Бекітемін:
Оқу ісі жөніндегі орынбасары:
| Коучниктің тақырыбы: | «Үлгірімі төмен оқушылармен жұмыс жасау кезінде қандай тиімді
әдіс- тәсілдерді қолдануға болады ? » |
| Педагогтің аты-жөні | Купенова Ж |
| Күтілетін нәтиже : | Мұғалімдердің үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеуге деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасу арқылы білмеген тұстарын үйренеді |
| Ресурстар | Слайд,видио роликтер,АЗ,маркер стикер түрлі түсті қағаздар , смайликтер |
| Коучтың мақсаты | Үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, үлгерімі төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік білім стандартын меңгеру. |
Коуч пен мғалімдерді ісәрекеті:
| Коучингтің барысы | Коучтің әрекеті | Мұғалімнің іс —әрекеті |
| 1.Амандасу
Психологиялық ахуал «Жылылық» |
1.Коуч коучқа қатысушылармен амандасады.
«Жылылық» (бір-бірінің алақандарын алақандарына қойып, жақсы тілек тілейді) |
Бір – біріңнің алақандарыңды алақандарыңа қойғанда қандай сезімде болдыңдар? Әрине, жылылық сезіндіңдер. Жақындық, мейірім, жақсы сөз, жақсы тілек айтқанда көңілімізге қуаныш, шаттық пайда болады. Олай болса, тренингімізді мейірім, жылылық, сәттілікпен өткізейік.
|
| Топқа бөлу;
1-топ 2-топ |
Коуч қатысушыларға қима қағаздарды ұсынып ,бағалау түрлері бойынша топқа бөлу
|
Бағалау түрлері жазылған қима қағаздар арқылы топқа бөлінеді. |
| Оқушыларды бағалау
мақсатында мұғалімдерге ортаға тапсырма беріледі |
Тапсырмалар
Өзіңді үлгерімі төмен оқушының орнына қою Жеке жұмыс. Мұғалімдерге сыныбындағы оқушының орнына өздерін қойып, өз сезімдерін, ойларын жазу тапсырылады. |
Мұғалімдер өз ойын білдіреді.
«Пікір айту»әдісі |
| Топтық жұмыс | Басқа көзбен көзқарас
Әр топқа бөлек тапсырма беріледі. 1- топ. Егер мен ол оқушының анасы болсам, оған қандай көмек көрсетер едім? 2-топ. Егер мен ол оқушының сынып жетекшісі болсам, оған қандай көмек көрсетер едім?
|
|
| Жеке жұмыс | Қазіргі уақытта үлгерімі төмен оқушымен мен қандай жұмыс атқарып отырмын?
Жеке жұмыс. Мұғалімдерге бір парақтан таратылады |
Бүгінгі күнге дейін үлгермейтін оқушылармен атқарылып отырған жұмыстарын жазу тапсырылады және өз жұмыстарын 10 балдық бағамен бағалау ұсынылады |
| Рефлексия | Мұғалімдер өздері стикер арқылы жазады. | Стикер,ағашқа қызыл,жасыл,сары алмаларды жабыстыру
|