Ағылшын тілі сабақтарында бейнежазбаларды қолдану.

Ағылшын тілі еліміздің халықаралық қатынастарын дамытуға мүмкіндік беретін мәдениетаралық қарым-қатынастың маңызды құралы. Білім беру саласындағы қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, жаңашылдықтар ағылшын тілін оқытуды ұдайы жетілдіруді талап етеді. Бүгінгі таңда шет тілін оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру және одан әрі дамыту болып табылады. Бұл оқушыларға басқа мәдениет өкілдерімен еркін сөйлесуге мүмкіндік береді. Осы талаптардың жүзеге асырылуы заманауи инновациялық технологиялармен тікелей байланысты. Олардың арасында ерекше орын алатын әдіс: бейнежазбаларды қолдану әдісі. Бейнежазбаларды қолдана оқыту оқушылардың пәнге деген белсенділігін арттырып, өз ойын ашық айтуға, көргені туралы өз пікірін білдіруге ынтасын тудырады. Дегенмен, еліміздегі көпшілік мектептерде сөйлеу дағдығысына тиісті көңіл бөлінбейді. Салдары оқушылардың өздерінің ойларын еркін түрде жеткізе алмауына, еркін қарым – қатынас жасап, сөйлесе алмауына, коммуникативтік барьердің пайдала болуына әкеліп соқтырады. Мәселенің өзектілігі және оның практикалық тұрғыдан жеткіліксіз өңделуі осы мақаламның өзектілігін арттырады.

“Бейнежазбалар” термині (лат. video-қараймын, көремін) техникалық тұрғыдан алғанда, қозғалысты жеткізуге қабілетті, дыбыспен де, дыбыссыз да кез келген тәсілмен және кез келген жолмен жазылған қозғалатын бейнелердің жиынтығы. Бейнежазбалар екінші дүниежүзілік соғыс кезінде сарбаздарды дайындау құралы ретінде алғаш рет зерттелгендіктен, мұғалімдер бейнежазбалардың оқушыларды қызықтыру, олардың мотивациясын арттыру және оқу тәжірибесін жақсарту үшін күшін түсінді. Сол уақыттан бері мазмұн да, технология да айтарлықтай кеңейіп, оқу процессіндегі аудио немесе бейнежазбалардың қолжетімділігі мен құндылығы артты. Бейнежазбаларды әдістемелік тұрғыдан қарастыратын болсақ, олар қазіргі заманғы әдістемелік техникаға байланысты, оқу мақсатында қолданылатын техникалық оқу құралдары.

ЮНЕСКО мәліметтері бойынша адам естігенінің 12% және көргенінің 25% есте сақтайды, ал аудиовизуалды қабылдау кезінде ақпараттың 65% дейін сіңеді. Осылайша, бейнежазбалар есте сақтаудың қарқынды болуына ықпал етеді: ол оқушыға ауызша және көрнекі ақпарат береді, сонымен қатар эмоционалды әсер етеді.

Көрнекілікті қолдануда, қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин көп көңіл бөлген. Ол «Қазақ жастары өнер мен ғылымды кітап көзінен қарамай көзбен көріп ажырата білуі тиіс» деген.

Ұлы Абай Құнанбаевта өз шығармаларында ақыл-ойды дамытып, ғылыми білім алу керектігін айтып өткен. Мысалы: «Адам баласы көзбен көріп, құлақпен естіп, мұрынмен иіскеп сырттағы дүниеден хабар алады» деген дана ойы көрнекілітің маңыздылығын айқындап тұр.

Бейнежазбалар екіге бөлінеді:

  • оқу бейнежазбалары
  • көркем материалдар

Оқу бейнежазбалары – бұл электрондық оқыту жағдайында оқу контентін ұсынудың заманауи, тиімді түрі. Оны оқытудың әртүрлі формаларында қолдануға болады (күндізгі, аралас, қашықтық).

Оқу бейнежазбаларына мыналар жатады:

  • бейне дәрістер;
  • вебинарлар;
  • бейнеконференция немесе бейне кездесу;
  • фильмдер

Көркем бейнежазбалар кино өнерінің туындысы болып табылады. Технологиялық тілмен айтқанда, бұл бір сюжетпен байланыстырылған фотосуреттердің (кадрлардың) жиынтығы. Олар кинокамералар арқылы қоршаған әлемнің суреттерін жазу арқылы жасалады немесе өңдеу және арнайы эффектілерді қосу арқылы жеке суреттерден жасалады.

Бейнежазбалардың бұл түрі мыналарға бөлінеді:

  • мультфильмдер;
  • кинофильмдер;
  • телехикаялар
  • слайд-шоу, презентациялар

Бейнематериалдарды қолдану әдістемесінде отандық және шетелдік авторлар олар бойынша жұмыстың үш кезеңін ажыратады:

  1. Дайындық немесе демонстрация алдындағы кезең (pre-viewing);
  2. Бейнежазбаны немесе демонстрациялық кезеңді қабылдау (while-viewing);
  3. Негізгі мазмұнды немесе демонстрациядан кейінгі кезеңді (post-viewing) ;

1-кезеңде: Оқушылардың бейнежазбаның атмосферасымен таныстыру, оны көруге мотивация туғызу. Ол үшін келесі жаттығуларды қолдануға болады. Тақырып бойынша бұрын алған білімдерін жалпылауға, тақырыпты талқылауға, мәтін мазмұнын болжауға арналған тапсырмалардың әртүрлі нұсқалары орындалады. Тапсырма мысалдары:

–  мәтіннің тақырыбын оқып, осы мәтінде нені талқылауға болатынын анықтауға тырысу

–   тақырып пен сұрақтар бойынша бейне фрагменттің мазмұнын болжауға тырысу

–  осы бейнежазбада кездесетін жаңа сөздердің тізімін қарап, олардың негізінде сюжеттің тақырыбын анықтаңыз және осы мәтінде болуы мүмкін бұрыннан білетін сөздер мен сөз тіркестерін естеріне түсіру

2-кезеңде: Екінші кезеңнің мақсаты – фильмнің мазмұнын, тақырыбын оқушылардың түсінуі, оқушылардың сөйлеу, ойлау әрекетін белсендіру. Жаттығу түрлері:Тапсырма мысалдары:

–  стоп кадр («үнсіз қарау») фильмнің бір бөлігін дыбыссыз көрсету, оқушылар кейіпкерлердің не туралы айтып жатқанын болжау керек)

–     оқиғалардың әрі қарай дамуын болжау;

–     бейнежазбаның мазмұнын түсіндіру;

3-кезеңде: Оқушылардың сөйлеу әрекетін ұйымдастыру. Сөйлеуге үйретуге бағытталған жаттығулардың түрлері:

–        фильмді тұтастай талқылау;

–        фильмге сын;

–        рөлдік ойындар;

–        диалог құрастыру

–        пікірталас

 

Қорытындылай келе, ағылшын тілі сабағында бейнежазбаны қолдану бүгінгі таңда оқу процесінің ажырамас бөлігі және мұғалім жұмысындағы нақты көмекші болып табылады. Оны қолдану тіл үйренуге деген қызығушылықты арттырып қана қоймайды, сонымен қатар оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *