе?

Жігіттік өтті, көрдің бе?

Кәрілікке көндің бе?

Кім біледі, байғұстар,

Баяндыдан сөндің бе?

Баянсызға төндің бе?

Әлде, айналып, кім білер,

Боталы түйе секілді

Қорадан шықпай өлдің, бе?

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *