Мамандық таңдау
Мамандық таңдау
Мамандық таңдау – адам өміріндегі орын алатын маңызды таңдаулардың бірі. Оны мүдірмей, дұрыс таңдай білу де өнер. Адамның келешегіне тікелей қатысы бар болғандықтан, мамандықты таңдар сәтте немқұрайлылыққа бой алдырмай, нағыз сара жолды таңдау қажет!
Мамандықты қалай дұрыс таңдауға болады? Болашақ жұмысың екі түстің бірін таңдау секілді тек қызығушылығыңа ерік беретін таңдау емес. Осынау таңдауды жасарына дейін адамзат ең алдымен өзінің бойынан табылған тума талабы менен қалыптасқан қажеттілігі бар саналатын қасиеттерін ескеріп, олардың қандай игілікке жарайтынын пайымдауы керек.
Өзінің қалауы, сонымен қатар, сол таңдаған саласына қарай ептілігінің болуына да мән беруі тиіс. Себебі ол, келешекте болашақ маманның өз ісінің шебері болуына да тікелей әсер етеді.
Мамандық сондай-ақ, өзің сүйетін іспен айналысу ғана емес, өзің араласатын ортаны таңдау!
Ең бастысы – адамның еңбекке қабілетті, қашанда зейінді болуы шарт! Өз ісіне сенімді, дұрыс жолды таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түспек! Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат болып табылады!