Мамандық-өз сүйікті ісің
Адам қай кезде рақатқа бөленіп, бақытты бола алады? Әлбетте, өз сүйікті ісімен айналысқан сәтте. Сондықтан, әр адам өзі ұнатқан іспен айналысқаны жөн. Себебі, ол өз ісінің шебері бола алады. Оны мүлтіксіз, тиянақты орындап шығады. Өзің ұнататын істі бойыңдағы бар ынтамен, қасиетіңмен істесең, жұмысың сәтті болары сөзсіз. Өзің айналысатын сүйікті істі қалай табасың? Ол адамға өсе келе немесе кішкентайыңнан қалыптасады. Сол арқылы арман қуа бастайсың.
Кез келген істе осыны басшылыққа алған жөн. Мысалы, мамандық таңдау. Өзің қалаған сүйікті ісің арқылы сол мамандықты таңдаған дұрыс. Бала кезіңнен биді сүйдің бе, биші боламын дедің бе? Биші бол! Ол өз арманың, қалаған ісің. Кішкентай бала кездегі жүрек қалауы, сені ешқашан алдамайды…