Менің мамандығым – тәрбиеші

Бүркітбаева Зәуре Кенжетайқызы

Менің мамандығым – тәрбиеші

 

Уақыт, қоғам және адамдардың қарым-қатынастары өзгереді, дегенмен педагогтың, тәрбиешінің рөлі адам ретінде ғана емес, сонымен қатар тұлға ретінде өзгермей қала береді. Университетке тапсыратын кезімде мамандық таңдау мен үшін қиын болмады. Мамандық – ол  адам үшін өмір бойы жейтін наны, қоғам алдындағы сауапты ісі, сол себепті біз мамандық таңдағанда қателеспей, бізді бақытты ететін мамандық таңдауымыз қажет.

Әрбір адам өзі үшін өмірдегі орнын анықтайды, қуаныш пен шаттыққа бөлейтін және ләззат алып, өзінің білімін, талантын, мақсаттары мен армандарын жүзеге асыратын сүйікті ісін табады.

Егер адам өз ісін жақсы көрсе, онда қуанышпен және құштарлықпен нәтижелі жұмыс жасайды, кәсіби жоғарылайды және жақсы нәтижелер мен табыстарға қол жеткізеді, міне, осы мамандық таңдаудағы ең басты сұрақтың шешімі. Ешкімге құпия емес, сүйікті ісіңмен айналыссаң көзің жайнап, ұшқындар пайда болып, жаның жарық сәулеге толады.

Адам өмірінің мәні – үздіксіз даму және жетілу. Бақытты болу үшін өзіңді табуың қажет. Қазіргі таңда қаншама мамандық бар? Дәрігерлер, педагогтер, құрылысшылар, аспазшылар, суретшілер, сатушылар, бағбаншылар, шаштаразшылар, дизайнерлер және тағы да басқа. Кез-келген адам мамандығын жанымен және қалауымен таңдай ма? Біраз ойлануды талап етеді… Менің ойымша, егер таңдаған ісіңді шын жүрегіңмен, махаббатпен, әділ орындасаң және онсыз өмір сүре алмасаң, жасай бергің келсе, басқаларға көмектессең, онда сен өмірдегі өз орныңды тапқаның болып есептеледі.  Ал егерде бұл әдетке айналған болса,ешқандай шығармашылық әлеует, кәсіби өсу жоқ болып, бәрі тек қана мансап үшін немесе көп ақша табу үшін болса, онда бұл жай ғана қарапайым және әдетке айналған жұмыс.

Жеке өз басым үшін мамандық таңдау кеннеттен жасалған әрекет болған жоқ. Бала күнімнен кішкентай балаларға деген мейірімім ерекше еді. Туған-туыстарымның және көрші-қолаңдардың балаларына қарасып, балалармен көңілді уақыт өткізу мен үшін бақыт болатын. Балаларға ертегі айтып, олармен соқыр теке және түрлі-түрлі  ойындар ойнап  қызықты күндерді өткізгендерімнің бәрі есеімде. Сол бала кезімде өскенде тек баллармен ғана жұмыс жасайтын мамандық таңдаймын деп шешім қабылдадым. Өйткені, олар сондай ерекше, сүйкімді бүлдіршіндер, сенің көзіңе шынайы қарайды және сенен қорған, түсіністік, көмек күтеді.

Бәрі де балалық арманнан басталады! Ал арман әркімде әртүрлі, әрқалай.

Міне, балалық шағымда мен осы мамандықты таңдап қойдым және анамда бұл ойымды құптады. Мен тәрбиеші сабақ беріп, әртүрлі мерекелер мен ойындар ұйымдастыру керек екендігін білмеген екенмін. Ал, ең бастысы балалар ұжымын біріктіру. Ойлап қараңыз, бір тәрбиеші шуылдаған, қызықты көп бала-шағаға шамасы келу керек. Себебі, топтар балаларға толы.

Балалар беретін жылулықты, мейірімді немен өлшеуге болады? Бала-бақша – бұл кішкентай баланың бағынышсыз өмірдегі ең алғашқы қадамы.

Сәтті балалық шақ және кішкентай адамның алдағы тағдыры, көбінесе тәрбиешінің данышпандығынан, үлкен төзімділігінен, мейірімді назарынан, шығармашылық әлеуетінен және кәсіби шеберлігінен тәуелді. Әрбір баланың жанында тәрбиелейтін, білім беретін, баланың маңайына  балалықтың игілікті, отбасы жағдайын, достық және эмоционалды жайлылық құратын тәрбиешінің болғаны өте маңызды. Тәрбиеші жақсы мәнерімен ғана емес, сонымен қатар, білімімен, мейірімділігімен, жаңашылдығымен, кәсібилігімен ерекшеленуі керек. Педагогтар баланың бойына жастайынан адагершілік қасиеттерді қалыптастыратын бірден-бір тұлға.

Ең бастысы, бұл балаларға деген сүйіспеншілік, әрбір балаға өзімен-өзі болуға, оның барлық жақсы қасиеттерін көрсетуге көмек беріп, әрбір  жаңа күнге қуануға үйретіп, өмірде өзін табуға, беріспеуге және жеңуге мүмкіндік беру керек. Біздің өмір өте қиын, әр қашанда балаларға жағымды әсер ете бермейтін үнемі әртүрлі көптеген жағдайлар болып тұрады, сол себепті, балалар тәрбиешілерден ерекше назарға, жылулыққа, сүйіспеншілік пен қамқорлыққа зәру. Бала-бақшада жұмыс жасайтындардың әрбірі үшін, бала-бақша ең басты мақсат – табысты тұлғаны тәрбелеуді жүзеге асыратын өз үйіндей, тағдырындай болуы тиіс. Бала мына бізден көп жаңаны және қызықты танып біледі. Әрбір балаға пайдалы болу, оны түсіну және оның анасы жұмыста кезінде оған екінші ана болу, сонымен бірге қарапайым дос болу қандай үлкен бақыт десеңші. Кішкентай адам кім болмасын: суретші, почташы, жазушы, сатушы, құрылысшы, хирург, ғалым және т.с.с. біз мынаны есте сақтауымыз керек, барлық балалар өздерінің мақсаттарына бірінші көмекшілері «тәрбиешісіз» қол жеткізе алмайтын еді. Ең бастысы мамандық болмауы мүмкін, бірақ тәрбиеші болып туылу керек. Тәрбиеші үлкен әріппен жазылатын, күнде балаларға қуаныш пен жылулық сыйлап және балалардың жүрегін сүйіспеншілікпен толтыратын сөзсіз жүрегі мейірімді жандар. Біздің мамандық сыйлы, жарық және мейірімді. Міндетті түрде, баланы сол күйінде қабылдап, жақсы көру керек, сол кезде әрбір баланың жүрегі мен жаны сіздің алақаныңыздай ашылып, оның барлық қабілеттері мен таланттары ашылады. Балаға өзін-өзі құрметтеуді, сенімді болуды үйрету керек, үміт пен оны қалай жақсы көретініңізді көрсету керек. Әрбір бала ең бастысы, басқалай ерекше, өзіне жақын бойындағы қабілетін тануы. Себебі, кез-келген бала ерекше, данышпан. Әрбіріміз білуіміз керек, баланың жүрегі мен жаны ашық. Маған өзімнің тәрбиеленушілеріммен және ата-аналарыммен тілдескен ұнайды. Мен өзімнің дұрыс таңдау жасағаныма, менің мамандығымның мені тапқанына шексіз бақыттымын және өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге өзімнің үлесімді қоса аламын. Өзімнің мейірімді анама және маған жол көрсетушілерге, педагогтерге, менің педагогикалық мансабымды бастауға көмектескендері үшін үлкен рахмет айтқым келеді! Менің шыныменен жолым болды, өйткені мені қоршаған барлық педагогтер шынында да кемеңгер, шығармашыл болды және маған өз жұмысымды және балаларды жақсы көруді үйретті, онсыз болмас еді. Мектеп жасына дейінгілермен жұмыс істеп, мен шынымен өз жасымды елемеймін. Жеке мен үшін менің балаларымды не толғандырып, мазалап және қуантатыны маңызды. Демек, мен он жыл бойы дұрыс жолмен жүріп келемін. Егер де өмірді қайта бастауға мүмкіндік болса, мен ойланбастан тәрбиеші мамандығын таңдар едім.

Міне, осылай айтуға болады, нағыз тәрбиеші ашық жарқын және мейрімді жүректі болуы керек. Тәрбиеші ұқыпты және кең пейілді, ұйымшыл және жауапты, қабілетті және байсалды, тап-тұйнақтай және шыншыл, бастамашыл, өнерлі және белсенді, талантты болуы керек. Мен әрбір балаға оларды жарқын, мейірімді болуға және қиын жағдайларда өмірлік күш беретін және дұрыс шешім қабылдайтын жақтарды ұсынамын. Бала өмірдің шам-шырағы, оларға жақсы тәрбие беру сіз бен біздің міндетіміз!

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *